Миллионер
Әрбір сәтсіздік – жеңіске жасалған қадам
![](https://balbal.kz/wp-content/uploads/2019/04/5dc7cbe4e41d36b1af1d4c7ef76af4c4-quality_70Xresize_crop_1Xallow_enlarge_0Xw_1200Xh_643.jpg)
Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп, — деген Пауло Коэльо. Рас, бүгінде адамдардың ой-мақсаттарына қол жеткізуіне кедергі келтіретін себептердің бірі және бірегейі – табысқа жету алдындағы қорқыныш. Алайда сәтсіздікті жау емес, ұстаз деп қабылдаған жөн. Balbal.kz порталы сәтсіздік туралы сәтті айтылған ойларды топтастырды. Оқып көріңіздер.
- Әрбір сәтсіздік – жеңіске жасалған қадам.
- Сәтсіздік адамға жеңіске жетуге бойыңдағы бір дүниенің кедергі болып тұрғанын көрсетеді.
- Сәтсіздік жеңу үшін жетіспейтін нәрсені көрсетеді.
- Әрбір сәтсіздіктің себебі өзіңде жатыр.
- Сәтсіздікке біреуді кінәлауға болады немесе сабақ алуға болады.
- Жолы болмайтын адам жоқ, тек жеңілуден қорқатындар бар.
- Мақсатыңа жету үшін еңбек етуге дайын болмасаң, бұл сенің жеңілісің.
- Сенің орныңа біреу жеңіске жетеді деп ойласаң, жеңілдің деген сөз.
- Ешкім сәтсіздік секілді адамның мінезін қалыптастыра алмайды.
- Сәтсіздікке ұшырасаң, себебін түсін де, басынан баста.
- Егер адамда ақыл-парасат болмаса, сәтсіздікке ұшырайды.
- Егер адам өз іс-әрекетін жоспарламаса, сәтсіздікке бір табан жақындайды.
- Сәтсіздікке қарамай, басты мақсатына қадам жасай білетін адам ғана табысқа кенеледі.
- Жалқаулық – сәтсіздіктің серігі.
- Қиын жолды таңдасаң әр ісіңе мұқият қарап, сақ болуың керек.
- Егер алдыңнан шыққан мәселені шешпесең, жеңіліс бір табан жақындайды.
- Әлсіздіктің соңы сәтсіздікке апарады.