Біліп жүр

Ozon Education: Компания ұсынған тегін курстар

Ozon Education жайлы білесіз бе?

Ozon – ресейлік интернет-дүкен. Компания 1998 жылы құрылған. Бүгінгі таңда «Ozon» арқылы 9 миллионнан астам тауар түрлері сатылады. Дүкен Ресейдегі үлкендігі бойынша үшінші орында. Сонымен қатар ТМД елдері де интернет-дүкеннен сауда жасай алады. Компания сауда саласынан бөлек білім беруде де қызмет етіп келеді. «Ozon Education» жастар мен балалар, ересектерге арналған тегін курстарды ұсынып отыр.

         Ozon Academy

Бұл — балаларға арналған білім беру платформасы. «Ozon Academy» курсы арқылы 7-17 жас аралығындағы балалар топта жұмыс істеуді үйреніп, ІТ саласы және ағылшын тілі бойынша сабақтар алады. Әр топ 8 баладан құралады.

Курстың мақсаты жастардың бойында сыни ойлау қабілетін дамыту және алгоритмдік есептерді шығаруға баулу болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мұғалімдер тобы тек кәсіби мамандардан құралған. Сабақ форматын ата-ана өзі таңдай алады. Бала ғаламтор арқылы онлайн форматта немесе «Ozon» компаниясының кеңсесінде білім алуға мүмкіндік берілген. Курс соңында қатысушылар өз жобаларын дайындап, нәтижесін көрсетеді.

Ozon New Skills

Ozon New Skills – ересектерге арналған курс бағыты. Мұнда негізінен бизнес, сараптама, ІТ-саласы бойынша білім беріледі. Сайт арқылы курс түрін таңдап, тіркеле аласыз.

«Ozon New Skills» негізгі төрт бағыттан тұрады: «Python» жүйесімен жұмыс, Web-парақша дайындау, сараптама жасау негіздері және «Frontend». Курс онлайн форматта өтеді. Сабақтың жазбасы сақталып, қайта көруге мүмкіндік берілген. Сонымен бірге қатысушылар компаниядан төленетін тағылымдамадан өте алады. Курс кезінде тегін вебинарлар мен шеберлік сыныптары өткізіледі.

Ozon Masters

«Ozon Masters» – ақпаратты сараптау саласы бойынша білім беретін бағдарлама. Курс негізгі екі бағытты ұсынады: Data Science негізінде теориялық білім беру және Business Intelligence арқылы практиалық кейстермен жұмыс істеу.

Data Science пен Data Engineering теориялық және практикалық сабақтар негізінде мәліметтерді сараптауды үйретеді. Ал Business Intelligence арқылы қатысушы бизнес саласында терең сараптамалар жүргізуді игереді.

GO мектебі

GO – «Google» компаниясы жасап шыққан көпағымды программалау тілі. Бүгінде «GO» жүйесін көптеген ІТ-компаниялары қолданады. Сонымен қатар 2020 жылы сұранысқа ие программалау жүйесінің қатарына енген. Курс негізгі үш түрге бөлінеді. Алғашқы екі түрі «PHP» және «C++» программалау тілдері негізінде білім берсе, курстың үшінші түрі «GO»-ды толық меңгеруге бағытталған.

«Ozon Education» тегін курсына қатысу үшін өтінішті ресми сайт арқылы бере аласыз. Мұнда ең көп қойылатын сұрақтардың жауабы да көрсетілген.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!