Біліп жүр

Инвестициялау жайлы білім алуға болатын тегін курстар

Инвестиция жайлы тегін курстар

Инвестициялау арқылы бірден табыс табу мүмкін емес. Бұл үшін тәжірибе мен мол білім қажет. Егер инвестиция жасаудың негізін білмесеңіз, үлкен шығынға ұшырауыңыз да мүмкін. Мұның алдын алу үшін Balbal.kz инвестиция жайлы білім алуға болатын тегін курстар тізімін назарыңызға ұсынады. Курстар орыс тілінде жүреді.

Азбука финансов

Курс жеке қаржыңызды басқаруды үйретеді. Сабақтарды Томск мемлекеттік университетінің доценті Валерия Цибульникова жүргізеді. Оның биржа нарығындағы тәжірибесі 11 жылды құрайды. Жалпы ұзақтығы 72 сағатқа тең 29 дәрістен тұрады.

Дәріскер инвестиция жасау мен ақша жинаудың айырмашылығын түсіндіреді. Негізгі құралдар жайлы айтып, инвестициялық стратегия құруға көмектеседі. Курс тек дәрістен ғана тұрмайды. Мұнда тапсырмаларды орындап, қорытынды жұмыстан кейін сертификат ала аласыз.

Акции и облигации

Курсты «Khan Academy» білім беру ұйымы жасаған. Нарықтың қалай жұмыс істейтінін, сенімді компанияны таңдау жолдарын білесіз.

Сабақтар видео түрінде ұсынылған. Әр қайсысы 5-15 минут аралығын құрайды. Барлығы 39 сабақ бар. Дәріскер түрлі практикалық мәселелердің шешімін тауып, тақырыптарды мысалдар негізінде түсіндіреді.

Первые шаги на бирже

Курс қор биржасына аяқ басқандарға арналады. Бір сабақ бір тақырыпты қамтиды. Барлығы 5 сағатты құрайтын 5 дәріс бар. Олар: инвестиция жасаудың негіздері, брокер таңдау, инвестициялық активтер, жеке инвестициялық есепшот, портфель стратегиясы.

«Школа инвестора» мектебінің бұдан бөлек курстары бар, Мәселен, инвестидея табудың жолдары, алтыннан пайда көру және т.б.

А как инвестировать

Курсты «Тинькофф-журнал» редакциясы жасаған. Әр өтілген сабақтан кейін шағын тест бар. Курс соңында 15 сұрақтан құралған емтихан тапсыру қажет. Курсты сайт арқылы және мобильді қосымша арқылы да оқуға болады.

Барлық тақырыптар өз ретімен өтуі қажет. Бір сабақты қалдырып кетсеңіз, қалғандары түсініксіз болады.  Курс 5-10 жыл көлемінде инвестициялау арқылы табыс тапқысы келетіндерге арналған. Бұл салаға енді келгендерді брокер таңдауға, есепшот ашуға, бағалы қағаздарды сатып алуға үйретеді.

Valuation

Курсты Нью-Йорк университеті жанындағы Стерн бизнес мектебінің профессоры Асват Дамодаран жүргізеді. Барлығы 10-20 минутты құрайтын 25 бейнесабақтан тұрады.

Дәріскер қарапайым мысалдар арқылы инвестициялаудың қыр-сырын үйретеді. Орыс тіліндегі нұсқасы «Youtube» желісінде бар. Мұнда кей терминдер дұрыс аударылмаған. Мысалы, акционерлерді «инвестор» деп атайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!