Cіз 1 минутта неше сөз оқисыз? Жалпы көрсеткіштегідей 120-180 сөз шамасы болар. Бірақ біз 60 секундта 600-1000 сөз, ал 7 күнде 7 кітап оқи аламыз. Ол үшін не істеу керек?
Кітап таңдай біліңіз
Кітапты қабына қарап таңдамаңыз. Ешқашан жақсы кітап үшін ақша аяудың қажеті жоқ. Ал керісінше қымбат кітап қызықсыз болса, уақытыңыз бен энергияңызды зая кетірмей, оны оқымаған абзал.
Артық ақпараттан аулақ болыңыз
Бір бетті бірнеше рет оқыған кездеріңіз болған шығар. Ол сіздің көп ақпаратты жадыңызда сақтағаннан. Сондықтан бар назарыңыз кітапта болсын. Регрессиядан арылыңыз.
Лайфхактар
- Есте сақтау қабілетіңізді жақсартыңыз. Ол үшін жетісіне 1 өлеңнен жаттаңыз. Бос уақытта шет тілдерін үйреніңіз.
- Жылдам оқу әдісіне көшуден бұрын өз жылдамдығыңызды анықтаңыз, кейін жеткен жетістігіңізді байқай аласыз.
- Оқу кезіндегі қалпыңызды дұрыс ұстаңыз. Оған қоса қатты жарық болмауына көңіл бөліңіз.
Жылдам оқудың негізгі әдістері
- Перифериялық көру қабілетіңізді жетіктіріңіз. Ол үшін бір нүктеге басты назар аудара отырып, оның жан-жағындағы заттарға көз жүгіртіп көріңіз.
- «Миллионер» әдісін қолданыңыз . Мысалы сізге біреу маңызды хат қалдырды. Бірақ оны ашқаннан кейін 1 минуттан соң сиясы жоғалып кетеді. Әрине, сондай кезде сіз тез оқуға тырысасыз.
- «Астық жинау» әдісі. Әрбір оқыған мәліметіңіз бойынша мазмұнын айтып беріңіз немесе сол туралы шағын эссе жазыңыз.
- Басында сөз, сөз тіркесі, одан кейін көлденең және диагональ бойынша оқыңыз. Оқу барысында кітапты қолмен жүгіртіп отыруды да ұмытпағайсыз.
- Оқиғаны сұрақ қою арқылы талдап есте сақтаңыз. Солайша назарыңызды тың ақпаратқа жұмсай аласыз.
- Параллельді түрде ойлап, не болмаса 2 кітапты бір уақытта кезектеп оқыңыз.
- Түсініксіз сөздерді түртіп алыңыз, олар сөздік қорыңызды арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар оқыған кітабыңыздың пайдалы тұстарын өмірде де қолдануға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат
- “Скорочтение” қосымшасы арқылы 20 түрлі жаттығумен айналасуға мүмкіндік аласыз. Өзіңіздің оқу жылдамдығыңызды 14 күнде 150 пайызға арттырасыз.
- Павел Палагиннің «Скорочтение на практике» кітабын оқу арқылы көптеген практикалық жаттығуларға қол жеткізесіз.
- «Скорочтение» атты Питер Камптың кітабының 40 пайызы практикалық жаттығулар, дайын күнтізбелік кестеден тұрады. Сол арқылы жинақылыққа бейімделесіз.
Ең бастысы, барлығы сіздің қолыңызда екенін ұмытпағайсыз. Еріншектіктен арылып, өзіңізді алға жетелеңіз.
Дайындаған: Зере Нұрымжанова