Ақшаны өзіңізге тарту үшін оған ерекше ілтипат көрсетілуі керек. Бұл дегеніңіз теріс энергияны тартатын немесе шығаратын заттардың қасында ұстамау. Қытайлық фэн-шуй мектебінің өкілдері кез келген заттың энергиясы болатынын айтады. Осы тұста ақша тұратын әмиянға салынатын басқа заттарға ерекше мән беру керек.
Олар:
- Бос әмиян. Ақшаны өзінен алыстатын бос әмиян. Бұлай болмауы керек. Ақшаны ақша шақыратынын жадыңызда сақтаңыз.
- Түбіртектер. Әртүрлі төлем жасалған түбіртектердің ең көп тұратын жері – қолымыздағы әмиян. Олар сізге келетін ақшалардың жолын кеседі деген түсінік бар. Себебі түбіртектегі ақша – сізден кеткен қаражат.
- Ескі әмиян. Әяминнің ескі не сізге дейін қолданылған болуы теріс энергия шақырады. Сол себепті, ең әуелі, ішіне емес әмияннің өзінің сапасына мән берген жөн.
- Мерзімі өткен карталар. Оларды әмиянда сақтаудан аулақ болыңыз. Фэн-шуй түсінігі бойынша кез келген мерзімі өткен карталар ақшаны алыстады. Не болмаса, сізден шығынның көп шығуына себепкер болады.
- Дәрі-дәрмек. Әсіресе әйел кісілердің әмиянында көп кездеседі. Алайда бұл әрекет те қате. Ол ақша энергиясы мен денсаулық психикасының нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін.
- Бүлінген банкноттар. Біз ақшаны өзімізге тарту үшін түрлі банкноттарды әмиянымызда сақтап жатамыз. Дұрыс. Дегенмен оның түр-сипатына мән берген жөн. Егер ол бүлінген не нашар сақталған болса, теріс энергия шақыруы мүмкін деген түсінік бар.
«Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады»
Роберт Кийосаки
Оқи отырыңыз: «Герберт Кэссон: Ақшаны қолдануға арналған 12 ереже»
Сонымен жоғарыда фэн-шуй түсінігі бойынша ақша шақырудың маңызды тәсілдерін көрсеттік. Бастысы әмияныңызда артық заттарды сақтамай, жинақылық энергиясын сақтасаңыз болғаны.
Дайындаған: Қуантай Жолдасбеков