Біліп жүр

Тыңшылық қызмет: журналистер компания жайлы ақпараттарды қайдан алады?

Тілшіге дұрыс жауап беру жолдары

Тыңшылық қызмет – журналистерге жүктелген міндеттердің бірі. Баспасөз бен телевидениеге сюжет дайындайтын журналистер үшін 5 ақпарат көзі бар. Кейде айтылмаған, жазылмаған деректерді медианың қалай тауып алатыны қызықтырады. Balbal.kz мотивациялық сайты ақпаратты тілшілерден құпия сақтап, жария етпеудің жолдарын ұсынады.

1-ақпарат көзі. Компания басшысы

Ақпараттың негізгі көзі кәсіпкердің өзі немесе оның көмекшісі болуы мүмкін. Алдымен журналист табысты бизнесменнің пікірін сұрайды. Кейіннен оның айтқан сөздерінің рас-өтірігін анықтайды. Қателер мен жалған ақпаратты тауып алады. Сол үшін журналистпен сұхбатқа тыңғылықты дайындалыңыз.

1.Тілшінің тарапынан қойылатын сұрақтардың тізімін алдын-ала сұрап алыңыз. Оған қалай жауап беретініңізді пиар-маманымен ақылдасыңыз.

2.Соңғы бес жыл ішіндегі жарияланымдарды тексеріп шығыңыз. Бұрын- соңды берген сұхбаттарыңызды тағы бір қарап шығыңыз. Кеше және бүгін айтылатын әңгімелеріңіз бір-бірімен сәйкес келу керек.

3.Журналистке дәлелдемелер ұсыныңыз. Олар есептерден, ресми хаттардан және құжаттардан табылуы мүмкін.

4.Орынбасарыңызға журналистің келетінін ескертіңіз. Оларды да жағдайға дайындаңыз. Себебі журналист қосымша сұрақтар қоюы әбден мүмкін.

Сұхбатқа пиар-менеджерлердің де қатысқаны дұрыс. Егер сіз сұраққа нақты жауап бере алмасаңыз, онда пиар менеджермен ақылдасыңыз. Кейін соған жауап беріңіз.

Нені жасауға болмайды?

1.Ойыңыздағыны нақты жеткізіңіз. Әрбір сөз компанияның абыройы үшін маңызды.

2.Бәсекелестеріңіз жайлы әңгіме қозғамаңыз. Камера өшірілді делік. Бірақ жасырын құралдармен де барлығын жазып алуы мүмкін.

3.Сұрақтан қашқақтамаңыз. Тілшіге дөрекі сөйлемеңіз. Провокацияға берілмеуге тырысыңыз.

2-ақпарат көзі. Сіздің жұмысшыларыңыз

Журналистердің 90%-ы сіздің жұмысшыларыңыздың пікірін білгісі келеді. Сондықтан оларға мына сұрақтарды жиі қояды:

Компания қалай жұмыс істейді?

Қызметкерлерді еңбек жағдайы қанағаттандырa ма?

Пиар-менеджер әр қызметкерді ережелермен таныстыруы керек. Онда не жазылады?

Кім ақпарат бере алады?

Нені талқылауға болады?

Қандай тақырыптағы әңгімелер коммерциялық құпияға жатады?

Жұмысшыларға журналист келетінін ескертіңіз. Олар камерадан қорықпау керек.

Нені жасамау керек?

1.Қызметкерлеріңізді жасырмаңыз. Қосымша сұрақтарға жауап беруіне қарсы болмаңыз.

2.Олардың әр сөзін бақылауда ұстамау керек.

3-ақпарат көзі. Жергілікті билік.

Кейде жергілікті билік көп нәрседен хабардар болуы мүмкін. Ал журналист міндетті түрде олардан сіз жайлы ақпарат сұрайды.  Олардың пікірін білгісі келеді. Сондықтан пиар-менеджеріңіз жергілікті билікпен жақсы қарым-қатынаста болсын. Сол кезде уайымдайтын ештеңе жоқ.

Сіз не жасауыңыз керек?

Оларға тілшілер келетінін ескертіңіз. Қойылатын сұрақтарды жергілікті билікке жіберіңіз.

Не жасамауыңыз керек?

Биліктегілерге қоқан-лоқы көрсетудің қажеті жоқ.

Басқа ақпарат көздері

  1. Бақылаушы органдар;
  2. бәсекелестер;
  3. клиенттер;
  4. инвесторлар;
  5. тұрақты тұтынушылар;
  6. ашық ақпарат көздері (ғаламтор жүйесіндегі деректер);
  7. әлеуметтік желілер (компанияның, қызметкерлердің жеке парақшасы, сайты);
  8. баспасөздегі жаңалықтар;
  9. мұрағаттан табылған қағаздар, материалдар.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!