Біліп жүр
Американың байырғы тұрғындары: үндістер қандай халық?
Американың тарихынан хабардар болыңыз
Американың бұрыннан мекендейтін нағыз тұрғындары – үндістер. Бұл атау XV ғасырдың аяғында алғашқы еуропалық матростардың (Христофор Колумб және басқалары) ұсынуынан пайда болды.
Антропологиялық тип бойынша үндістер америкалық нәсілге жатады.
Үндіс тайпалары
Солтүстік Америкада 400-ге жуық үндіс тайпалары өмір сүрді. Олардың әрқайсысы әртүрлі тілдерде сөйлейтін. Пиктографиялық жазбаларды қолданатын. Сауда тілі тайпааралық чикасо тілі – «мобиле» болды. Кей тайпалар коммуникация орнату үшін ым-ишараны да қолданды.
ХV ғасырға дейін Солтүстік және Оңтүстік Американың көптеген тайпалары таптық жүйенің әртүрлі кезеңдерінде болды: кейбіреулерінде матриархат үстемдік етті (Ирокуа, Мускоги, Хопи, Амазонка өзенінің бойындағы көптеген тайпалар), ал басқаларында әкелік рулық болды. (Солтүстік Американың солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс тайпалары, Оңтүстік Американың көптеген тайпалары).
1826 жылы Чероки тайпасының көсемі Секоия Чероки буындық алфавитін құрды, ал 1828 жылы чероки тілінде «Чероки Феникс» газетін шығара бастады.
Үндістердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі
Дүниежүзі халықтары үндістерден жүгері, картоп, қызанақ, күнбағыс, какао, мақта, темекі, бұрыш, бұршақ, жержаңғақ, агава, т.б. бірқатар жеміс-жидек түрлерді өсіруді үйренді.
Еуразия халқы картопты өсіруді үйрену арқасында аштықты еңсерді. Кейінірек жүгеріні малға жемшөп ретінде берді.
Үндістер үй күркетауықтары мен гвинея шошқаларын өсірді. Жұпар үйрек ұстады. Ара тотықұсын бағып, ламалар мен альпакалардан жүн алды. Сонымен қатар бірнеше ит тұқымдарын бақты.
Солтүстік Америкалық үнділерінің кейпі әдебиет пен кинодағы романтикалық бағытқа қатты әсер етті.
Колонизация немесе геноцид
1492 жылы 12 қазанда Колумб 90 адамнан тұратын экипажымен Багам аралдарының біріне қонды. Христофор Колумб сол жақтан Испанияға өсімдіктер мен жануарлар түрлерін және алты үндісті әкелді.
1493 жылы Колумб Америкадан 3 каракамен, бортында 1500 адамы бар 17 керуенмен жүзді. Осы экспедицияның көмегімен адамдарға шабуыл жасауға үйретілген мастифтер мен парниктердің үлкен партиясы әкелінді. Жаппай тонау мен ұрлау, жазалау науқандары ұйымдастырылды.
Екінші экспедиция кезінде Колумб алтынды және Кубаның оңтүстік жағалауындағы «Ұлы Қытай хандығын» іздеді, сонымен қатар үндістерді құлдыққа сатты.
Біраз уақыттан кейін испандық монархтар Хуан Агуадоны тексеруге жіберді, ол 1495 жылдың соңында колонизаторлардың қатал саясатының салдарынан үндістердің өлімі туралы хабарлады. Колумб 14 жастан асқан барлық үндістерді тоқсан сайын испандықтарға алтын немесе 25 фунт мақта (алтын болмаған жерлерде) төлеуге міндеттейтін заң қабылдады. Осындай «салықты» төлегендерге соңғы төлем күні көрсетілген мыс таңбасы берілді. Осылайша таңба үш айға өмір сүру құқығын ұзартты. Егер таңбалаудағы уақыт мерзімі өтіп кетсе, онда үндістердің екі қолын кесіп алып, мойнына іліп, қинап өлтіретін.
Ашаршылық басталған кезде үндістер испандар енгізген инфекциялардың оңай олжасына айналды. XVI ғасырдың ортасында «еуропалық» аурудың эпидемиясының салдарынан, іш сүзегі ауруынан шамамен 15 миллион ацтек өлді. Сол кездегі Мексика халқының 80% -дан астам халқы қырылды деген сөз.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында үндіс істерінің бюросы америкалықтардың мектеп-интернаттарын құрды. Бұл институттар ондаған жылдар бойы балаларды өз үйлерінен ажыратып, қысым көрсетті. Балалар ағылшын тілді қызметшілер мен жұмысшылар болуға мәжбүр болды.
Қазіргі таңдағы үндістер
Үндістер — Америка құрлығының байырғы тұрғындары. Алайда олар АҚШ азаматтығын алу құқығын тек 1924 жылы президент Калвин Кулидж тиісті заңға қол қойған кезде алды.
Қазір АҚШ-та бес миллионға жуық үндістер тұрады, бұл ел халқының шамамен 1,6 пайызын құрайды. Үндістердің көпшілігі қазіргі таңда Калифорния штатында орналасқан (шамамен 740 мың), Оклахома (415 мың) және Аризона (366 мың). Лос-Анджелес — Американдықтар саны жағынан ең үлкен қала.
2005 жылы Массачусетс өкілдер палатасы 330 жылдық заңның күшін жойды. Бұл заң үндістердің Бостон қаласына келуіне тыйым салған болатын.
Үндістерге берілетін басымдылық
Жергілікті америкалықтардың жоғары білімге түсуіне басымдылық беріліп, арнайы льготалар қарастырылған. Алайда үндістердің білім деңгейі өте төмен. Америкалықтардың 28 пайызы жоғары білімге ие болса, үндістер үшін бұл көрсеткіш тек 16 пайызды құрайды.
АҚШ-тағы діни бостандық конституцияда бекітілген. Ал үндістерге қатысты діни заңдарды еркін ұстануға мүмкіндік беретін ерекше заң қарастырылған. Үндістердің көптеген жоралғыларында бүркіт қауырсындары қажет, бірақ АҚШ-та бүркіт аулауға тыйым салынады. Үндістер үшін ерекшелік жасалды: тек тайпалардың мүшелері бүркіт қауырсындарын сатып ала алады, бірақ оларды басқа халық өкілдеріне сатуға немесе беруге тыйым салынған.
Үндістердің нақыл сөздері
- Бала – үйіңнің қонағы: тамақтандыр, үйрет, сосын жібер.
- Тек өлі балық қана ағыспен жүреді.
- Өлім жоқ, тек өмір ауысады.
- Отан деген – сен үшін ең жақсы жер.
- Кез-келген адамның мақсаты, кез-келген аурудың емі болады.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова