Біліп жүр

Аятжан Ахметжан: «Мамамдық» емес мамандық таңдайық

Мамандық таңдау бойынша кеңестер

Жыл сайын мектеп бітірген түлектерді де, ата-аналарды да мазалайтын бір сұрақ «Қай мамандық жақсы? Мынадай балмен қай мамандық, қандай университетке түсе аламыз?». Нұр-Сұлтан қалалық «Жастар саясаты» мәселелері басқармасы және  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы пайдалы кеңестерді сараптады. Білім қызметкерлері арасында сауалнама жүргізді. Осы орайда республикалық QAZBILIM  орталығының директоры Аятжан Ахметжан айтқан бірнеше қисынды пікірді ұсынуды жөн көрдік.

Аятжан Ахметжан:

Аятжан Ахметжан
Аятжан Ахметжан

Біріншіден, әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімі шыққан соң оны жақсылап қарау қажет. Гранттың көп бөлінуі ол мамандыққа оқуға түсіп кетуге кепіл бола алмайды. Аз грант бөлінген мамандықты аз адам, көп грант бөлінген мамандықты көп адам таңдауы мүмкін.

Екіншіден, бір мамандықты екі-үш университеттен таңдамай-ақ қойыңыз. Сіз конкурсқа түсудегі мүмкіндігіңізді азайтасыз. Себебі грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді. Шынымен көпшілігі осыны ескере бермейді.

Үшіншіден, әр құжат қабылдаған университет өзін таңдауды, өзінде бар мамандықты таңдауды ұсынуы, тіпті кейбірі «бізді таңдамасаң, құжатыңызды алмаймыз» деп міндетсінуі мүмкін. Бұл заңсыз! Сіз бір қаладан екінші қалаға жүгірмей, өзіңізге ең жақын университетті немесе басқа университетті таңдап құжат тапсыра аласыз. Сосын грант иегерлері тізімі шыққан соң өзіңіз түскен университетке құжатыңызды алып бара бересіз.

Төртіншіден, ауыл, оралман квотасы немесе тағы басқа жеңілдіктер барлық мамандықта бола бермейді. Мысалы, ядролық физика, халықаралық қатынас мамандығында ауыл квотасы жоқ. Сондықтан мұны ескеру маңызды.

Бесіншіден, танымал мамандық таңдап ертең өкініп қалмаңыз. Өзіңіз ең жақсы маман болып шыға алатын саланы таңдаңыз. Хит мамандықтың сапасыз кадрі болғанша, ел менсінбейтін мамандықтың мықты маманы болу – табысқа жетудің төте жолы.

Алтыншыдан, басқа қалада оқуға кеңес беремін. «балам адам болсын десең, сыртқа айда» дейді біздің қазақ. Рас, университетті басқа қалада оқып, сәл де болса ыстық-суықты бастан кешіңіз. Үйдің қасында оқу – жан қинамаудың тамаша әдісі. Бірақ үйіңіз қасыңызда мәңгі тұрмайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!