Біліп жүр

Болашақ стипендиясына қандай өзгерістер енгізілді?

Стипендияға енгізілген 10 өзгеріс

«Болашақ» стипендиясына іріктеу ережесіне 2020 жылдың 6 мамырында жаңа өзгерістер енгізілді. Халықаралық стипендияны бөлу кезінде барлық талапкерлерге бірдей мүмкіндіктер ұсынылған. Барлық квоталық категориялар жойылды. Balbal.kz сайты «Болашақ» стипендиясына іріктеуге енгізілген негізгі 10 өзгерісті ұсынады.

1-өзгеріс

Басымдыққа ие мамандықтар тізімі еңбек нарығындағы сұраныс бойынша жасалынады. Бұл нағыз қажетті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын халықаралық стипендиямен 500 адам шетелге оқуға жіберілетін. Олардың 43%-ы әлеуметтік ғылымдар, экономика мен басқару ісіне, 23%-ы гуманитарлық ғылымдарға арналған программамен жіберілген. Ал жаратылыстану мен медицина ғылымдарына грант саны аз бөлінетін.

Осыған дейін тізім жалпылама түрде жасалды. Тізімге сұранысқа ие мамандықтар енген еді. Алайда грант саны сала ішіндегі бағыт бойынша бөлінбеген. Нәтижесінде талапкерлер кадр саны көп мамандықтарға оқуға түсті.

Жаңа ереже медицина, инженерлік-технология, ІТ-технологиялар саласына бөлінетін стипендия санын көбейтті. Ал әлеуметтік және гуманитарлық мамандықтарға аналған стипендия саны шектеледі.

2-өзгеріс

Талапкер алдымен жетекші оқу орнына шақырылуы керек. Бұл талапкердің осы ЖОО-ның талаптарына сай екенін емтиханға дейін дәлелдеу үшін қажет.

3-өзгеріс

ЖОО-на деген талап та күшейді. «Болашақ» жобасы бойынша ұсынылатын ЖОО тізіміне ену үшін университет топ-50 ARWU, THE, QS, U.S News рейтингтеріне енуі керек.

2020 жылғы нәтиже бойынша бұл тізімге 121 ЖОО енген. Ал 2019 жылы олардың саны 537 болған. Енді стипендия иегерлері халықаралық рейтингке кіретін университеттерге ғана жіберіледі. Бұл заманауи зертханалар мен үздік ұстаздардан білім алуға мүмкіндік береді.

4-өзгеріс

Енді тәжірибеден өту үшін университетке ғана емес, жетекші ғылыми орталықтар мен зертханаларға да баруы керек. Ғалымдарға шетелдік зерттеушілермен ортақ зерттеу жұмыстарын өткізу үшін жеке стипендия қарастырылған.

Оқи отырыңыз: «Ең арзан шетелдік университеттер»

5-өзгеріс

Шетелдік ЖОО шақыртуына ие болған талапкерден GPA талап етілмейді. Егер университеттің GPA талабына сай болса, іріктеу кезінде одан GPA сұралмайды.

6-өзгеріс

Үміткерлер енді 6 кезең бойынша емтихан тапсырмайды. Олардың саны үшке дейін қысқартылды. Емтихан барысындағы нәтижелерін талапкер автоматтандырылған жүйедегі жеке кабинеті арқылы бақылай алады.

7-өзгеріс

Енді шет тілден тест тапсырудың қажеті жоқ. Шетелдік университетке оқуға түсу үшін талапкер IETLS, TOEFL секілді сертификаттарды ұсынады.

8-өзгеріс

Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының құрамы 3 адамнан 5 адамға дейін көбейді. Сұхбаттасу Президенттік кадрға іріктеу үлгісі негізінде автоматтандырылған жүйе арқылы өтеді.

9-өзгеріс

Тілдік оқыту ауылдық аймақтан келген үміткерлер үшін ғана өтеді. Сонымен қатар тілдік оқыту Қазақстанда өткізіледі. Бұл шығынды азайтады.

10-өзгеріс

Квоталық категориялар толығымен жойылды. Соңғы үш жылда квота арқылы оқуға түскен талапкерлер 32%-ды құраған. Енді барлық үміткерлер тең дәрежеде емтихан тапсырады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!