Біліп жүр

Нейминг: Бизнесіңізге ат қоюдың әдістері

Брендіңізге жақсы ат табу

Нейминг – тауарға ат қою. Брендтің аты неғұрлым сәтті шықса, сатылым деңгейі мен компанияның жылдам танылауына әсер етеді. Нейминг қарапайым және ерекше болса, клиенттің есінде қалады. Назарыңызға компанияға ат қоюдың жолдарын ұсынамыз.

Компанияны құрушының атымен атау

Неймингтің танымал әдістерінің бірі. Атаудың негізі компанияны құрған адамның есімінен болады. Бұған бірнеше сәтті мысалдарды келтіруге болады: Kira Plastinina, Ford, Gillette, McDonald’s, Procter&Gamble. Мұндай атау тым ақылға қонымсыз болмауы керек. Сонымен қатар бұрыннан бар брендті қайталамағаны жөн. Дизайнер Том Фордтың тегінің белгілі болуы өз брендін қалыптастыруға бөгет болмаған. Ол оған тек өзінің есімін қосты.

Сөздерді алмастыру немесе біріктіру

Түрлі сөздерді және олардың белгілі бір бөліктерін біріктіру арқылы жаңа сөзді құруға да болады. Осылайша сауда маркасына лайықты атау жасайсыз. Мысалы, «Adidas» спорттық киімдер брендінің атауы осы жолмен құрылған. Компанияның негізін салушы Адольф Даслерді достары Ади деп атаған. «Ади» мен «Дастың» қосылуына әлемге белгілі атау пайда болды.

Сөздердің қосылау, бірігуі әсерінен жасалған неологизмде бірнеше кемшіліктер болуы мүмкін. Нейминг нұсқаларын жасаған соң оның адамдарға әсер етуін сараптап алған дұрыс.

Аллитерация

Егер атау белгілі ұйқаспен құрылса, оны есте сақтау оңай болады. Мысалы, Coca-Cola, M&M’s, Chupa-Chups, Snake’n’Bake. Мұндай сөздер қарапайым, кез келген тілде айту оңай.

Аллюзия мен белгі беру

Нейминг арқылы тұтынушыға белгі беретін әдіс. Компания атауы тарихи оқиғаны, белгілі мағынаны береді. Мысалы, «Ағайынды Гриммдер» музыкалық тобының атауы аңыз кейіпкерлері. Әлемдік шағын маркеттер желісі «7-Eleven» өз атауы арқылы жұмыс кестесінің 7:00-23:00 аралығында екенін білдіріп тұр.

 Акроним-атау немесе қысқарту

Бұл – ұзақ атаудан алшақ болудың тиімді әдісі. Сөздерді қысқартып немесе бастапқы әріптерін біріктіру арқылы жаңа атау жасайсыз. Мысалы, ГУМ, IKEA, BMW, NASA. Мұндай атаулар көбіне халықаралық нарықта жұмыс істейтін брендтерге тиесілі.

Метонимия

Метонимия әдісіне «Burger King» мысал бола алады. Өз атауы арқылы жай бургер емес «Король Бургер» екенін айтып тұр. «Starbucks» желісінің атауы да бұл әдіске сәйкес келеді. «Моби Дик» романының басты кейіпкері Старбек кофені жақсы көрген. Ал компанияның логотипі су перісінің негізінде жасалған.

Дыбысты қайталау

Атау арқылы тауарадың негізгі қасиетін көрсете аласыз. Мысалы, «Schweppes»-тің дыбысталуы газдалған сусынның ашылған кездегі дыбысына ұқсас. «Twitter»-дің атауы құстың дауысын қайталап тұрғандай болады.

Құпия мағына

Нейминг кейде құпия мағынаны беруі мүмкін. Тұтынушылар қызық үшін атаудың мағынасы мен құпиясын іздейді. Мысалы, «NIVEA» латын тілінен аударғанда «аппақ» дегенді білдіреді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!