Біліп жүр

Чакрология: Айдана Мәулен 7 чакраның рөлі туралы

Чакрология деген не?

Чакрология ғылымын игерген санаулы қазақ тілді мамандардың бірі – Айдана Маулен. Оның Balbal.kz сайтына ұсынған арнайы ақпаратын назарыңызға ұсынамыз, оқырман!

Айдана Мәулен:

Адам бойында ірілі-ұсақты 1000-нан аса чакра бар. Солардың ішіндегі 7 чакраның өмірімізге тигізер ықпалы ерекше.

Чакралар өз жұмысын дұрыс атқарса, қуатымыз қалыпта болып, гармонияда жүрер едік. Алайда бұл барлығына бірдей бұйыра бермейтін бақыт. Түсінікті болу үшін 7 чакраға анықтама бере өтейін.

7 чакра

Сахасрара төбемізде орналасқан. Бәрінде бірдей ашық тұрған жалғыз чакра. Жаратушымен, тылсым әлеммен байланысқа түсуге жауап береді.

Аджна – маңдайдың қақ орта тұсында орналасқан. Бұны кейде «үшінші көз» деп те атайды. Интуицияға, мақсат айқындылығына, ішкі сенімділікке жауапты. Осы чакра блокта болса, өмірдің мәнін жоғалту, үрейде жүру, ой шашыраңқылығы, ұйқысыздық белең алады.

Вишудха – тамақтағы чакра. Тіл табыса білу, шығармашылық қабілетіңіздің деңгейін көрсетеді. Жабық болу белгілері: шаршау, жалқаулық, сөзден жаңылу, тамаққа тәбеттің тым жоғарылауы.

Анахата – жүрек тұсынан орын алған чакра. Махаббатқа, адамды ғана емес өмірді сүюге, эмоцияға жауапты. Қуануды ұмытсаңыз, анахатам блокта екен дей беріңіз.

Манипура – асқазан астында орналасқан жетістік, билік, байлықтың чакрасы.  Осылардың біреуі де сізде болмаса, демек әлі манипурамен достаса алмай жүрсіз.

Свадхистана – кіндік тұсымыздағы сексуалды қабілеттің чакрасы. Осы чакраны қолға алып, жеке өмірдегі талай түйіткілдің басын қайыруға болады.

Муладхара – құйымшақта орналасқан. Физикалық күш-қуатыңыздың мықтылығын көрсетеді. Белгісі – әлсіздік.

Міне, осы аталғандардың әрқайсы бойымызға 1 %-дан 99 %-ға дейінгі деңгейде сіңеді. Ең жоғарғы көрсеткіштегі чакраңызға қарап, айналысатын кәсібіңізді жаңылмай таба аласыз.

Мысалы, вишудхасы жоғары адамдардан тамаша оратор, ментор сияқты шығармашылық маман иелері шығады.

Чакраларыңыздың пайыздық өлшемін есептеу ешқашан кеш емес. Мұндайда «ештен кеш жақсы» демей ме? Чакра – энергия көзі. Қазір сіз чакраңыздың тек үшеуінен, тіпті, біреуінен (бәрімізде ашық тұратын сахасрарадан) ғана қуат алып жүрген боларсыз. Ойлаңызшы, энергияңыз қазіргі қалпынан еселенсе, қандай күйде боласыз? Менен кеңес алып ауқымды бетбұрыс жасаған жандар жетерлік. «Қазіргі нәтижем, бұрын түсіме де кіріп шықпайтын» деп таңданысымен қоса алғыстарын жеткізіп жатады.

Кейбір чакраларыңыз нормадан мүлдем төмен болса, онымен жұмыс істеуіңіз керек. Жалпы, толық бақытқа еге болғыңыз келсе, 7 чакраны бірдей назарға ала білген жөн.

Дайындаған: Асмира Ермекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!