Біліп жүр

Инфографика жасауға арналған тегін сервистер

Инфографика жасай алмадыңыз ба?

Инфографика жасауға арналған түрлі фоторедактор, қосымша мен платформа бар. Сонда да инфографика жасау кезінде көбіміз қиналамыз. Назарыңызға материалдың сәнін келтіретін инфографиканы оп-оңай жасауға көмектесетін 6 сервисті ұсынамыз.

Google Docs

«Google» платформасының бұл қосымшасы статистикалық мәліметтерді жасауға арналған. «Google Docs» сіз енгізген сұралым арқылы әлем және жергілікті мекен бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынады. Ақпаратты карта, кесте, диаграмманың бірнеше түрі арқылы бейнелеуге болады. Сонымен қатар түрлі түске бояп, керек тұсын ерекшелей аласыз. «Google Docs»-пен жұмысты бастамас бұрын нұсқаулықпен танысып шыққаныңыз жөн.

Easel.ly

Ағылшын тіліндегі ыңғайлы сервис. Кез келген адам осы сервис арқылы инфографика жасай алады. «Easel.ly»-дің тегін нұсқасында:

  • 10 дайын шаблон;
  • 65 инфографикалық белгі, 25 сурет;
  • Jpeg форматында жүктеу мүмкіндігі;
  • 10 түрлі қаріп;
  • Графиктің 4 түрі бар.

Easel.ly арқылы ашық, көзге бірден көрінетін инфографика жасауға болады.

Piktochart.com

«Piktochart.com» сервисінің ақылы және тегін тарифі бар. Тегін тарифіне түрлі графиктер, суреттер қосылған. 10 түрлі шаблонның ішінен өз тақырыбыңызға ұқсасын таңдап алуыңызға да болады. 100-ден аса түрлі символдар мен белгілерді де табуға болады. Ал мәтініңізді түрлі қаріппен тере аласыз. Дайын суретті бірнеше форматта сақтауға және жүктеуге болады.

Canva.com

«Canva.com» сервисінің мобильді телефонға арналған қосымшасы да бар. Оның құрылымы «Piktochart.com»-ға ұқсас. Бірақ «Canva»-ның мүмкіндіктері көбірек. Мұнда дайын шаблондар тақырып бойынша бөлінген. Графиктер мен диаграммаларың да түрі жетерлік. Бір кемшілігі ақылы және тегін құралдар аралас орналасқан. Таңдау барысында сізді шатастыруы да мүмкін. Дайын өнімді «png» форматында жүктей аласыз.

Visme.co

Ағылшын тіліндегі сервистің интерфейсі қарапайым. Бұл сервис арқылы күрделі ақпаратты сурет арқылы бейнелей аласыз. Оның тегін нұсқасына мына мүмкіндіктер енгізілген:

  • Шаблондар мен дайын фон;
  • Бейнежазба түріндегі инфографика жасау мүмкіндігі;
  • Қаріптің түрлері;
  • Графиктер, сызбалар, диаграмма және карталар;
  • Графикалық суреттер;
  • Jpg форматында жүктеу мүмкіндігі.

Следи за графиком

Бұл сервис арқылы ғылыми инфографикаларды жасай аласыз. Оның жұмысы зерттеу жұмыстарына, медицина, онлайн білім беру салалары үшін ыңғайлырақ. «Следи за графиком» сервисінен инфографикалық суреттер мен фон, сызба, қаріптерді, диаграммаларды таба аласыз. Айта кетерлігі, дайын сурет сервистің логотипімен бірге жүктеледі.

Дайындаған: Назархан Уән 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!