Кайл Макдональд атты канадалық жас жігіттің оқиғасын айтып берейік. 2005 жылдың шілдесінде Кайл «Graigslist» сайтына «қызыл қыстырғышты кез келген кеңсе тауарына айырбас жасаймын» деген хабарлама қалдырады. Жақында ғана география саласы бойынша оқуын аяқтаған жігіт сайт баршаға бала кездегі ойынды ойнауға ұсыныс білдіреді. Осылайша оның өміріндегі қызықты оқиға басталады.
Алғашқы айырбас
14 шілде күні Ванкувер қаласында тұратын екі қыздан жауап келеді. Олар Кайлдың қызыл қыстырғышына балық пішінді қалам ұсынады. Дәл осы күні ол Вашингтон штаты, Сиэтл қаласына кезекті айырбасқа аттанады. Қаламды адамның бет-бейнесі секілді жасалған есік тұтқасына алмастырады. Шағын болғанымен, Кайл Макдональд айырбастың жедел қарқынмен жылжып жатқанына қуанады.
Өзгерістер кезеңі
Қарапайым тұтқаға сайт қолданушылары түрлі заттарды ұсынады. Оның ішінде теңізшінің мүсіні, марғаулы мысық та бар еді. Бірақ 25 шілде күні Кайл Массачусетс штатындағы Амхерст қаласына аттануға бел байлайды. Бұл жерде кофеқайнатқышына тұтқа іздеген адаммен кемпингке арналған газ плитасына айырбас жасайды. Осылайша Кайлдың айырбас деңгейі өзгере бастады. Ол жаңа кезеңге өткенін түсінді.
Бірнеше ай өткен соң қыркүйек айында жаңа айырбас орын алады. Калифорния штатындағы Сан-Клемент қаласындағы барбекю кезінде Кайл әскери қызметшіні 1000 ваттық электр генераторына алмастыруға көндіреді. Осылайша ол бала кезінен армандаған электр қуатын өндірушінің иесі атанады. Бірақ мұнымен тоқтағысы келмеді.
Жаңа оқиғалар
Өкінішке қарай, айырбас біраз уақытқа тоқтап қалады. Сайт пайдаланушылары қызық дүниелер ұсынбайды. Бірнеше апта өткен соң, 16 қараша күні электр генераторын бос бөшкесі бар түсініксіз затқа айырбастайды. Бөшке үстінде белгілі сыра атауы бар неоннан жасалған тақтайшасы бар еді. Бірақ келесі күні генератордың жаңа иесінде келеңсіз жағдайға тап болады. Өрт сөндірушілер құрылғының газ бөлетінін анықтаған.
Жаңа кездесу
Кайл Макдональд айырбас аумағын кеңейтуді қолға алады. Ол әкесінің компаниясына жұмысқа орналасады. Бұл компания АҚШ-тың түрлі жеріне жәрмеңке тауарларын жеткізумен шұғылданатын. Кайл өз бөшкесіне «Жылдам сауық кеші» (Instant Party) деген ат қояды. 16-желтоқсан күні Кайл Квебек қаласына белгілі әзілқой, радио-теле жүргізушісі Мишель Барретпен кездеседі. Мишель Кайлдың әрекетіне оң бағасын беріп, өзінің «Ski-doo» маркалы қар кешкішін айырбасқа ұсынады. Айырбас камераның қатысуымен орын алады.
Жаңа деңгей
Бірнеше аптадан соң Кайл қар кешкішін сноубайктер мен қар кешкіштер жайлы журнал ұсынған Жартасты тауға (Як қаласы) екі адамға арналған жолдамаға алмастырады. Журнал өкілдері Кайл қатысқан бағдарламаға бірден хабарласқан. Бұл бағдарламада Макдональд айырбас үшін «Як» (Yahk) деп аталатын қаладан басқа барлық жерге аттануға дайын екенін жариялаған. Себебі бұл сөз ағылшынның «yuck» сөзіне ұқсас және «қандай сұмдық» деген мағынаны білдіреді екен.
Алғашқы көлік
Кайл 2006 жылы кезекті бағдарламаның біріне «Cintas» компаниясының фирмалық жейдесін киіп барады. Осылайша компания басшыларының бірі оны кездесуге шақырып, екі адамға арналған жолдаманы автофургонға айырбастайды. Ал ақпан айында көлік «Metalworks» студиясына аттанады. Ал студия иесі көліктің орнына студиядағы 90 минуттық музыка жазу мүмкіндігін береді.
Рок жұлдызымен кездесу
Айырбас легін жас әнші Джоди Гнат жалғастырады. Студиямен келісімшарттың орнына ол өз үйін бір жыл көлеміне ақысыз жалға береді. Жеке үйі болуын армандаған Кайл мақсатына бір қадам жақындай түседі. Джодидің үй жалға алған бұрынғы көршісі Кайлды өзінің бастығымен таныстырғысы келеді. Қыз жұмыс істейтін мейрамхана рок-жұлдыз Элис Купердікі болып шығады. Мұндай адаммен таныспауды күнә санаған Кайл Элиспен бір сахнаға шығу мүмкіндігіне ие болады. Ал үйдің ақысын төлеуден жалыққан қыз бір жылға тегін баспана табады.
Элис Купер Кайлға «Kiss» рок тобының мүсіндері бар шыны шарды ұсынады. Ал сайтта бірі Макдональдты балағаттаса, бірі мазақ етеді.
Жеке баспана
Әлемдегі шыны шарлардан тұратын ең үлкен коллекция иесі Кайлмен байланысқа шығады. Бұл Голливудтық режиссер Корбин Бренсон еді. Оның топтамасында 2013 жылғы есеп бойынша 8 000 шар болған. Ол Кайлға айырбас ретінде «Public Media Works» компаниясының фильміндегі рөлді ұсынады.
Бұл жағдайдан хабардар болып отырған Канададағы шағын Киплинг қаласының басшылығы Кайл Макдональдқа үй ұсынады. Бағасы $80 000-ға тең 1920-жылы салынған үйді фильмдегі рөлге алмастырады. Кастинг нәтижесінде фильмге қала тұрғыны Нолан Хаббард түседі.
14 кезеңнен тұратын бұл айырбас 26 жастағы жас жігітті екі қабатты үйдің иесіне айналдырады. Кайл қазіргі уақытта жаңа жобалар ұйымдастырумен айналысады. Спикер ретінде де танылған. Әлемнің 40-тан астам мемлекетінде болған Кайл өз өмірі жайлы кітап та жазып шыққан.
Дайындаған: Назархан Уән