Біліп жүр

Логистикалық компания: Әлемдегі үздік топ-7

Әлемдегі топ-7 логистикалық компаниялар

Логистикалық компания жүкті жеткізу, тасымалдау және сақтау қызметттерін атқарады. Мұндай компания кәсіптің дамуына, сатылым аумағын кеңейтуге және жеткізу қызметін жақсарту үшін қажет. Логистикалық компаниямен келісім жасау өніміңіздің тұтынушыға дейін жеткізілуін қамтамасыз етеді. Balbal.kz әлемдегі үздік логистикалық компаниялар тізімін ұсынады.

DHL

DHL
@kapital.kz

DHL Express – германиялық «Deutsche Post DHL» ұйымының көмекші агенттігі. Логистикалық компания әлем бойынша жүк тасымалдау қызметімен шұғылданады. Бұл логистика саласындағы ірі бренд болып табылады. DHL негізгі төрт бөлімнен тұрады: DHL Express, DHL Glоbаl Fоrwаrding, DHL Glоbаl Mail және DHL Supplу Сhain. Компания 1969 жылы АҚШ-та құрылған.

UPS

UPS
@aircargoweek.com

1907 жылы негізі қаланған «UPS» компаниясы жүк тасымалдау саласында маманданған. Бүгінгі таңда транспорт және логистика қызметіндегі ірі әлемдік компанияға айналып отыр. Күнделікті 17 миллионнан астам жүкті 220 елге жеткізеді. «UPS» жеке әуе компаниясына, 237 ұшаққа иелік етеді.

FedEX

FedEX
@www.emex.kz

«FedEX» почта және жеткізу қызметтерін ұсынады. Компания АҚШ-та 1971 жылы «Federal Express» атауымен құрылған. «FedEX»-тің жүк тасымалдайтын ұшақтардан құралған флоты әлемдегі ірі флоттардың қатарына енеді.

SNCF

SNCF
@en.wikipedia.org

Алғаш 1937 жылы 6 аймақтық темір жол компанияларының бірігуі салдарынан пайда болған. Бүгінде «SNCF Group» бес салалық бағытты біріктіріп отыр: SNCF Infra – Франция темір жолын бақылау және қызмет көрсету, SNCF Proximities – жолаушылар тасымалы, SNCF Voyages – жүрдек пойыздарды бақылау, SNCF Geodis – логистика, Gares & Connexions – 3 000 вокзал және станцияға қызмет көрсету.

Kuehnе + Nagel

Kuehne+Nagel
@www.aircargoweek.com

Kuehnе + Nagel International AG – 1980 жылы Германияда құрылған халықаралық логистикалық компания. «Kuehnе + Nagel» әуе және теңіз жүк тасымалы, қойма және логистика қызметтерін ұсынады. Компанияның 109 елде 1 300-ден астам бөлімшесі бар.

DB Schenker

Schenker
@regiolux.de

Бұл – германиялық «Deutsche Bahn AG» темір жол операторының бір бөлімі. Компания әуе, теңіз және көлік арқылы жүк тасымалдау қызметін ұсынады. «Schenker» 1872 жылы Австрияда құрылған. Бүгінгі таңда әлем бойынша 2 000 кеңседе 65 000 жұмысшы қызмет етеді.

Nippon Express

Nippon Express
@charts-stock.com

Nippon Express – жапониялық логистика компаниясы. 1937 жылы жартылай мемлекеттік транспорт қызметі ретінде құрылған. «Nippon Express» Жапония үкіметінің қаржыландыруы әсерінен бірнеше ұсақ темір жол компаниялары мен өзге де бәсекелестерінің қосылуы негізінде пайда болған.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!