Біліп жүр

Лоукостер – үнемді саяхаттау түрі

Лоукостер жайлы естіп пе едіңіз?

Саяхаттау үшін қомақты қаражат керек десеңіз қателесесіз. Арзан және қауіпсіз саяхаттау үшін де мүмкіндіктер көп. Солардың бірі – лоукостер. Balbal.kz сайты материал дайындап, назарыңызға ұсынады

Лоукостер дегеніміз не?

Егер сізге жылдам әрі үнемді түрде саяхаттау қажет болса оның шешімі лоукостер. Билет бағасы шамамен 4000-7000 теңге аралығында болады. Бірақ бұл тек ұшу бағасы. Тамақ, орынды таңдау т.б қосымша қызметтер кірмейді. Тек үстіне ақша төлеп, қалаған қосымша қызметті таңдай аласыз.

Лоукостердің шығу тарихы

Ен алғашқы лоукостер ұшағы АҚШ-тың Pacific Southwest Airlines авиакомпаниясы шығарды. Алғашқы рейс 1949 жылдың 6 мамырында қызметін бастады. Азия елдерінде 2000 жылдың басында ұшырыла бастады. Қазақстанда ең алғашқы лоукостер ұшағын шығарған FlyArystan авиакомпаниясы.

Билет бағасының арзан болуының сыры неде?

Үнемділіктің бірнеше себептері бар:

  1. Авиакомапния жанармайды үнемді түрде жұмсайтын ұшақ түрін пайдаланады.
  2. Бизнес-класстың болмауы орындықтардың санын арттырады.
  3. Жүк саны шектеулі болады. Жүктің салмағы 8 кг асып кетпеуі қажет. Егер одан көп болса қосымша ақша төлеуге тура келеді.
  4. Қосымша қызметтер кірмейді.

«Билет бағасы арзан демек ескі ұшақ» деген ойдан арылыңыз. Керісінше жаңа технологияға сай ұшақ қызмет көрсетеді.

Қазақстан арқылы қандай лоукостер ұшақтар ұшады?

Елімізде немесе Қазақстан арқылы өтетін лоукостер ұшақтар аз. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан ұшуды жоспарласаңыз келесі тасымалдаушыларды назарыңызға ұсынамыз.

FlyArystan

2019 жылдың мамырында лоукостерлі ұшақтар қызметін бастады. Әзірге тек Алматыдан бүкіл Қазақстан бойынша: Нұр-Сұлтан, Павлодар, Орал, Қарағанды, Тараз және Шымкентке ұшады.

Wizz Аir

44 елге 146 бағыты бар венгриялық лоукостерлі ұшақ. Wizz Air авиакомпаниясының Нұр-Сұлтаннан Будапештке рейсі бар. Венгрия еліне жеткеннен кейін лоукостерлі ұшақпен басқа елге ұшуға болады.

Pegasus

Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы Анкара, Анталья, Стамбул қалаларына тікелей рейстер бар. Осы қалаларға жету арқылы әлемнің 75 еліне бағытталатын лоукостер ұшақтарын таба аласыз.

Билетті қалай алуға болады?

Skyscanner сайтына кіріп, валютаны теңгеге, елді Қазақстан деп өзгертіп алыңыз. Одан кейін билетті сатып ала берсеңіз болады.

Есте сақтаңыз

Лоукостер арзан және қауіпсіз саяхат.

Қосымша қызметтер үшін алдын-ала төлеңіз. Әуежайда әлдеқайда қымбатқа түседі.

Артық шығын болмас үшін өзіңізбен бірге тамақ алыңыз.

Билет сатып алмас бұрын жүкке қойылатын талаптарды мұқият оқып шығыңыз.

Сапарыңыз сәтті болсын!

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!