Біліп жүр

Мадина Марат: Мұғалімдер проблемасын ашық айтудан қорықпаймын

Мадина Марат мұғалімдерге мотивация берді

Мұғалімге бүгінгі таңда тек біліммен ғана қарулану жеткіліксіз. Сондай-ақ оның бизнес пен технологиядан да хабары болуы шарт. Миллионер мұғалім Мадина Маратпен бизнес, байлық, бақыт туралы әңгіме өрбіткен едік.

Мадина Марат:

Мадина Марат
Мадина Марат @Balbal.kz

Қазіргі таңдағы мұғалімнің портреті

Мен бүгінгі күннің мұғалімін көзінде мұңы, ойында проблемасы бар жан ретінде көремін. Үнемі ой үстінде жүретін, түрлі мәселеден қажыған мұғалімнің дәл осындай күйге түсуіне де бірнеше себеп бар. Ол – ақшаның жетіспеушілігі, отбасы жағдайы, мектептегі қыруар жұмыс… Міне, осылардың салдарынан мұғалімнің өмірі бір сарынды өтеді. Ал мұғалімнің көзі мұңға толы болса, оқушының көзі де жайнамайды.

Мұғалім неге бай болуы керек?

Ұрпақ білімді болуы үшін мұғалім бай болуы керек. Мұғалім – шексіз мүмкіндіктің иесі және соны тиімді түрде пайдалана алуы тиіс. Бүгінгі күні ауыр ой мен бас көтертпес мәселелерден мезі болған мұғалімнің өзін дамыту үшін ешқандай әрекет жасамауы қынжылтады. Оның да өзіндік дара жолы бар. Ол да саяхаттауға, түрлі бағытта қызмет атқаруға дағдылануы қажет. Мәселен, география пәнінің мұғалімі өзі Нұр-Сұлтан қаласына бармаса, астанамыз туралы қалайша әңгімелей алады. 

Негізінен мұғалім үлкен білімге ие. Алайда соны пайдаланып үйренуі қажет. Білімін табыс көзін айналдыру арқылы мұғалім биік жетістіктерге жетуі әбден мүмкін. 

Байлық санасындағы және кедейлік санасындағы мұғалімнің айырмашылығы

Кедейлік санасындағы мұғалімнің күндік жоспары болмайды. Ол таңертең миы ашып оянады. Жұмысқа құлшыныспен бармайды. Себебі жұмыста да оны ми ашыту күтіп тұрады. Күнде бастықтан сөз естіп, қыруар қағазды толтырып үлгермеуі өмірге деген құштарлығын кеміте түседі. Ал көзінде мұң бар мұғалімнің оқушыға қандай білім беретіні де түсінікті…

Байлық санасындағы мұғалімнің басты ерекшелігі – жоспармен өмір сүруі. Ол таңертең күнін жоспарлап күліп оянады. Жұмысқа энергия алмасып, білім беру үшін келеді. Миындағы артық ойларды алып тастайды. Оқушыларын шабыттандыру арқылы өзі де бақытты бола түседі.

Мадина Марат
Мадина Марат @Balbal.kz

Мұғалімдердің қазіргі мәселесі

Техниканың тілін жетік меңгермегендіктен мұғалімдер карантин кезінде қиындыққа тап болды. Технологияға немқұрайды қарап келген мұғалімдер тез арада бейімделе алмады. Негізі, педагогтар арасында әлеуметтік желіге деген теріс көзқарас қалыптасқан. Егер сен Instagram-ға шығып, контентіңді ұсынатын болсаң, жақтырмайды. Сені түсінбейді. Ал әлеуметтік желіге қырың қарауымыздың салдарынан карантин кезінде түрлі кедергілерге тап болдық.

Мұғалімдердің комфортта өмір сүргенін қалаймын

Мұғалім өмірдегі бар жақсыға лайықты. Кез келген ел басқарған патша да, қарапайым жұмысшы да мұғалімнің тәлімін алады. Ал осы тұрғыдан пайымдайтын болсақ, мұғалімнің басқалардан несі кем? Оның да атақты брендтердің киімін киюге, қымбат мейрамханалардан тамақ ішуге мүмкіндігі болуы керек. Көптеген мұғалім өзін жарнамалауға, өз идеясын іске асыруға келгенде қысылады. Өзіне деген сенімділіктің жоқтығынан осындай әрекетке барады. Алайда мұғалім өзінің ішкі сенімі мен үмітін бір арнаға жинай алса, қолынан көптеген дүниенің келетініне сенімім мол.

Мақалаға айналдырған: Ахмет Қамшыбек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!