Біліп жүр

Маркетинг нақты мысалдар негізінде

Маркетинг әдістерінің түрлері

Маркетинг сату және нарық өзгерісін бақылау негізінде жұмыс істейді. Егер өз тауарыңызды немесе ұсынатын қызметіңізді сатқыңыз келсе, сізге де маркетингпен дос болу қажет. Сатудың түрлері мен тәсілдері өте көп. Balbal.kz маркетинг әдістерін түсіндіретін мысалдарды назарыңызға ұсынады.

         Кемшілікті артықшылыққа айналдыру

1941 жылы тауар жөнелту қызметімен шұғылданатын «Джей Уолтер Томпсон» компаниясы тығырыққа тіреледі. Тапсырыс берушілерге жіберу қажет алмалар төмен температураның әсерінен үсіп, сыртында қара дақтар пайда болған. Мұны көрген менеджерлер ауыр жұмыстан қашып,  жаңа қызметкер Джеймс Янгке тапсырыстарды иелеріне жіберуді жүктейді.

Джеймс Янг барлық алма қораптарына жазба қалдырып, иелеріне жөнелткен. Жазбада Янг былай деп жазады: «Алманың сыртындағы дақтарға назар аударыңыз. Бұл жемістердің тауда, салқын жерде өскенін көрсетеді. Нәтижесінде алма ерекше дәм, балғындық пен хош иіске ие». Тапсырыс берушілердің ешқайсысы алманы кері қайтармаған.Тіпті кейбірі келесі алмалардың да осындай дақпен болғанын қалаған. Бұл сәтті маркетинг әдісінің көрінісі бола алады.

         Бірден көзге түсу

Алғашқы тауар каталогтары 1931 жылы пайда болған. Тұтынушылар дүкеннен қажет заттарды каталогқа белгілеп, сатып алады. Бұл клиентке де, дүкен иесіне де ыңғайлы еді. Алайда бұл уақытта каталогтардың өлшемі бірдей еді. Осының әсерінен жоғарғы сөредегі каталогтар ғана сатылып, төменгілері еленбай қалатын. Мұндай мәселені шешу үшін «3Suisses» баспасы өз каталогының өлшемін екі есеге кішірейтті. Дүкен иелеріне де шағын каталогты төменге қою ыңғайсыз еді. Сол себепті «3Suisses»-тің каталогтары тек жоғарғы сөреге орналастырылды. Осындай маркетингтік шешім арқылы баспа сатылымын бірнеше есеге дейін өсірген.

Қателіктен пайда көру

Сабын сату ерте уақытта үлкен мәселе тудырған. Кейбір саудагерлер өз тауарын сату үшін түрлі қулықтарға да барған. 1879 жылы Харли Покер есімді жігіт әкесінен мұраға қалған сабын қайнату цехін басқарады. Тауар сатылмағандықтан, көбісі қоймада-ақ бұзылған.

Бір күні Харли Покер сабын қайнататын темір бөшкені отқа қойып, ұмытып кетеді. Отта ұзақ тұрған сабын ұзақ қайнап, артық бояғыштары жойылады. Пайда болған сұйықтық иіссіз болып шығады. Төгуге дайындап қойған Покер сабынның қатып, суға батпайтынын байқаған. Мұны пайдасына асыруға тырысқан жас кәсіпкер «Суда батпайтын сабын» деп өз тауарын сатылымға шығарады. Киім жуатын ыдыс түбінен сабын іздеп жалыққан шаруа әйелдері Харлидің жаңа өнімін бірден сатып алған. Нәтижесінде компания табысы 7 миллион долларға артады.

Сауда алаңына барлау жасау

Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған уақытта барлығы өз күндерін көруге тырысты. Пайда табу мақсатында Италияға аттанған австриялық суретші Этторе Соттсасс Апеннинге келіп, «Olivetti» фирмасына жұмысқа орналасады. Дизайнердің алғашқы тапсырмасы сатылым деңгейі төмен оятқыш-сағаттың дизайнын өзгерту еді. Тауарды қарай келе одан ешқандай кемшілік таппайды. Мәселенің шешімін табу үшін Этторе сағат дүкеніне барып, сауда барысын бақылауға кіріседі. Сағат таңдаған тұтынушылардың барлығы тауарды алмас бұрын салмағын өлшеп көрген. Жеңіл сағаттарға деген сенімсіздігін білдіріп, барлығы ауыр сағаттарды сатып алғанын байқайды. Мұны көрген Этторе Соттсасс «Olivetti» сағатының үстіне темірден жасалған зеңбіректі орнатады.

Дизайнердің бұл шешіміне компания басшысы Адриано Оливетти бастапқы уақытта өзінің сенбейтінін айтқан. Алайда уақыт өте сағат сатылымы күрт өсіп, Эттореге компания атынан өмірбойлық зейнетақы тағайындайды

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!