Біліп жүр

PR-агенттіктерді іздеу жолдары

PR-агенттіктерді іздеу және келісім жасаудың әдістері

PR-агенттіктерді іздемес бұрын мақсатыңызды айқындап алыңыз

PR-агенттіктерді іздеу процесіне кіріспес бұрын өзіңізге не керек екенін ескеріңіз. Алғашқы шешімді қабылдамас бұрын мақсатыңызды айқындаңыз. Мәселен, брендтің таралу аумағын кеңейту, белгілі бір өнім мен қызметті танымал ету.

Стратегия жасау – жетістікке деген алғашқы қадам. Сәтті жасалған стратегия тапсырманың жоғары деңгейде орындалуына мүмкіндік береді. Ал жоспар жасалмаған жағдайда сіз дағдарысқа тап боласыз. Holmes Report-тың зерттеуі бойынша, 10 штаттағы PR-мамандарының 9-ы қиындықтарға жиі тап болады. Сондықтан жаңа контентті де жасай алмайды.

Барлық нұсқаны қарап шығыңыз

PR саласындағы тапсырмаларды ойдағыдай орындау үшін не істеу керек? Агенттіктермен келісім-шарт жасаған дұрыс па? Әлде штатқа маман жалдау керек пе? Негізі осы екі нұсқаны қатар жүзеге асырған дұрыс.

Егер PR-фирмада ақылды басшы болмаса, ол өз мүмкіндігін пайдалана алмайды. 2019 жылы Releasd арнайы сауалнама жүргізді. Онда PR-мамандығынан хабары жоқ басшылардың жағдайы жайлы айтылған. Бұл саладан хабары бар басшылардың 13%-ы аудиториямен байланысты компанияның алғашқы 5 мақсатына енгізбейді.

Олар нені білуі керек? Өнім немесе тауардың бренді жайлы ақпарат болуы керек. Компания өкілдерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан жөн. Штаттағы PR-маманы осы міндетті орындайды.

Егер компанияның арнайы маман жалдауға жағдайы келмесе, агенттікпен байланыс жасауды маркетинг директорына тапсырған дұрыс.

PR-агенттіктерді іздеу мақсатында тендер өткізу

Сіз өзіңіз білетін, танитын агенттіктермен байланыс жасауыңызға болады. Ал тәжірибе болмаса, PR-эксперттің көмегіне жүгініп, тендер өткізіңіз.

Әуелі не қалайтыныңызды және PR-мамандарына қоятын талаптарыңызды жазыңыз. Кейіннен кандидат болуға ұсыныс білдірген 10 агенттіктің тізімін құрыңыз.

Осыдан соң әр агенттікке жеке хабарласып, тексеріңіз. Оларға компанияңыз қызық па? Сізге пайда әкеле ме? Бұдан кейін салыстыра отырып, тізімді 3-4 агенттікке дейін қысқартыңыз.

PR-агенттіктерге бөлінетін бюджетті қарастырыңыз

Қосымша қызметтерді, кіріс-шығыстың барлық түрлерін есептеңіз. Сонымен қатар белгіленген қаржы мөлшері келісім-шартта дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Сіздің бәсекелестеріңіз маркетингтің қай түріне ерекше көңіл бөлгенін зерттеу де артық етпейді. Мәселен, 2017 жылы компаниялар бюджеттің 29%-ын контент-маркетингке бөлген. Ал кейін оны 40%-ға дейін ұлғайтқан.

PR-агенттіктердің қай түрі қажет

Агенттіктердің 2 түрі бар: ірі агенттіктер мен шағын фирмалар. Оны өзіңіздің қалтаңызға қарап таңдайсыз. Ірі брендтердің көбі бутик-агенттіктермен байланыс жасайды. Мысалы, NBS мен Walmart 50 адамнан құралған Landis Communication-ның клиенті болған.

Тендерлік презентацияға қоятын мақсаттарыңызды анықтап алыңыз

PR-агенттіктердің презентациясымен таныспай тұрып, талап қойыңыз. Мәселен, оған тек болашақта сізбен жұмыс істейтін мамандардың қатысуын сұраңыз. Олардың тәжірибесі бар екеніне көз жеткізіңіз. Агенттіктен слайдтарды қысқа әрі түсінікті болуын сұраңыз.

Өзіңізге жұмыс істеуге қолайлы агенттіктерді таңдаңыз

Командаңыздағы адамдардың шынайы, адал әрі білікті маман болғаны дұрыс. Себебі олармен жұмыс істеген әр сәттен ләззат алуыңыз керек. Edelman арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде тұтынушылардың 78%-ы жұмысшылар, серіктестер, басшылардың оларға деген қарым-қатынасы брендке деген сенімді арттыра түсетіні белгілі болды.

Жұмысшыларды жалдап емес, командаңызды көбейтіп жатқаныңызға көз жеткізіңіз

PR-агенттікті компанияңыздың бір бөлігі ретінде қабылдаңыз. Олар сіз сияқты басқа клиенттермен де жұмыс жасайды. Сондықтан маған және менің тапсырмаларыма көңіл бөлмеді деп ойлаудың қажеті жоқ.

Келеңсіздіктер орын алмас үшін келісім-шартты нақтылап алыңыз

PR-агенттікті таңдағаннан кейін, келісім-шартқа отырасыз. Құжаттарға асықпай көз жүгіртіп шығыңыз. Заңгердің кеңесіне жүгініңіз. Бюджет, ұзақтық, команда, жұмыс уақыты сияқты ақпараттарға ерекше мән берген жөн. Түсініксіз ұсыныстар, сөйлемдер болса сұраңыз. Толықтыруын өтініңіз.

Бұл сізге дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.

 

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!