Біліп жүр

Презентация: кіріспе бөлімде қолданылмайтын 7 стандартты формула

Маркетолог кіріспені қалай жасайды?

Презентация жасау жолдарын жақсы білеміз. Бірақ «қалай және неден бастаған дұрыс?» деген сұрақ жиі мазалайды. Себебі жұмысыңыздың өнімді әрі нәтижелі болғаны оның кіріспесіне тікелей байланысты. Бастысы Balbal.kz мотивациялық сайты ұсынатын тақырыптарда сөз қозғамаңыз.

7 стандартты формула

Компания тарихына шолу

Ешқашан осы күнге жету үшін қандай қиындықтарды бастан өткергеніңізді айтпаңыз. Егер кіріспе бөлім осы оқиғалардан басталса, сізге ешқандай пайда келмейді. Нәтижесінде аудиторияның 80%-ы жұмыстағы мәселелеріңіз бен өткеніңізге бей-жай қарайтынына көз жеткізесіз. Ал тіпті 20%-ы сізде қиындықтар бар екеніне қуанышты.

Ауа райын талқылау

Күннің суық немесе ыстық екенін анықтаудың бизнеске қатысы жоқ. Ол дарынды, ақылды және сенімді екеніңізді білдірмейді.

Ұлы адамдардың қанатты сөздерімен бөлісу

Бұл спикердің дайындықсыз келгенінің белгісі. Тиімді әрі қысқаша мәтінмен қызығушылық тудыра алмайтының дәлелі. Өздігінен ойлана да, сендіре де алмайды. Сол себепті осыдан қанша жыл бұрын өмірден өткен адамның тұжырымына сүйенеді. Мәселен, «50 жыл бұрын Эрнест Хемингуэй былай депті: егер сіз тәуекелге бармай, өзіңізді сынап көрмесеңіз, 100% ойыңыздағын жүзеге асыра алмайсыз». Тіпті Майкл Джорданның ең керемет сөздерімен бастасаңыз да, клиентке жақсы әсер қалдырмайсыз.

Орынсыз әзіл

Дұрыс көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт беру үшін әзіл артық етпейді. Тек тақырыбыңызға сай келмейтін күлкілі әңгімелер мен орынсыз қалжыңнан аулақ болыңыз.

Қажетсіз сауал

«Сіз жер бетінде әйелдердің көп екенін білесіз бе?» деген сияқты аудиторияға қажетсіз сауалдар қоймаңыз. Бұл клиенттердің интеллектіне нұқсан келтіреді. Тіпті көп бөлігінде дұрыс ой қалыптаспайды.

Жоспарыңызбен бөлісу

Кездесудің тәртібі мен барысын түсіндіру. Клиентті жалықтырып жіберетін бастама. Бұл сөздерден кейін олардың назарын өзіңізге аудартатыныңға үміттенбей-ақ қойыңыз.

Спорт жаңалықтары

Соңғы спорт жаңалықтарын талқылау. «Қазақстан әлем чемпионатында жеңе ме?» Негізі талқылауға тұратын сұрақ. Бірақ спорт жайлы артық әңгіме қажет емес.

Аудиторияны өзіңізден алыстатын кіріспе осындай болуы мүмкін. Мысалы:

«Сәлем! Менің аты жөнім Сыланова Айжан. Мен бүгін сіздерді өзімнің жаңа бағдарламаммен таныстыру үшін кездесу ұйымдастырдым.

Өзім жайлы қысқаша ақпарат: Менің отбасым … қаласынан көшіп келді. Жанұямдағы алты адам бір бөлмелі пәтерде тұрғанбыз. Бірақ көп ұзамай әкем ақша жинап, мені Алматыға оқуға жіберді. Сіздерге бүгін ауа райы ыстық сияқты емес пе? Гринпистің 20 жыл бұрын айтқан климаттың өзгеруі тұжырымдамасына ұқсайтын сияқты, иә? Ойыма Наполеонның мына сөздері түсіп кетті: «Соғысқа аттану керек, қалғанын сол кезде көре жатармыз» Мен бүгінгі кездесуді мынадан бастағым келеді: «Күніне 4 сағат жұмыс жасап, көп ақша тапқысы келетіндер қол көтерсін» Керемет! Айтпақшы, бүгінгі кездесудің жоспарына тоқтала кетейін, мына тақырыптарда әңгіме қозғаймыз:

1.Біз кімбіз?;

2.Неге біз осында отырмыз?;

3.Техникалық детальдар;

4.Біздің өнімнің қаншалықты пайдалы екенін түсіндіру;

5.Әрекет етуге шақыру.

Тағы айтарым,  «Қайсар» командасының «Қайратпен» қалай ойнағанын көрдіңіздер ме?

Соңы…»

Жалпы презентацияның кіріспесі емес, көшеде кезігіп қалған адаммен әңгіме-дүкен құрғандай боласыз. Сондықтан бүгінгі күні жиі қолданыста жүрген осы кіріспе сөздерді, тақырыптарды мүлде қолданбаңыз. Сізге ұсынылған кеңестер – спикерлер көп пайланатын, аудиторияға жақпайтын 7 стандартты формула.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!