Біліп жүр

Роберт Кийосаки: Ақша ағымының квадраты

Роберт Кийосакидің квадрат теориясы

Роберт Кийосаки – америкалық кәсіпкер, тәлімгер, инвестор, жазушы және қаржы жайлы 25 кітаптың авторы. Жазушының қаржы ағымы мен оған жеке адамдардың әсерін сипаттайтын «Ақша ағымының квадранты» атты теориясы бар. Назарыңызға Роберт Кийосакидің квадрат теориясын ұсынамыз.

Ақша ағымының квадраты

Теория арқылы капиталдың бөлінуіндегі әр жеке адамның маңызын түсінуге болады. Квадрант төрт сектордан тұратын сызбадан құрылған. Олардың әрқайсысы қаржы әлеміндегі адамдардың көрінісі болып табылады.

Қаржы квадратының секторлары

Жалдамалы еңбек секторы

Е секторы – квадраттың сол жақ жоғарғы бөлігі. Мұнда жалдамалы жұмысшылар орналасқан. Олар өз уақытын ақшаға айырбастайды. Бұл сектордың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Артықшылықтары: тұрақты пайда көзі, ай сайынғы кепілдендірілген жалақы. Жоғары жалақының арқасында жұмысшы жағдайын жақсарта алады. Кемшіліктері: бос уақыттың көп болмауы, жұмыс тоқтаса, кіріс көзінің де жойылуы. Роберт Кийосаки мұны «тышқанның жүгіруі» деп атайды (дөңгелекте тоқтаусыз жүгіретін тышқанды еске түсіріңіз).

Шағын кәсіп секторы

S секторы – квадраттың сол жақ төменгі тұсында орналасқан. Бұл кәсіпкерлер мен белгілі саланың шеберлері, фрилансерлер орыны. Мұндай адамдар сапалы жұмысымен ерекшелінеді. Жұмыс орынын өздері ұйымдастырып, еңбектерін сата алады. Қаржы ағымы бұл топқа көбірек бөлінеді. Аз жұмыс істегенімен, көп пайда таба алады.

Ірі кәсіп секторы

В секторы – квадраттың оң жақ жоғарғы бұрышы. Мұндағы адамдары ірі кәсіп иесі деп атауға болады. Олар жеке кәсібін ұйымдастырып қана қоймай, өзге сектордағы адамдарға жұмыс орынын ұсына алады. В секторының адамдары алдыңғы екеуіне қарағанда көбірек пайда табады. Ал жұмысына бөлетін уақыты әлдеқайда аз.

Инвестициялау секторы

І секторы – квадраттың оң жақ төменгі тұсы. Мұнда инвесторлар орналасады. Олар қаржы ағымын бөлуге ерекше көңіл бөледі. Өйткені өз қаржысын пайда көру үшін салады. Инвестор, бастапқы уақытта, өз табысының белгілі бөлігін жұмсау арқылы пассивті кіріс көзін ашады.

Қауіпсіздік және еркіндік

Квадратты тек төрт емес, екі сеткорға да бөліп қарауға болады. Сол жақ – қауіпсіздік, оң жақ – еркіндік. Бұл екі көрсеткіш квадраттың негізі болып табылады. Жұмысшылар аз болса да, кепілдендірілген кіріс көзімен қамтылған. Демек, олар қауіпсіздік аймағында орналасады. Ал ірі кәсіпкерлер мен инвесторлар табысы бұлай сақтандырылмаған. Кез келген уақытта кіріс көзін жоғалтып алуы мүмкін. Алайда мұндай қатер оларға еркіндікті алып келеді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!