Біліп жүр

Сөздік қорды көбейтуге көмектесетін ойындар

Интеллектуалды ойындар

Сөздік қорды көбейту үшін, әдетте, дәптерге сөздерді көшіріп жазамыз. Бұл біріне ұнаса, енді бірі үшін ыңғайсыз болуы мүмкін. Сөздік қорды көбейтудің жолдары көп. Мысалы, кітап оқу, сөздікпен жұмыс, күн сайын сөздерді жаттау. Сонымен қатар топ не жұп болып түрлі ойындар арқылы сөздік қорыңызды көбейте аласыз. Balbal.kz сайты сөздік көбейтуге көмектесетін ойындар тізімін ұсынады.

Сөздер доминосы

Бұл домино ойынының негізінде жасалған. Ойынды жұп не топ болып ойнауға болады. Бірінші қатысушы өтілген тақырып не оқылған мәтінге қатысты бір сөзді айтып, сөйлем құрайды. Ал келесі ойыншы осы сөйлем аяқталған сөзден басталатын басқа сөйлем құру керек. Сонымен қатар бұл сөйлемде де тақырыпқа қатысты фраза не сөз болуы міндетті. Осылайша кезекпен жылжып отырады. Нәтижесінде қызықты оқиға пайда болады.

Тізбек

Ойын сөз таптарын жаттап, жаттығуға арналған. Ойынды бастаушы белгілі затты көрсетеді не суретін салады. Ал қатысушылар бұл затпен байланысты барлық нәрсені атауы керек (иісі, пішіні, қолданылуы және т.б.). Ойынды қызықты ете түсу үшін топтар арасында жарыс ұйымдастыруға болады. Көп сөз айтқан топ жеңіске жетеді. «Тізбек» ойынын өзге тілде де ойнауға болады.

Керісінше айт

Ойынның ережесі бойынша бір қатысушы сөзді атайды. Ал қалғандары оған қарама-қарсы, яғни антонимін атауы керек (polite-impolite, polite-rude). Тіпті сөйлеммен де ойнауға болады (He is impolite – He is not polite). Ойын шет тілін үйренушілер үшін ыңғайлы. Сонымен қатар сөздердің синонимін атап, топ арасында жарыс ұйымдастыруға болады.

Соңын тап

Ойынның ережесі бойынша қатысушылар оқылған тіркесті жалғастыруы керек. Бірінші ойыншы сөйлемнің басын ғана оқиды. Ал келесі ойыншы жалғастырады. Үшінші ойыншы сөйлемді жалғастыра алады не болмаса сөйлем аяқталған сөзден басталатын жаңа сөйлем құрауы керек. Бұл ойын арқылы сөйлемнің шақтарын жылдам есте сақтауға болады.

Жазушы

Оқытушы не ойыншы тақтаға шатастырып, түрлі ретпен 7-10 кілт сөзді жазады. Ал ойыншылар сөздерді байланыстыра отырып, оқиға құрауы керек. Оқиға күлкілі не тақырыпқа сай болғаны жөн. Ойыншылар сөздерді байланыстыра отырып, оларды естеріне сақтайды. Ойынды жеке, жұп болып немесе топ болып та ойнауға болады. Бұл ойын шет тілін үйренушілерге пайдалы.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!