Біліп жүр

Салауатты өмір салтын қалыптастыратын 26 әдет

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға дайынсыз ба?

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – тек денсаулықты күту ғана емес, сонымен қатар қаржыны дұрыс пайдалану, қарым-қатынаста да жақсы болу, дұрыс өмір сүре білу. Барлығын мінсіз қылу мүмкін емес сияқты көрінеді, алайда осы қарапайым іс-әрекеттерді әдетке айналдырсаңыз, салауатты өмір салтын қалыптастыра аласыз. Есесіне өміріңізді қалай жақсы жаққа өзгеретінін байқайтын боласыз.

Эффективтілікті арттыру

1.Оятқыштың уақытын нақты бір уақытқа қойыңыз

Түнде ертең ерте тұруым керек деген оймен жатыңыз. Оятқышты әр 10 минут сайын кейінге қалдыруды қойыңыз. Оятқыштың дабылынан ерте тұрсаңыз, дабылды күтіп қайта ұйқыға жатудың кетудің қажеті жоқ. Себебі ұйқы фазасы қайта іске қосылып, 10 минуттан кейін тіпті шаршаңқы боласыз. Қайта осы артық уақытты тиімді пайдаланып, асықпай таңғы ас ішуге не кейінге қалдырып жүрген ісіңізге арнауға мүмкіндік бар.

2.Жоспарлау

15 минуттық жоспар құру арқылы бірнеше сағатыңызды тиімді пайдалана аласыз. Ал жексенбі күні апталық жоспар құрып көріңіз. Сонда дүйсенбі күні жағымсыз күнге айналмайды.

3.Кітап оқу

Кітап оқитын арнайы уақыт бөліңіз. Себебі тұрақты ақпараттар ағымы есте сақтау қабілетін жақсартып, жұмыс өнімділігін арттырады.

4.«Pomodoro» техникасы

Бұл техниканы жұмыс істеп, сабақ оқығанда немесе маңызды іс тындырарда қолданыңыз. Өзіңізге 25 минут толық жұмысты міндеттеп, 5 минут үзіліс жариялаңыз. Бұл техника арқылы концентрацияны жоғалтып алмайсыз және өзіңізді шаршаңқы сезінбейсіз.

5.Қиыннан бастау

Жасағыңыз келмеген істі таңертең тындырып тастаңыз. Сол кезде күні бойы ойланып жүрмей, басқа нәрселерге толық көңіл бөле аласыз.

6.Қаржылық сауаттылық

Қаржыңыздың 10%-ын депозитке салыңыз не сақтап қойыңыз.

7.Азық-түлікті бір аптаға алуды жоспарлаңыз

Осы арқылы сіздің рационыңызда пайдалы өнімдер көбірек болады және ақшаңызды аса қажет емес нәрселерге жұмсамайсыз.

8.Дүкенге тамақтанып барыңыз

Адамның қарны аш болса, көзі одан бетер аш болады. Көп нәрсеге қызығып, барлығын жей алатын адам сияқты көрініп, көп затты ала беретін боласыз.

9.Акция, бонус бағдарламаларын пайдаланыңыз

10.Киімді маусымның басында емес, соңына қарай алыңыз

Егер қысқа жаңа пальто керек екенін байқасаңыз, көктемге қарай жеңілдікпен сатып алыңыз.

 11.Айына бір рет қаржылық есеп жүргізіңіз

Қаржыңыздың не нәрсеге кеткенін бақылап көріңіз. Бұл болашақтағы ысырап жасаудың алдын алады.

Салауат

 12.Су ішіңіз

Ұйқыдан тұрғанда күніңізді бір стакан сумен бастаңыз. Өзіңізбен бірге әрдайым су ішетін бөтелке алып жүріңіз.

13.Бір көкөніс

Күніне кемінде бір көкөніс не жеміс-жидек жеу керек.

14.Спорт

Таңертең 10-15 минутыңызды спортқа арнаңыз. Кез-келген түрі: би, жаттығу, йога, т.б. Тым болмаса жаяу жүріңіз.

15.Таңғы ас

Таңғы ас маңыздылығын естен шығармаған жөн. Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі бастапқы жарты сағатта қуаттанған жөн.

16.Гаджетсіз таң

Бүгінде көпшілігі көзін телефонын ақтарумен бастайды. Бірақ ұйқыдан тұрғаннан кейін бастапқы жарты сағатты гаджетсіз өткізу керек. Миыңызға қысым түспей, өзіңізді жеңіл сезінесіз.

17.Таңертең және кешке бетіңізді жуып жатыңыз

Мүмкіндігінше салқын сумен жуған дұрыс. Мүмкін болса, мұзбен көздің астын сүртіп көріңіз.

Қарым-қатынас

18.Құшақтасу

Отбасыңыздағы жақындарыңызды, достарыңызды жиі құшақтаңыз. Жылы құшақ бақыт гормонын бөледі, көп жанжалдың алдын алады.

19.«Күлгін білезік» техникасы

Негативті ойлайтын адамдардан аулақ болыңыз, ол сіздің қуатыңызға кері әсер етеді. Ұят болса да, сізге ондай әңгіме ұнамайтынын тіке айтыңыз. Өзіңіз де жағымсыз ой, шағымдану, өсек-аяңнан құтылыңыз. Бұл үшін «күлгін білезік» техникасы көмектеседі. Біреуге шағымдағыңыз келген кезде үндемей қалуға тырысыңыз. Бастапқы 21 күннен кейін үйреніп кетесіз.

20.Жақындарыңызды іздеу

Аптасына кемінде бір рет ата-анаңызға, туыстарыңызға қоңырау шалыңыз.

21.Отбасылық мейрам

Айына кемінде бір рет отбасыңызбен дем алуға сыртқа шығып тұрыңыз, ойын-сауық кешендеріне барыңыз. Бір сарынды өмір адамды жалықтырады.

22.Адамдармен танысып жүріңіз

Басқа адамды тану сізге өзгеше әсер береді. Адамдар да ресурс, таныстық сіздің адам капиталын арттырады деп ойлаңыз.

Шығармашылық

23.Жаңа нәрсені көріңіз

Өмірде бәрін көру керек. Сондықтан бұрын-соңды көрмеген фильм жанрын, тағам түрін жеп көріңіз. Киім үлгісін, шаш үлгісін өзгертіп тұру керек. Аптасына 1-2 рет өзіңіз үшін жаңа тәжірибе жасаудан қорықпаңыз.

24.Тазалау жұмысы

Аптасына бір рет үйіңізге, сөрелер мен сөмкелерге, телефонға, т.б. заттарға тазалау жұмысын жүргізіп, қажетсіз заттардан арылып отырыңыз.

25.Қойын дәптер арнаңыз

Кез-келген ойыңызды, сезімдеріңізді қағаз бетіне түсіруді әдет қылыңыз. Бұл сіздің шығармашылығыңыз бен байқампаздығыңызды арттырады.

26.Игі іспен айналысу

Кемінде айына бір рет қайырымдылық шараларына қатысып, қаржылай не моральдық көмек беріңіз. Еріктілермен бірге іс-шарада болыңыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!