Біліп жүр

Шайдың түрлері мен пайдасы

Шайдың неше түрі болады

Шайдың бірнеше түрі бар. Шай ішуден Италия алдынғы орынды алады. Қазақ та қалысар емес. Balbal.kz мотивациялық сайты шай түрлері мен олардың пайдасы туралы материал дайындады.

Улун (қораптағы атауы — Oolong)

Улун шайы метаболизмді жақсартады. Шай жапырақтарының түс диапазоны бозғылт жидек (жасыл шай сияқты) қара алтын және қара қызыл болады. Шай қою болған сайын оның құрамындағы полифенолдардың әсері көбейіп, салмақ жоғалтуға көмектеседі. Төрт стакан улун сізге 1 кішкене десертті дене бітіміңізге зиян келтірместен жеуге мүмкіндік береді.

Пассифлора (қораптағы атауы Passionflower)

Пассифлора гүлдерінен алынған бұл сусын ерекше тыныштандыратын әсерге ие. Егер сізде «депрессия» болса, онда Passiflora гүлдерінен шай ішіңіз. Бұл шай ұйқыңызды келтіреді. Тыныштық күйін сақтау үшін ертерек қайнатып, салқын күйінде ішіңіз.

Жалбыз шайы

Іштің ауырсынуын тоқтатады. Іш қату, газ шығару кезінде жалбыз шайын ішсеңіз, ас қорыту жүйесінің жұмысын жеңілдетеді. Жалбыз шайы асқазан-ішек жолын босатады және тегіс бұлшықеттердегі спазмды кетіреді. Шай пакеттерінің әсері онша жақсы емес, бірақ жалбыз жапырақтарын шайға батырса әсер болады.

Зімбір шайы

Бас ауруын жазады. Ащы тамыр простагландиндердің синтезін бұғаттайды. Простагландин бастың ауыруы кезінде ісінуді тудырады. Сонымен қатар жүрек айнуды да жеңеді. Бұл шайды қант диабеті ауруымен ауыратындарға беру керек.

Көк шай

Салмақ жоғалтуға арналған тамаша сусын. Жасыл шай тәбетті төмендетеді және жеңіл тағамдарға құмарлық тудырады. Сондай-ақ жасыл шай қант пен кофеден кем емес қуат беретіні дәлелденді. Алайда калория мөлшері нөл.

Валериан шайы

Ұйқысыздықпен күресетін ең жақсы құрал. Сонымен қатар валериан тамырын түрлі ауруларға, оның ішінде бұлшықет ауыруына, менопауза кезінде қолдануға болады.

Қара шай

Демде сергітеді. Полифенолдар ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтқарады. Антиоксиданттар тістегі қара дақтарды жоюға көмектеседі. Қара шаймен ауызды шаю бактериялардың көбеюін тоқтатады және тістің бұзылуын тудыратын қышқылдарды азайтады. Бірақ қара шай кофе сияқты тіс эмалін құртады.

Мия тамырынан жасалған шай

Тәттілерге деген құмарлықты басады. Бұл сусын тәтті болады, бірақ 1 кеседе тек 2 калория бар. Мия тамыры қантқа қарағанда 50 есе тәтті. Есіңізде болсын, мия тамыры мөлшері 20 граммнан аспау керек, оның артық болуы қан қысымының жоғарылауына әкеледі.

Гинкго

Ми жұмысын жақсартады. Гинкго шайы ақыл-ой қызметін жақсартады. Ми күрделі мәселелерді шешуге қажетті қоректік заттарды алады.

Қалақай шайы

Аллергияға көмектеседі. Қалақай органикалық антигистамин болып табылады. Қышуды және мұрынның бітелуін жеңілдетеді. Күніне екі рет 300 мг-нан бұл сусынды ішіп тұру керек. Дәміне қарай бал мен басқа шөпті қосуға рұқсат.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!