Біліп жүрПсихология

Тони Бьюзен: «Адам миының швейцарлық пышағы»

«Ақыл картасын» жасаған психологтың өмірбаяны

Тони Бьюзен – британиялық жазушы, колледждер мен университеттерде ми жұмысы жөнінде сабақтар өткізген. Ол адамның ойлау қабілетіне байланысты «ақыл картасын» жасап шыққан. Сыншылар мұны «адам миының швейцарлық пышағы» деп бағалады. Жазушы 76 жылдық өмірінде 100-ден аса кітап жазған. Назарыңызға Тони Бьюзеннің өмірі мен шығармашылығын ұсынамыз.

Жастық шағы

Тони Бьюзен 1942 жылы 2 маусымда Лондон қаласында дүниеге келген. 11 жасында отбасымен бірге Канаданың Ванкувер қаласына көшіп келеді. Әкесі – инженер-электрик. Ал анасы сот бөлімінде жұмыс істеген.

1964 жылы Тони Британиялық Колумбия Университетін бітірді. Ол психология, ағылшын тілі, математика ғылымдары бойынша үздік диплом иегері атанған.

Оқуын аяқтаған соң 1966 жылы Лондондағы «Манса-70» ұйымы шығаратын «Intelligence» журналына жұмысқа орналасады. Бұл журналмен колледжде оқыған кезде байланыста болған. Бұдан бөлек ол Лондонның шығысындағы жағдайы төмен балаларға арналған мектепте штаттан тыс мұғалім болып жұмыс істейді.

Психология мен кітаптары

Тони Бьюзен «iMindMap» атты ақыл картасын жасауға көмектесетін арнайы программаны ойлап тапқан. Ол 2006 жылы жарық көреді. Жазушы өз сабақтарында мидың мүмкіндіктері, жадтың қабілеті мен егде жаста ми жұмысын жақсарту жолдары жайлы айтқан.

Бьюзеннің жад, ми жұмысы, креативті ойлау, ақыл-ойға қатысты жүзден аса кітабы бар. Олардың 4 томы поэзияға да арналған. Оның шығармалары әлемнің 100 елінде басылып, 28 тілге аударылған.

Психолог бұдан бөлек «The Brain Foundation», «Mind Sport Olympiad» ұйымдарының президенті болған. Сонымен қатар менталды сауаттылық концепциясын жасап, бірнеше қорды басқарған.

Тони түрлі ғылым салалары бойынша бірнеше құрметті сыйлықтардың иегері атанған. Ол ең көп ақпаратты есте сақтау бойынша рекорд орнатып, «ақыл-ой-картасы» теориясын жасайды.

Жазушы BBC арнасындағы «Ақылмен ойлан», ITV арнасының «Ашық сана» сериалының жүргізушісі болған. 1997 жылы ол тікелей эфирде көп таңбалы сандарды есте сақтаудан рекорд жаңартады.

Психолог шығармашылық ойлау бойынша әлемдегі жоғары коэффициент иегерлерінің бірі. Тони Бьюзен көп уақытын оқу-білімге деген қабілеті төмен жандарға арнайды. Оның соңғы өнертабысы жадпен байланысты болды,

Бьюзен мектепте оқығанында бимен шұғылданған. «Маугли» лақапатымен жануарлар жайлы әңгімелер, түрлі музыка мен өлеңдер жазған. Дизайнер ретінде өз үйінің жиһаздары мен киімдерін де жасаған.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!