Біліп жүр

Трендтегі ТОП-3 мамандық: Кім миллионер?

Жер бетінде «кедей болғым келеді» деп ойлайтын адам жоқ шығар? Бәріміз дәулетті, табысты болғымыз келеді. Ол үшін не істеу керек? Әрине,сұранысқа ие, жалақысы жақсы жұмыс істеу керек! Ал, жалақысы жақсы жұмысты қалай не қайдан табамыз? Осы тақырып төңірегінде ШТАБ заманауи мамандықтар орталығының жетекшісі Бақытбай Сабырбеков парақшасында сабақ өткізген еді. Сұраныстағы ТОП-3 мамандық туралы толығырақ оқыңыздар!

 

Трендтегі мамандықты меңгеріп, жақсы табыс тапқыңыз келсе, мархаббат! Толық ақпарат ШТАБ сайтында!

Бәрімізге белгілі, мемлекеттік жұмыстың дәрежесі төмендеді. Бір айлыққа сеніп, алаңсыз өмір сүру мүмкін емес! Қазір кәсіп ашу, бизнес пен фриланстың заманы. Демек, жақсы табыс табу үшін біз де жаңа мамандықтарды, сұранысқа ие болатын мамандықтарды игеруіміз керек!

«Университет бітіргеннің 65 пайызы өз мамандығымен жұмыс істемейді», – дейді Бақытбай Сабырбеков. «Ол, әрине, өкінішті. 4 жыл уақыттың далаға ұшқаны. Бізде мектеп кезінен бастап таңдау болмады. Тіпті, мамандық таңдағанда да талапкерге таңдауға мүмкіндік берілмейді».

Мектепте оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

  • «Осы мамандықтың болашағы бар» ;
  • «Бәрі осыған түсіп жатыр» ;
  • «Нан тауып жейміз ғой».

«Маған осы мамандық ұнайды. Осы менің жан қалауым» деп таңдайтындар аз. Біз мамандықты «запасной вариант» сияқты қарастырамыз. «Әйтеуір, нанымды тауып жеймін ғой» деген оймен жүреміз. Біз минимум нұсқаны таңдаймыз. Ол дұрыс емес!

ТОП-3 мамандық
@bakytbay_sabyrbekov

Кейбірі, тіпті, таңдамайды да. «Жәй грантқа түсіп кетсем болды» деген оймен шектеледі. Неге? Өйткені, мектептен бастап бізге әртүрлі саланы таныстырады да, өзіңді таныстырмайды. «Сен кімсің? Немен айналысқың келеді? Не ұнайды?» деген сұрақтар сол күйі жауапсыз қалады. 11 жыл оқып шыққан талапкер әртүрлі ғылымды, саланы білгенімен, өзін танымай шығады. 4 жыл университетте оқып, кейін магистратура, докторантураны бітіріп, мүлде басқа маман атанып кеткендер бар.

Сұранысқа ие ТОП-3 мамандық

SMM маманы

Алдағы 5-10 жылда сұранысқа ие болатын мамандық. «Қазір екінің бірі SMM» деуіңіз мүмкін. Орынды. Бірақ, Қазақстанда нағыз SMM маманы санаулы. Байқасаңыздар, қазір бәріне бұл маман керек. Тіпті, біздің компаниямызда да бұл маманға сұраныс көп. Өйткені, сату, клиент тарту, бренд қалыптастыру – бәрі әлеужелі арқылы жүзеге асады. SMM инстаграмда пост жазу, визуал жасаумен ғана шектелмейді! Сату, назар аударту, оны ұстап қалу, қызықтыру, охват өсіру, стратегия, воронка, бизнес процесстерді білу керек. SMM-ді 2 айда меңгеріп, айына кемінде 500 000 теңге табуға болады. Мықты  SMM маманы деп Айым Жекенова мен Айна Досқызын айтар едім.

 

Сату бөлімінің басшысы.

1-2 жыл бұрын бәрі тікелей саудамен айналысатын. Қазір әр компанияда сату бөлімі бар. Дамыған елдерде әлі күнге дейін бұл сала сұранысқа ие. Демек, Қазақстанда да дәл солай.Сату бөлімінің басшысы мамандығын 2-3 айда меңгересіз. Бұл мамандықты «Басшы боламын, басқарған ұнайды» дейтін адамдар игеруі керек. Айлық табысы 600 000 – 1 000 000 теңге.

Онлайн продюсер.

Ол кім? Негізі, ол – кәсіпкер. Ал, кәсіпкер – мәселенің шешімін табатын адам. Яғни, белгілі бір сұранысқа ұсынысы бар. Ол зат, тауар болуы мүмкін.

Онлайн продюсер де тура кәсіпкер сынды мәселені анықтап, шешімін табады. Бірақ, білім беру нарығында. Мысалы, үйде отырып табыс тапқысы келетін жандарды алайық. Олар неден, қалай бастарын, кімнен үйренетінін білмейді. Бұл – мәселе. Шешімі – үйде отырып табыс табатын немесе табыс табуға үйрете алатын эксперттен үйрену. Онлайн продюсер сондай мықты тәжірибесі бар экспертті тауып, оның білгенін курс етіп шығарып, ұсынады. Онлайн продюсер болатын адамның ойлау жүйесі мықты, ішкі түйсігі (интуиция) дамыған, тұлғалық даму, сату, клиент тарту, ұйымдастыру процесстерін білуі керек. Айына, кемінде, 1 000 000 теңге табасыз. Табыс көзі шексіз. Сол себепті бұл мамандық табысының максимумы жоқ.

Сұранысқа ие ТОП-3 мамандық туралы, қысқаша, осы. Қандай маман атансаңыз да, жұмысыңызды сүйіп, оған адал болыңыз! Сонда ғана еңбегіңіз өз жемісін береді!

Алтынай Әбдімәди
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!