Біліп жүр

Қуандық Шамахайұлы: Журфактағы студент ешқашан әмбебап бола алмайды

Журналист қандай болуы тиіс?

Қуандық Шамахайұлы – халықаралық журналист, алаштанушы. Ақпарат саласының үздігі. Balbal.kz мотивациялық сайты Қуандық Шамақайұлының журналистика туралы ойларын жинақтап материал ретінде ұсынады. 

Қуандық Шамахайұлы кім?

Қуандық ШамахайұлыМоңғолияда дүниеде келген жазушы. Ол Ұланбатырдағы Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік білім алған.

1993 жылы Моңғолия жазушылар одағына мүше болғаннан кейін Қуандық Шамахайұлы Қазақстанға көшіп келді. Елдегі бірнеше жетекші университетте дәріс берді. Астанадағы газет-журналдарда бас редактор болды. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде оқытушылық етті.

Ол АҚШ, Жапония, Колумбия, Канада, Швейцария, Қытай, Ресей, Моңғолия жазушыларының үздік  шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Қуандық Шамахайұлы:

Журналист болу үшін не керек?

Журналистика – қоғамдық ерекше институт. Қызметі халыққа ашық көрініп отырады. Сол үшін табиғи түйсік, дарын болу керек. «Кембридж білім береді, ал Құдай жаратпаған дарынды дарыта алмайды» дегендей қабілеті болуы шарт. Сондықтан мамандық таңдағанда мұқият болыңыз.

Журфакқа қалай түседі?

Журналистика факультетіне түскенде шығармашылық емтихан тапсырасыз. Ол екі кезеңнен тұрады: жазбаша және ауызша. Бірақ сол емтиханның сапасына мән беру керек. Сағат көп болады деп студенттерді өткізе бергеннен пайда жоқ. Оның бағасына, «Алтын белгісіне» мән берген дұрыс емес. Талантты бала математикадан нашар болса да жазу қабілеті болу мүмкін.

Журналистерді дайындау концепциясы

Марксизм-ленинизмге негізделген насихаттық журналистиканы тоқтату керек. Қазір заман талабы басқа. Баллон жүйесіне көшкенімен бағдарлама соған сай емес. Базалық пәндерден кейін студент пәнді өзі таңдамайды. Әлем елдерінен үлгі алу керек. Журналистиканы кафедра ретінде қысқарту қажет. Сосын оқытушы санын азайтқан жөн. Практика мен теорияда шыңдалған мамандарды ғана қалдыру керек. 1-2 курста базалық пәндерді оқытып, 3 курста сала таңдату қажет. Мысалы, заңгер-журналист, өнертанушы журналист, экономист-журналист. Қай саланы таңдаса, сол саланың мамандары ақпараттық салаға бейімдеп дәріс өткізеді.

Студент ешқашан әмбебап болмайды. Ол бір салаға бейім болады. Міне, сол қабілетін екі жылда анықтау керек.

Журналистика туралы айтқандары

«Иә» немесе «жоқ» деп қысқа қайырылатын жауапты місе тұтатын әрбір тілшіні қызметтен қуу керек.

Адам баласы кітап оқымаса, миы солады, сөзі бұзылады, ісі анайы бола түседі.

Жауабы мәлім сұрақты қою – тілші үшін ұят.

Кейбір тілші сұхбаттасушысына «мұны сізден басқа ешкім айта алмайды» деп жатады. Бірақ бұл – тым артық кету, этиканы аттап өту.

Журналистер қауіпті мамандықтар санатына қосылады. Беті аулақ, бірақ соғыс болса алғы шепте оқтың астында, өрт болса оттың ішінде, сел, тасқын болса судың ішінде жүріп хабар таратады. Бір сөзбен айтқанда, қайнаған өмірдің ләззатын таратса, қиналған елдің басын сүйеп, сыздаған балтырын сипап, мұң-мүддесіне ортақтасады. Өмірдің ыстық-суығы журналистің қаламынан таса қалмайды.

Журналистерді төртінші биліктің иесі дейді. Мен журналистердің қолында осы төртінші биліктің тізгінінің барына күмәнданамын…

Материал Қуандық Шамахайұлының «Құтты қонақ» хабарына, журналист Бақытжол Кәкешке берген сұхбаты негізінде дайындалды.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!