Біліп жүрКітап

Питер Брегман: «18 минут» кітабы

Питер Брегманның "18 минут" кітабы

Питер Брегман – жеке даму бойынша кеңесші. Ол өз тәжірибесінен уақытты басқарудың жүйесін құрды. Уақытты дұрыс жоспарлау, қандай басымдықтарға көңіл бөлу керек және неден бас тартамыз, мотивация алу сияқты нәрселерді «18 минут» кітабында жазды. Назарларыңызға кітаптың қысқаша мазмұнын ұсынамыз.

Кідіріс жасап, өзімізді қолға аламыз

Бір нәрсені басқару үшін оның қалай жұмыс істейтінін түсіну керек. Өзіңіздің және айналаңыздағы әлемді түсініңіз. Түсіну үшін кідіріс жасайық.

Инерцияны жеңу

Біз көбінесе мағынасыз әрі зиянды әрекеттер жасаймыз. Оған кіріп кеттік және тоқтай алмаймыз. Себебі үйреніп алдық. Бұл бізді шындықтан алшақтатады. Инерцияны екі жолмен жеңуге болады:

Баяулаңыз. Мысалы біреумен ұрсысқанда, өзіңіздің қателескеніңізді сезінесіз. Бірден екінші жақпен келісе кетудің қажеті жоқ. Тоқтай тұрыңыз. Көбірек тыңдаңыз, толығырақ айтуын сұраңыз.

Жаңадан бастаңыз. Көп адамдар ғажайыпты күтеді. Пайдасыз екенін түсінсеңіз, тоқтаңыз. Пайдасыз және мағынасыз жобаларды тастаңыз. Жаңаларын қолға алыңыз.

Өзіңізді жан-жағынан көрсетіңіз

Бүгінде адамдар өздерін тек жұмысымен байланыстырады. Сізге тек кәсіби маман ретінде даму қажет емес. Сондай-ақ сіз сүйікті жұбай немесе ата-анасыз, біреудің досысыз. Ашық алаң ойыншысы, діни бірлестіктің немесе еріктілер қауымдастығының мүшесі болуыңыз мүмкін. Өзіңіздің жеке басыңызды мойындаңыз.

Реакцияға емес, қалаған нәтижеге назар аударыңыз

Біз әдетте келесі схема бойынша әрекет етеміз: оқиға – реакция – нәтиже.

Клиент бізді қандай-да бір түрде ренжітеді немесе ашуландырады. Біз бұған күрт реакция жасаймыз. Нәтижесінде клиентті жоғалтамыз.

Жаңа тұтынушыны табу – мінезіңізді көрсетуден гөрі маңызды. Оқиға барысында сезімге емес, қалаған нәтижеге сүйене отырып әрекет етіңіз: оқиға – нәтиже – реакция.

Басымдықтарыңызды анықтау

Уақытыңызды неге бөлген орынды екенін қайдан білесіз? Питер Брегманнің ұсынысы бойынша, төрт элементті біліп, саралағанда сіз бәріне үлгересіз. Ол – мықты және әлсіз тұстарыңыз, жеке ерекшелігіңіз және қызығушылықтарыңыз.

Мықты тұстарыңызды барынша пайдаланыңыз

Тарихшылар ылғи жеңіске жететін мықты мемлекеттер жай ғана өз ережелерімен ойнағанын байқаған. Өзіңіздің мықты тұсыңызды тауып, оларға ден қойыңыз.

Әлсіз жақтарыңызды қабылдаңыз

Әлсіз тұсыңызбен күресу көп күшті қажет етеді, бірақ нәтижесі аз болып жатады. Көптеген ұлы адамдар жетістікке тек таланттың арқасында емес, сонымен қатар әлсіздіктерімен де қол жеткізді. Сенімсіздік адамдарды шындықты білуге итермелейді. Ұялшақтық қарапайым болуға мүмкіндік береді. Сараңдық қаржыны басқаруға көмектеседі. Бұл кемшіліктер. Алайда оларды артықшылық ретінде пайдалану сіздің қолыңызда.

Өзіңіздің ерекшелігіңізді көрсетіңіз

Қазіргі әлемде даралану қиын сияқты. Бірдей киім киеміз, бос уақытымызды бірдей ойын-сауықпен өткіземіз. Бизнесімізді алға жылжыту үшін бірдей әдістерді қолданамыз. Сіз көпшілікті ерекшеленіп қана жеңе аласыз. Өзіңіздің ең жарқын және ерекше жақтарыңызды тауып, оларды өміріңіздің негізіне айналдырыңыз.

Өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз

Ірі компаниялар ең жақсы жұмысшыларды жалдау үшін түрлі әдістерді қолданады. Бірнеше сағаттық сұхбат жүргізу үшін жалдамалы мамандарды пайдаланады. Адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін мына әдіспен білуге болады: бос уақытында не істейтінін сұрау жеткілікті.

Сіздің қызығушылықтарыңыз – ішкі мотивацияңыз. Сол салада сіз міндетті түрде табысқа жетесіз. Өз жоспарыңызды жасағанда қажеттіліктеріңізге көңіл бөліңіз.

Қақпандардан аулақ болу

Мақсатқа жету жолында сізді алдамшы тұзақтар күтеді. Олардан аулақ болудың бірнеше әдісі бар:

Айналаңызға қарай беріңіз. Өз жоспарыңызды абсолютті шындық ретінде қабылдамаңыз. Мақсат – баратын жер. Бірақ оған апаратын жолдар көп. Біреуіне қарап қалмаңыз.

Сәтсіздіктерді жақсы қабылдаңыз. Олар сізді өсіреді.

Белгісіздік жағдайында тоқтамаңыз. Еңбектенуді тоқтатпаңыз, сонда уақыт бәрін өзі реттейді.

Жыл жоспарын құру

Жоғарыдағы қағидаларды қолдана отырып, жыл жоспарын құрыңыз.

Сіздің тізіміңізде қанша зат болуы керек? Питер Брегман 5 ± 2 ережесін ұсынады. 3-тен 7-ге дейін. Аз нәрсе сізді қанағаттандырмайды, тым көп нәрсені орындай алмайсыз.

Жұмыс:

  • қазіргі клиенттермен жақсы жұмыс істеу;
  • жаңа клиенттерді тарту;
  • өз идеяларымды жазу және сөйлеу.

Жеке:

  • отбасымен және достармен көбірек уақыт өткізу;
  • көңіл көтеріп, өзіме қамқор болу.

Осылай сияқты. Осының бәріне уақытыңыздың 95%-ын бөліңіз.

Питер Брегман өміріңізге қосатын нәрселерден басқа, алып тастайтын нәрселердің де бар екенін айтады. Жетістікке жету үшін бір нәрсені құрбан етуге тура келеді. Бас тарту керек нәрсені де жазыңыз.

Күнді қалай сәтті өткізуге болады

Бір жыл ішінде мақсаттарды орындау үшін белгілі жүйемен өмір сүру керек. Бұл үшін жоспар қажет. Жылдық жоспарға қарағанда нақты болғаны дұрыс. Сонда ғана біз белгілі іс-әрекетке уақыт бөлеміз.

Күнделікті жұмыстар тізімін жасау

Стратегиялық басымдықтарға сәйкес күнделікті жұмыстар тізімін жасаймыз. Тапсырмаларды санаттарға бөліңіз. Әр саланы қамту үшін тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.

Сіз оны қайда және қашан жасайсыз

Егер лимит берілмесе, адам уақыт созып жүре береді. Сол үшін қашан тындыратыныңызды шешіңіз.

Еске салуды ұмытпаңыз

Жоспарды жазып қоймай, оны ұстануыңыз керек. Өзіңізге ескертулер жасаңыз. Сағат сайын дабыл орнатыңыз. Сіз оны естігенде бір минутқа тоқтап, алдыңғы сағат қаншалықты тиімді болғанын сұраңыз. Келесі 60 минутта қалай өмір сүретініңізді шешіңіз.

Кері байланысқа уақыт бөліңіз

Кешке бірнеше минут бөліп, күніңізді бағалаңыз. Сіз не нәрсеге қол жеткіздіңіз? Не білдіңіз? Өзіңізді жақсарту үшін ертең не істей аласыз? Тағы бір маңызды сұрақ: мен бүгін кіммен сөйлестім? Маған біреуге алғыс айту, сұрау, жаңалықтарды айту керек пе? Олай болса, ұйықтар алдында хабарлама жіберіңіз.

Күнді ұйымдастырудың 18 минуттық жоспары

1-қадам (5 минут, таңертең) – күннің жоспарын жасаңыз, әр әрекеттің орны мен уақытын жазып алыңыз;

2-қадам (әр сағат сайын 1 минут) – сағат сайын дабылды орнатыңыз;

3-қадам (5 минут, кешке) – нәтижелеріңізді бағалауға және басқа адамдарға алғыс білдіруге уақыт.

Өміріңізді әрдайым басқарып отырсаңыз, уақытты не үшін жұмсайтыныңызды білесіз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!