Біліп жүр

Ұйқының пайдасы: Қашан және қанша уақыт ұйықтау керек

Ұйқының порциясы

Ұйқының адам өмірінде алар орыны ерекше. Ересек адамға ұйқысы толық қануы үшін 7-9 сағат қажет. Түнгі 10-11-де ұйықтап, таңғы 7-де оянуыңыз керек. Бірақ ұйқының да түрлері болады. Әр кезде ұйықтау денсаулыққа түрлі пайда алып келеді.

Ұйқы түрлері

Нано-дрема – 10-20 секундқа созылатын ұйқы. Ғалымдардың есебінше мұндай ұйқы ешқандай пайда алып келмейді.

Микро-дрема – 2-5 минуттық ұйқы. Қатты ұйқы келген кезде пайдалы болып келеді.

Мини-дрема – 5-20 минутты құрайтын ұйқы. Зейінді жақсартып, шыдамдылықты арттырады. Қимыл-қозғалыс қабілетін күшейтеді.

Қалыпа келтіруі ұйқысы – 20 минуттық ұйқы. Микро және мини дреманың қасиеттеріне ие. Сонымен бірге миды артық ақпараттан тазарады.

Нағыз еріншектің дремасы – 50-90 минутты құрайды. Назар аудару мен есте сақтауды күшейтеді. Сүйек пен бұлшық еттің өсуін жақсартады.

Күндізгі ұйқының пайдасы

Күндіз 60 минут ұйықтау назар аудару мен зейінді 10 сағатқа жақсартады. Ұшқыштарға жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша 26 минутты құрайтын «Наса ұйқысы» жұмыс істеу қабілетін 34 пайызға, зейінді 54 пайызға дейін көтереді.

Ұйқының ең жақсы кезі түнгі сағат 2-4 аралығы. Күндіз түскі 1-3 арасын құрайды.

Күндіз ұйықтау жүректегі ишемиялық аурулардың пайда болуын сиретеді. Зеттеуге 24 000 грек азаматы қатысқан. Нәтижесінде аптасына 2 рет күндіз көз шырымын алатындарда ишемия ауруларының пайда болуы 13 пайызға төмендеген. Ал аптасына 3 рет күндіз ұйықтау 37 пайызға төмендетеді.

Күндіз ұйықтау:

Ұйқы келуді 10 пайызға төмендетеді;

Көңіл-күйді 11 пайызға көтереді;

Сөйлеу қабілетін 10 пайызға жақсартады;

Зейінді 11 пайызға көтереді;

11 пайызға шыдамдылықты арттырады;

Ақыл-ес қабілетін 9 пайызға күшейтеді;

Физикалық денсаулықты 6 пайызға жақсартады;

Түнгі ұйқыны 14 пайызға азайтады;

Түнгі ұйқының үзілмеуін 12 пайызға арттырады.

Ұйқы жайлы қызықты деректер

Әлемдік ұйқы күні 14 наурызға белгіленген. Бұл мейрам 1999 жылдан бері тойланып келеді.

2010 жылы Мадридте ұйықтаудан жарыс өткен. Ұзақ ұйықтаған адам 1000 евроны жеңіп алған.

НБА, ҰХЛ, ҰФЛ ойыншылары күндіз ұйықтағанды дұрыс деп санайды.

Жай қоғалып тұрған төсекте жату тез ұйықтауға көмектеседі.

Күндізгі ұйқыны қолдайтын компаниялар қандай?

«Nike» компаниясының қызметкерлері «тыныштық бөлмелерінде» ұйықтап, медитация жасауға мүмкіндік алған.

«British Airways Continental» компаниясының ұшқыштары ұзақ сапар кезінде ұйықтай алады. Ал ұшақты оның серіктесі басқарады.

«Google» компаниясының кеңсесінде футуристикалық капсулалар орналасқан. Жұмысшылар уақыт белгілеу арқылы бұл капсулаларда ұйықтай алады. Мұндай капсуланың бағасы 12 985 долларды құрайды. Жалға алу айына 795 доллар.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!