Кітап

Кітап сатылымы: 2020 жылдың бестселлерлері

Қазақстандағы 2020 жылдың бестселлерлері

Кітап қай уақытта болмасын білім мен ақпарат көзі болып қала бермек. Ал оның сатылымы жылдан жылға өсіп келеді. Қазақстандағы ірі кітап сататын «Меломан» дүкендер желісінің сарапшылары 2020 жылдың бестселлерлерін жариялаған. Balbal.kz сайты елімізде көп сатылған кітаптар тізімін назарыңызға ұсынады.

М.Лабковский, «Қалаймын және істеймін: Өзіңді қабылдау, жақсы көру» (Хочу и буду: Принять себя, полюбить)

Психолог Михаил Лабковскийдің пікірінше, әр адам бақытты болуға және өзіне ұнайтын іспен шұғылдануға құқылы. Автордың бұл кітабы өзіңді түсіну, үйлесімділікті табу және өмірге шаттана білуге үйрену жайында. Психолог адамдардың дұрыс өмір сүруіне кедергі болатын жайларды қарастырады: қорқыныш, өзіңді тыңдай алмау, өзгелермен байланыс орнату. Сонымен қатар адам өміріне қатысты қойылатын сұрақтарға осы кітаптан жауап таба аласыз.

М.Маск, «Жоспары бар әйел» (Maye Musk, A woman makes a plan)

Мэй Маск – 71 жастағы супермодель. Ол бұл кітабында өз өмірінен алған сабақтарымен бөліседі. 31 жасында көпбалалы-жалғызбасты ана атанған ол көп еңбектеніп, сән әлемінде өзін көрсете білді. Мэй Маск өз еңбегінде сұлулық пен денсаулыққа қатысты да бірнеше кеңестерін береді. Сонымен бірге жақсы ана болу, отбасымен қатар еңбек жолын жасау секілді мәселелерге де тоқталып өтеді.

Джен Синсеро, «Сіз жаман адамсыз: Өзіңіздің ұлылығыңызға күмәндануды қойып, керемет өмірді қалай бастауға болады» (Jen Sincero, You are a badass: How to stop doubting your greatness and start living an awesome life)

Егер жаңаша өмір сүргің келсе, бұрын айналыспаған іспен шұғылдан. Бұл – кітаптың негізгі формуласы. Әлемнің 28 елінде жарық көріп, 1 000 000-нан астам данасы сатылған аталмыш бестселлерде жеке дамудың 25 әдісі көрсетілген. Әрі бұл әдістердің барлығын Джен Синсеро өзі тексерістен өткізген.

Джо Диспенза, «Өзіңмен өзің болудан арылу: Санаңды жаңарт» (Joe Dispenza, Breaking the habit of being yourself: How to Lose Your Mind and Create a New One)

Сана сіз бағыттап, бағдарлаған нәрсені ғана жасай алады. Аталмыш кітап сізге сана мен қайта бағдарламалау сферасына енуге көмектеседі. Миыңызды өзгерту арқылы денеңізді де өзгертесіз.

Адам миы физикалық уайым мен ойдан шығарылған уайымды еш ажырата алмайды. Бұл кітаптан сіз миыңыздың қалай жұмыс істейтінін және ғалам жайлы жалпы теорияны біле аласыз.

         Робин Шарма, «Өз Феррариін сатқан монах: Армандардың орындалуы мен жетістікке жету жайлы мысал» (The Monk who sold his Ferrari: A fable about fulfilling your dreams and reaching your destiny)

Табыс деген не және оған қалай қол жеткізуге болады? Нағыз бақытқа жету жолы қандай? Ертеңді ойлауды қойып, бүгінгі күнне рахат алуды қалай үйренуге болады? Қабілеттеріңді дамытып, өз тағдырыңды қалай басқаруға болады? Осы секілді сұрақтардың жауабын Робин Шарманың кітабынан таба аласыз.

Тізімде аталмыш кітаптардан бөлек «Абай жолы», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Көшпенділер», «Абайдың Қара сөздері» секілді классикалық әдебиет туындылары да бар.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!