КітапТаным

Нассим Талеб: «Антисынғыш. Бұзудан пайда болатын заттар» кітабы

"Antifragile.Things that gain from disorder" кітабы

Нассим Талеб – америкалық жазушы, эссеист, сарапшы және бұрынғы трейдер. Ол экономика мен биржалық саудаға әсер ететін негізгі факторларды зерттеген. Экономикалық бестселлерлер атанған бірнеше кітаптардың авторы. Назарыңызға Нассим Талебтің «Антисынғыш» (Antifragile. Things that gain from disorder) кітабының қысқа мазмұнын ұсынамыз.

Антисынғыш дегеніміз не?

Кейбір заттар не құбылыстар аясты орын алған оқиғадан, белгілі күштің әсерінен сынып жатады. Бұлар хрустальді ыдыс немесе өткен ғасырда болған тоталитарлық мемлекеттер. Біз оларды сынғыш деп атаймыз.

Сонымен қатар кері қасиетке ие заттар мен құбылыстарды да кездестіріп жатамыз. Олар қиын жағдайларда өзгеріп, жақсара түседі. Мысалы тірі организмдер мен дамып жатқан қала-мемлекеттер. Олардың бұған дейін аты болмаған еді. Ендігі уақыттан бастап бұларды «антисынғыш» деп айтамыз.
Антисынғыштық созылыңқылық пен мықтылықтың синонимі емес. Темір қылыш майысады әрі мықты. Алайда ол да сынғыш болып келеді. Бактерия антибиотиктің әсерінен қорғаныш ферменттерін бөліп, өмір сүреді. Ол – антисынғыш.

Бұл не үшін маңызды?

Нассим Талеб «Қара аққу» кітабында аяқ асты орын алған оқиғаны «Қара аққу» деп атаған. Қазіргі уақытта мұндай аққулар жиі кездеседі. Ал адамдар оларды бірден болжап біле алмайды. Алайда заттардың және құбылыстардың антисынғыштығын біле аламыз. Демек Қара аққудың оларға қалай әсер ететіні жайлы ақпарат аламыз. Сәйкесінше қандай процесс пен затқа бәс тігуге болатынын анықтаймыз.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Адам жарақатанса не болады? Ол қанының белгілі мөлшерінен айырылады. Бастапқы уақытта адам оны байқамауы да мүмкін. Себебі біздің ағзамыз қанның барлық мөлшерін қолданбайды. Қалған бөлігі бауырда, өтте, веналарда сақталады. Егер жарақат ауыр болмаса, бірден жазылады. Осылайша жарақат орнында жасуша саны көбейеді. Бұл – ағзаның антисынғыштығы.
Енді белгілі түрді алып қарастырайық. Мысалы, еліктер. Кеше еркек елік ауырып өлді. Ал екіншісін қасқыр жеді, себебі жай жүгіретін. Ал ұрғашы елік өмірге дені сау екі лақты алып келді. Үйірде екі елік өлгенімен, орнына жаңалары келді. Бұл құрбандықтан олар әлсіреген жоқ, керісінше күшейе түсті.
Бизнес пен еңбек нарығында да осындай. Қызметін нашар атқарған аспаз жұмыстан шығарылды. Нәтижесінде өнімнің сапасы артып, кіріс көбейді. Бір мейрамхана жабылғанымен, тамақтану саласы одан әрі дами береді.

Кеменің қирауы саяхатты қалай жақсартты?

Титаниктің оқиғасын бәріміз білеміз. Бұл кезде мыңдаған адам қаза тапты. Алайда бұл оқиға бұдан көп адамның өмірін сақтады деп ойладыңыз ба? Инженерлер енді үлкен кемелер салмады. Олар қауіпсіздікті арттыруға көшті. Егер бұл апат болмағанда, бәлкім одан да үлкендері орын алар ма еді?!
Екінші жағынан қарастырып көрейік. Титаник сынғыш болды және ол бұзылып, жойылды. Дегенмен кеме жасау саласы жойылған жоқ. Тек жақсара түсті.
Бұдан шығатын қорытынды: қателіктен қашпау керек. Ол бізді жақсарта түседі. Қателік арқылы нені жасаудың қажеті жоқ екенін білеміз. Ал бұл – ең үлкен білім.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!