Кітап

Жәмила Қибасова. «Өзіңмен күрес!»

«AI-NAZ» той ұйымдастыру орталығының басшысы - Жәмила Қибасова

Жәмила Қибасова – «Маңғыстау» телеарнасында 8 жылдық өтілі бар кәсіби журналист, табысты кәсіпкер және бизнес тренер. «JAMILYA KIBASOVA media group» және «AI-NAZ» той ұйымдастыру орталығының басшысы. Ақтау қаласы бойынша ең алғашқы  «Тележурналистика» курсын ашып, 100-ден астам болашақ журналистерді оқытқан өз ісінің нағыз маманы. Аманжол Рысмендиев ашқан «Enrise» компаниясының өкілі. «Миллионер болғым келеді» жобасының жетекшісі. «Өзіңмен күрес!» мотивациялық кітабының авторы.

«Өзіңмен күрес!» кітабы

«Өзіңмен күрес!» — 2018 жылы жарыққа шыққан кітап. Бұл кітап 2 бөлім, 75 беттен тұрады. Кітаптың бірінші бөлімінен уақыттың маңыздылығын, табысты болуға жетелейтін әдеттер, қорқақтық пен тәуекел туралы оқып білесіз. Ал екінші бөлімінен табысқа жетудің заңдылықтарын, команда құрудың маңыздылығын,  кәсіптегі қаржыны басқарудың кеңестерін үйренесіз. Ең бастысы өміріңізді 180 градусқа өзгертіп, өзіңізбен күресуді қолға аласыз. Ал енді мен сізге Жәмила Қибасова кітабында айтқан құнды ойларын ұсынамын.

 Өзгеруге өзіңіз талпынбасаңыз, сізді Құдай да өзгерте алмайды!

Мен егер көшеден арақ ішіп, үйі жоқ қаңғып жүрген қаңғыбас адамдарды көрсем оларға аяушылық сезіммен қарамаймын. Маңдайына жазылғаны осы шығар демес едім. Адам тағдырын өзі жасайды. Сөзімді шығын қылмаймын, өйткені бұл өмір оларға ұнайды. Егер ұнамаса адами қасиеттерін өздері таптамас еді ғой. Сондай-ақ, мен нашақорлар мен ойынқұмарларды көрсем оларға аяушылық сезіммен қарамаймын. Өйткені бұл өмір оларға ұнайды. Мұндайлар қиындықтармен күрескісі келмегендіктен беріле салғандар. Басқаша ақталудың қажеті жоқ. Олар үшін өмір нашар. Шындығында өздері нашар…

Күнделікті бір тірлігіңіз қайталана берсе, оған өзгеріс енгізбей отырған өзіңіз.

Жәмила Қибасова

Кәсіпті бастағасы келіп әлі ойланып жүргендер

Бизнес – ол тәуекелден тұратын тәтті жол. Ең үлкен қателік – ойын қорқынышқа толтыру. Ал сіз «Керісінше менің қолымнан келеді. Мен үшін кәсіптен де қиын күндер басымнан өтті. Сондықтан кәсіп бастау мен үшін қиын емес» деп өзіңізді қайрап, әрекетке көшіңіз. Есте ұстаңыз, өмірде өзіңізден басқа ешкімге сенбеңіз және көмек күтпеңіз. Мейлі ол жеке кәсібіңіз болсын, мейлі желілік бизнес болсын, шын беріліп әрекеттеніңіз. Көп еңбек еткен адамға бақыт басын иеді. Кәсіппен айналысу бәрінің қолынан келеді. Тек тәуекел етушілер аз. Сіз мейрамхана ашқыңыз келді ме «не істеймін, қалай болар екен, ақша қайдан табам» деп қырық ойланып жүрсеңіз сізден түк шықпайды. Мейрамхана ашу идеясы келді ме, қаладағы кез-келген мейрамханаға аспаз, даяшы болып қызметке кіріп алыңыз да сол бизнесті зерттеңіз. Сіз әрекетке көштіңіз деген сөз. Сіз сөйтіп мейрамхана кәсібінің қыр-сырын меңгересіз, сізге тағы да идеялар келе бастайды. Әрекеттер арқылы ғана өзіңізді дамытыңыз. Тек ерінбеңіз. Байлық пен бақыт еріншектерге жоламайды.

«Байлыққа жету — оңай. Жәй ғана байлықтың өз ережелерін ұстансаңыз болғаны».

 Жәмила Қибасова

Ақша жинау мен жұмсаудың ережесі

  1. Өзіңізше «Денсаулық» деген атау қойып, банктен депозит шот ашыңыз. Әр тапқан табысыңыздың тағы 5 пайызын соған салып отырыңыз.
  2. Әр тапқан табысыңыздың 10 пайызын өзіңізге сақтап қойыңыз.
  3. 5 пайызын садақа беруге арнап тұрыңыз.
  4. 5 пайызын тұлғалық дамуыма деп жинаңыз.

Кәсіптегі қаржыны басқару кеңестері

  • Кіріс пен шығынды есептеп отырыңыз.
  • Түскен табысты қайтадан бизнеске салыңыз.
  • Кәсібіңізде тұрақтылық болмайынша жан рахаттарына ақшаны жұмсамаңыз.
  • Білім алуға, біліктілікті арттыруға ақшаны аямаңыз.
  • Сіздің өміріңізде кемінде 300 мың теңге артық ақша болу керек. Сіздің кем-кетіктеріңізді жабатын осы запастағы ақша болады. Оған қысылған күндерде ғана пайланыңыз.
  • Кәсібіңіздің жарнамасы үшін ақша аямаңыз.

Дайындаған: Эльмира Ұзақбаева

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!