Компас

Саяхатқа арналған гаджет: Қалта үтігінен күн батареясынан дейін

Саяхатқа арналған пайдалы гаджеттер

Саяхатқа шығу кезінде түрлі эмоциялар үшін өз рахатыңызды аяққа таптауға тура келеді. Өзіңізді сүйікті орындығыңыз бен теледидарды алып жүру мүмкіндігі туындамайды. Бірақ бірнеше гаджеттерді алып жүру сіздің саяхатыңыды жеңілдетеді. Balbal.kz сайты саяхатқа арналған үздік гаджеттер тізімін дайындады.

Мультитул карта

Қалтадағы мультитул – саяхат кезіндегі таптырмас құрал. «Wallet Ninja» мультитулы өте шағын және мөлшері картамен тең. Оны қалтада немесе әмиянда салып жүруге болады. Оның ішінде 4 бұрағыш, 6 гайкаға арналған кілт, консервіні ашу құралы, жемістерге арналған пышақ, шегесуырғыш пен сызығыш бар. «Әмияндағы ниндзя» нағыз саяхатшыға арналған құралдар жиынтығы.

Қол кофеқайнатқышы

Кофе және таң синонимдерге айналғандай. Алайда тауға немесе шалғайға саяхат жасау мұндай мүмкіндік бермейді. «Handpresso» эспрессо-машинасының көлемі көзілдірік қорабынан сәл ғана үлкен. Ал оның кофесі тәжірибелі бариста жасағанмен тең. Ең бастысы, тоқ көзін қажет етпейді. Бар болғаны ыстық су құйыңыз. Қалғанын кофеқайнатқыш өзі дайындайды.

GPS құрылғысы бар смартфон

Смартфон адамдарға үлкен мүмкіндік береді. Ал GPS құрылғысы болса, екі есеге пайдалы. Навигациялық карталары бар қосымшаларды жүктеңіз. Картадағы атаулардың дәл келуіне назар аударыңыз. Сонымен қатар ондай қосымшалар ешқандай ғаламторды қажет етпейді.

Көлік қуаттағышы

Көліктегі қуаттағыш өте ыңғайлы. Тез арада смартфонды қуаттап, уақытты үнемдейді. Қазір бір, екі және үш ұғымасы бар қуаттағыштар бар. Олар бір мезетте бірнеше құрылғыны қуаттауға мүмкіндік береді.

Қалта үтігі

Қонақ үйге қонбасаңыз, киім үтіктеу мәселесі алдыңыздан шығады. Әсіресе, көлікпен немесе велосипедпен саяхат кезінде мұндай қажеттілікті айналып өте алмайсыз. Ол үшін өзіңізбен қалта үтігін алып жүріңіз. Олар өте шағын және тоқ көзін керек етпейді. Олардың салмағы 0,5 килограмм және алақанға сияды. Қалта үтіктері де құрғақ және бумен үтіктей алады. Ал сапасы көңіл көншітерлік.

Қалта қуаттағышы

Демалыс және саяхат кезінде смартфонның қуаты тез бітіп қалады. Үздіксіз картаны қолдану, суретке түсу оның қуатын тез азайтады. Бұл мәселені жеңу үшін қалта қуаттағышын алып жүрсеңіз болады. Өз смартфоныңыздың қуат көлемін анықтап алыңыз. Ал қалта қуаттағышының сыйымдылығы смартфонның қуатынан кем дегенде екі есе көп болғаны жөн.

Швейцарлық пышақ

Өз бойына барлық қажеттіні біріктіретін пышақ табиғат аясында өте қажет. Онымен сіз манго тазалап, көлік жөндеуіңізге де болады. Әдетте швейцарлық пышақтардың құрамында пышақ, бөтелке және консерві банканы ашуға арналған құрал, бұрағыш, қысқыш секілді заттар болады.

Күн сәулелік батарея

Бұл батареяны шөпке қойып, сөмкеге асып немесе автобус терезесінің алдына қойсаңыз жеткілікті. Ол толық қуаталып болған соң қалта қуаттағышын немесе смартфон және өзге құралдарды қуаттай аласыз. Мұндай батареялар байланыссыз қалмауға көмектеседі. Оның көлемі А4 қағазының көлемімен тең болғаны өте ыңғайлы.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!