Фильмдерде кездесетін таңғажайып орындарды компьютер арқылы жасалған деп ойлаймыз. Бірақ кейбір жерлер шынында да өмірде бар. Balbal.kz сайты әйгілі фильмдер түсірілген жерлердің тізімін ұсынады.
Хунань, Қытай
Атақты «Аватар» фильмініндегі Пандора тауы. Қалың жұртшылық тауды компьютермен жасаған деп ойлайды. Бірақ Пандора тауы Қытайдағы Хунань провинциясында орналасқан. Дәлірек айтқанда Чжанцзяцзе саябағында. Биіктігі 800 метрге дейін жететін алып саябақ провинцияның көрікті жерлердің бірі. Саябақ аумағынан өсімдіктер мен жануарлардың сан мыңдаған түрін кездестіре аласыз.
Матамата, Жаңа Зеландия
«The Lord of the Rings» фильмі шағын қалашықты әлемге әйгілі етті. Жаңа Зеландиядағы 6 мың фермер тұратын қалашық туристер мекеніне айналды. Қалашықты енді «Хоббитон» деп атайды. Себеі фильмде осы қалашықта «хоббитон» аталатын ертегі адамдары өмір сүреді. Бүгінде кино сүйер қауым ертегі қаланы көру үшін арнайы келеді.
Алник қамалы, Англия
«Хәрри Поттер» ертегісін көрмеген адам жоқтың қасы шығар. Фильмнің түсірілімі қай жерде өткені кез келген адамды қызықтырары анық. Алник қамалы Англиядағы Нортумберленд аймағында орналасқан. Келген туристерге қамал жайлы егжей-тегжей айтылады.
Ангкор, Камбоджа
«Lara Croft: Tomb Raider» фильмінің түсірілімі өткен жер. Көріністердің көпшілігі «Ангкор» ғибадатханасында түсірілген. Ғибадатханаға жөндеу жұмыстары ешқашан жүргізілмеген. Қалың көпшілік ғибадатхананы джунглиде орналасқан деп ойлайды.
Дайындаған: Гауһар Бердібек