Компас

Тасманиядағы таңғажайып TOП-5 орын

Тасманиядағы көрікті жерлер

Тасмания штаты Австралияда орналасқан. Экзотиканы жақсы көретіндер үшін таптырмас жер. Balbal.kz сайты назарыңызға Тасманиядағы таңғажайып TOП-5 орынды ұсынады.

Хобарт қаласы

Қаланың көлемі шағын болса да, архитектурасымен ерекшеленеді. Мұнда келген саяхатшылар ең алдымен корольдік саябаққа барады. Саябақтан сирек кездесетін өсімдіктерді тамашалауға болады. Хобарт қаласының көрнекті жерлін аралап шығу үшін, бір күніңіз жеткіліксіз болады.

Дейви порты

Мұхит суымен қоршалған шағын арал. Тасманияның оңтүстік-батысында орналасқан. Егер сіз толқынның дыбысын, құстардың үнін тамашалағанды ұнатсаңыз, бұл жер сізге арналған. Гилмор тауына көтерілу арқылы аралдың табиғатын толықтай көре аласыз. 

Батерст-Харбор

Бұл жерден жойылып кету қаупі бар корелла попугайын кедестіресіз. Сонымен қатар Битти тауы орналасқан. Тау шыңына көтеріліп, таңғажайып көріністен ләззат аласыз.

Бруни аралы

Тасманияның оңтүстік-шығысында орналасқан арал. Блай мұражайы арқылы аралдың тарихымен толықтай танысуға болады. Аралдың ең биік жері – Адвенчер нүктесі.

Вайнгласс шығанағы

Тасманиядағы ең әдемі аралдардың бірі. Пішіні көзге ұқсайды. Аралдың ұзындығы 1,7 шақырымды алып жатыр. Ақ құммен көмкерілген арал кез келген туристі таңғалдырары анық.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!