Копирайтинг

Дмитрий Кот: Сатылатын мәтін

Дмитрий Кот кеңестері

Дмитрий Кот – ресейлік белгілі копирайтер, маркетинг жайлы кітаптардың авторы. Дмитрий фриланс және менеджмент салаларының жетекші маманы. 2004 жылдан бастап фрилансер. Бірнеше жылдан соң сапалы мәтін жазудың қыр-сырын үйрететін тренинг-сабақтарын өткізе бастайды. Оның жеке сайтында мәтін жазу жайлы кеңестер көп. Дмитрий Кот сатылатын мәтін жазу арқылы тұтынушының қарсылығын жоятын тәсілдерін ұсынамыз.

Тұтынушының қарсылығы

Мұндай қарсылық маркетинг және копирайтер мамандары үшін қорқынышты емес. Бастысы байбалам салмау керек. Оның орнына мәселені оңтайлы шешу жолын іздеген жөн.

Қандай қарсылық пен келіспеушілік болуы мүмкін? Тізім жасаңыз. Олар негізгі екі топқа бөлінеді:

  • Стандартты – «жеткізу уақыты неге ұзақ?», «бағасы неліктен қымбат?», «сіздің кәсібилігіңізге күмәнім бар», «нәтиженің болатынын қалай дәлелдейсіз?» секілді сұрақтар;
  • Эксклюзивті – компания мен тауар/қызмет түріне байланысты туындайтын сұрақтар.

Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін қарсылықтың осы екі түрімен де жұмыс істеген дұрыс. Оларды шешудің үш жолы бар:

  • Сіздің қызметіңіз/тауарыңыздың артықшылығын көрсететін дәлелдер мен факторлар;
  • «Өмірдің барлық жағдайына» қажетті дәлелдер – нақты дәлелдер болмаған жағдайда;
  • Айла (осы себептен де, себебі секілді сөздерді қосу).

Адамға «себебі» деген сөзден кейінгілері маңызды емес. Бұл сөздің әсер ететіндігі соншалық адамға қорытынды емес, себептің болуының өзі жеткілікті.

Қарсылықты білдірмей жою

«Жасырын нұсқада» сіздің алдыңыздан екі мақсат шығады:

  • Өз тауарыңыз жайлы жариялау, оның артықшылығы мен сатып алғаннан кейінгі пайдасы туралы жазу;
  • Сатып алушыға сіздің уәдеңіздің растығын дәлелдеу, оны өмірге айналдыруға болатынын көрсету.

Осы екі мақсатқа сүйене отырып, сіз сатылатын мәтін жазасыз. Ал ол үшін бірнеше тексерілген мәтін құрылымына сүйенген дұрыс:

  • Тақырып;
  • Ұсыныс;
  • Тұтынушылардың пікірі;
  • Қолдану үлгілері.

Қарсылықты жасырын жоюдың үлгілері

Уәде

Кейбір сайттардың басында жететін жетістік жайлы қысқа сөйлем жазылады. Әрі қарай «компания танымал емес» секілді қорқынышты сейілтетін бірнеше дәлел келтіреді: біздің сервисті 4000-нан аса компания қолданады.

Кепілдік

Егер тұтынушыға ұнамай қалған жағдайда берілетін бонустар. Бұл әдісті копирайтингте тиімді қолдану үшін мына үлгіні пайдаланған дұрыс:

-Қызықты кепілдің аты-

Егер (қорқыныш) орын алса, біз (берілген уәде) орындаймыз.

Тұтынушы қорқынышын дәл жазыңыз. Жиі берілетін уәде – қаржыны қайтарып беру. Тауар/қызметі сыйға тарту, қайта жасап беру.

Видео

В2В нарығында барлығы тек нақты деректермен ғана жүзеге асады. Бұл бізде жағымды эмоцияның пайда болуына әсер етеді. Қызықты сурет пен видео өз қызметін жақсы атқарады.

Мәтінде қарсылықтың быт-шытын шығару

Сіз өз мәтініңізде тұтынушының қарсылығын қоса аласыз. Оның екі жолы бар:

  • Тура. Сатып алушының бетпе-бет кездескенде қоятын сұрақтарды мәтінге кірістіру. Ондай сұрақтар «Мен жеткізу уақытына күмәнданамын», «Тауардың сапасына алаңдаймын» секілді болуы мүмкін. Бұл сұрақтарды мәтініңізде «Сізде тауарымыздың сапасына қатысты күмәніңіз бар ма?» секілді үлгіде бере аласыз.
  • Абайлап беру. Мұнда тұтынушылардың сұрақтары жұмсартылып беріледі. Мысалы, «Жиі қойылатын сұрақтардың жауабын қарап көріңіз», «Шешім қабылдауға көмектесетін аргументтер қажет пе?», «Жеткізу уақытына қатысты күмәніңіз бар ма?» деген үлгілерде ұсынылады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!