КітапКопирайтинг

Копирайтинг жайлы кітаптар

Копирайтерге қажетті кітаптар

Копирайтинг – ғаламтор-дүкендерімен бірге дамып келе жатқан салалардың бірі. Копирайтердің міндеті тек мәтін жазумен ғана шектеліп қалмайды. Ол жалпы контенттің дамуы мен сатылымның артауына үлесін қосады. Сол себепті копирайтерге тұрақты түрде білімін толықтырып отыру қажет. Balbal.kz копирайтерге қажет кітаптар тізімін дайындады.

         Дэвид Огилви, «Огилви жарнама жайында» («Ogilvy on Advertising» by David Ogilvy)

«Ogilvy&Mather» компаниясының негізін салушы, жарнаманың «атасы» саналатын Дэвид Огилви бұл кітабында жарнама жасаудағы негізгі факторларға тоқталып өтеді. Тақырыптың дұрыс қойылуы, суреттер, мәтін жазу, фото және видеоконтент жасаудағы ерекшеліктер сынды мәселелер жөнінде сөз қозғайды.

«Rollce-Royce», «Ford», «IBM», «Adidas», «Coca-Cola Company», «Nestle» сынды компаниялардың жарнама мәтінін дайындаған копирайтер жарнама жайлы аңыздардың кейбірін жоққа шығарады.

Николай Кононов, «Автор, қайшы, қағаз. Керемет мәтінді қалай жылдам жазуға болады. 14 сабақ» (Автор, ножницы, бумага. Как быстро писать впечатляющие тексты. 14 уроков)

14 қысқа әрі тиімді сабақтың нәтижесінде сіз тек жазуды ғана үйренбейсіз. Автордың ойынша, журналистің және копирайтердің қолында ешқандай сиқыр жоқ. Белгілі кезеңдерден өту арқылы сіз де мәтінді түзеп,идея тауып, мәтін теруді игересіз.

         Нора Галь, «Сөз тірі және өлі» (Слово живое и мертвое)

Автор журналистер мен копирайтерлер жіберетін қателерді нақты мысалдар арқылы түсіндіреді. Сонымен қатар қағидаларды бұзып, ерекше стильіңізді табуға көмектеседі. Мысалдардың арқасында автордың айтқысы келген ойын жылдам түсінесіз. Кітап тек копирайтерге ғана емес, аудармашылар мен блогерлерге арналған.

Андрей Парабеллум, «Копирайтингтің 77 құпиясы. Сата алатын мәтіндер» (77 секретов копирайтинга. Тексты, которые продают)

Мәтінді аутсорс арқылы дайындау – бәсекелестер алдындағы артықшылықтан айрылу. Автордың ойынша, тауар және кәсіп жайлы басшыдан артық ешкім білмейді. Бұл кітаптан копирайтинг және мәтін жазуға қатысты 77 шағын кеңесті оқи аласыз.

         Майкл Стелзнер, «Іске қосу: Бизнесті қалай жылдам бәсекелстіктен алып шығуға болады» (Launch: How to Quickly Propel Your Business Beyond the Competition» by Michael A. Stelzner)

Бүгінгі таңда дәстүрлі маркетингтің тиімсіздігінен бөлек, ол кәсіпке зиянын да тигізуі мүмкін. Сондықтан Майкл Стелзнер бұл кітабында бизнес үшін пайдалы контент түрлерін санамалайды. Контент-маркетингтің қыр-сырын айтып, тұтынушының сенімін жаулауды үйретеді.

         Аннет Симмонс, «Оқиға факторы. Сторителлинг арқылы әсер ету өнерінің құпиясы» (The story factor. Secrets of influence from the Art of Storytelling)

Сторителлинг анықтаманы қажет етпейді. Аннет Симмонстың бұл кітабы сторителлингтің көмегімен клиенттің назарын аудару, сеніміне ену жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар оқиғаны баяндаудың 6 түрін біліп, 100-ден аса мысалды оқи аласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!