Лайфхакер

Tax Free – жұмсаған ақшаңызды қайтарып алу мүмкіндігі

Tax Free жайлы білесіз бе?

Tax Free – шетелдік азаматтарға өнім бағасына қосылған салықты қайтаруға мүмкіндік беретін жүйе. Салық, әдетте, өнімнің жалпы бағасына қосылады. Бұл ақша саудагердің атынан мемлекет бюджетіне түседі. Шетелдік азаматтар мемлекеттің ішкі саясатына енбейді. Сондықтан олар салықтан босатылады. Ақшаны мемлекет шекарасынан шыққан кезде қайтарылады. Balbal.kz «Tax Free» жүйесі жайлы материалды назарыңызға ұсынады.

Қаншалықты үнемдеуге болады?

Қайтарылатын сомма жалпы тауар бағасына қосылған салық мөлшеріне байланысты. Ал салық әр елде әр түрлі көлемде болады. Мысалы, Жапонияда жүйе арқылы тауар бағасының 8% қайтара аласыз. Бұл – әлем бойынша белгіленген минималды көрсеткіш. Ең жоғарғысы Венгрияда. Бұл елде тауар бағасының 27% қайтаруға болады.

Кейде қолыңызға түсетін ақша сіз есептегеннен де аз болуы мүмкін. Өйткені артық жұмсалған ақшаңызды дүкен келісім-шарт жасаған делдал-компания арқылы қайтарады. Көрсетілген қызмет үшін мұндай компаниялар белгілі сомманы өзіне алып қалады. «Tax Free»-мен жұмыс істейтін компаниялар: Planet Global Blue, Innova Tax Free.

Жүйені қолдану үшін қандай тауарды сатып алу керек?

Көптеген елдерде салықты киім, аяқ-киім, электронды техника, сағат және зергерлік әшекейлерді  сатып алу арқылы қайтаруға болады.

Кейде онлайн дүкендер, азық-түлік және кәдесый дүкендері мен дәріханалар салықты қайтару жайлы актіге енбеуі мүмкін. Мысалы, Ұлыбританияда тауар бағасына қосылатын салық 0% құрайды. Сәйкесінше ақшаңызды қайтара алмайсыз. Мұндай заңдық норма балалар киімі, кітаптар мен шәйға қатысты.

Tax Free-ді алу жолдары

Жүйе арқылы ақшаны қайтураға арналған чекті ұсынатын дүкен есігінде арнайы жапсырма болады. Ақпарат көбіне ағылшын тілінде жазылады. Сонымен қатар ақшаны қайтаратын делдал-компания атауы да көрсетіледі.

Сауда жасаған соң, саудагер арнайы чекті рәсімдейді. Мұны «Tax Free Voucher» деп атайды. Ол тауар чегімен бірге ұсынылады. Чекті рәсімдеу үшін паспорт және оның көшірмесі қажет. Ақпаратты жазу барысында ешқандай қатенің кетпегенін бақылаңыз.

Әр елде чек рәсімделетін минималды сомма белгіленген. Мысалы, Германияда бұл 25 еуро, Францияда – 175 еуро, Голландияда – 50 еуро, Ұлыбританияда – 30 фунт стерлинг, Аргентинада – 70 песо, Жапонияда – 5 мың иен.

Қайтарылған ақшаны «Tax Refund» делдал-компанияның кеңсесі арқылы қайтара аласыз. Сомманы қолма-қол ақша түрінде немесе картаңызға аударуы мүмкін.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!