Лайфхакер

Жаңылтпаш: жаңылмай жаттаңыз

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің жанры. Дауыс ырғағын жақсартуға жаңылтпаштар тікелей әсер етеді. Жаңылтпаштар тілдің бұралуы арқылы сөйлеу аппаратын дамытады, оны жетілдіреді. Сөйлеу аппаратының дамуы мәнерлі, айқын, ырғақты дыбыстарға әкеледі. Назарларыңызға тіл дамытуға арналған жаңылтпаштар тізімін ұсынамыз.

 

“А” әріпіне

Аббат абдырағыш па,
Абақ абдырағыш па?
Аббат абдырағыштау,
Абақ қодыраңдағыштау.

Ақтанкер — маңтанкер.
Ақтаубек тарыны шала ақтапты,
Ақтаңдақ етпей, қайтадан аңтаңқырасыншы.

 

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

Аршабек арша деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны.
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады.

 

“Б” әріпіне

Бал аралар, бар аралар
Балалармен бірге бау аралар.
Бар балалар арамен ағаш аралар.

Байтан тай таңдады,
Таңдаған тайы тайтаңдады.
Бұған кейіген Байтан тағы
Тайтаңдамайтын тай таңдады.

Бұғанақты бұзаудың бұғанасын
Бұлтақтатқанда
Белгілі бұра алмасың.
Бұла бұзау бұлтақтап туламасын.

 

“Ж” әріпіне

Жоғалды бес шыбыш,
Жоң өлі еш сыбыс.
Жоқ өлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

Жағалтай жадағай
Жағалауды жағалап ұшты.
Жолақ-жолақ жағал құс
Жарлауытты сағалап ұшты.

 

“К” мен “Қ” әріпіне

Кәпңаз — «қап» тауы ма?
«Қап» тауы — Кәпқаз емес.
Ойдан орғытып біреудің тапқаны ма?!

Кендірден кенеп шығар,
Кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.

 

Күз, Кез, Көз,
Күш, Кеш, Көш,
Кір, Кер, Көр,
Күл, Кел, Көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды тез?
Сен өлше, ол өлшер,
Сол өлшем, сол мөлшер.
Омар ора алар,
Омар ора алмаса,
Орал ора алар.

Кінә бар,
Күнә бар,
Күмән бар.
Кінә не,
Күнә не?
Күмән не?
Кінәні артады,
Күнәге батады.
Күмән боп жатады.
Кінәлі, күнәлі,
Күнәлі күмәнді,
Күмәнді кінәлі.

 

 

Қаймыжық қаймығыңқырап қаймаңдай ма,
Қаймықтырған қайманаға маңмаңдай ма?

Қырқадағы қырық арқар,
Қырқы-дағы қиқар арқар.
Қасқиғаны марқа арқар,
Қалқадағы қарт арқар.

 

“С” әріпіне

Сары шал маршал болды,
Маршал болған сары шалды
Кәрі шал қарсы алды.
Маршал келді, — деп,
Көрі шал жар салды.

Сұқсыр үйрек
Ұшқыр үйрек десек те,
Тұмсығы үшкір үйрек
Сұқсыр үйректен күйрек пе?

Сатып тайлақты,
Алдық тай, лаңты.
Сатып тай, лақты,
Алдың тайлақты.

Сомадай Шалабай
Солақай Санабайды,
Соқталдай Шанабайды,
Сопиды шала алмай.

 

“Ш” әріпіне

Шиеленіскен жіп түйінін
Шешсе, шешем шешсінші.
Шиеленістіріп түйіндеудің қиынын
Шешем де сезсінші.

Шырша сыпырғыштың
Ұшы шырпылсыншы.
Барша сыпырғыштың
Ұшы қырқылсыншы.

Сіздерге ұсынған жаңылтпаш қатары осындай. Пайдаңызға жаратыңыз!

Дайындаған: Айдана Алмаханова

 

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!