Миллионер

Аяз Шабутдинов: Кәсібі мен жетістігінің тарихы

Аяз Шабутдинов және Like холдингі

Аяз Шабутдинов – ресейлік кәсіпкер, «Like» холдингінің негізін салушы, блогер, коуч. Ол кәсіпкерлік жолын 14 жасында бастаған. Қазіргі уақытта бірнеше сәтті франшизалардың авторы. Balbal.kz сайты Аяз Шабутдиновтың кәсібі мен жетістік тарихын ұсынады.

Балалық шағы

Аяз Шабутдинов Ижевск қаласында кәсіпкерлер отбасында дүниеге келген. Ата-анасы азық-түлік зауыттарынан өз үлестерін алып отырған. 1995 жылы олар отбасымен Куеда ауылына көшіп келеді. Ауылда көңіл көтеретін орындар болмағандықтан, Аяз спортпен шұғылданып, өзін дамытады.

Ол әкесімен бірге іскерлік кездесулерге жиі барып тұрған. Осындай кездесулердің бірінде оны түрлі сыйлықтар сататын дүкен қызықтырады. Ауылында мұндай орындар мүлде жоқ еді. Ата-анасының көмегімен Аяз алғашқы бизнес-идеясын іске асырады. Ғаламтор арқылы алған түрлі сыйлықтар, қызықты заттар тез сатылып, жас кәсіпкер аз уақытта пайдаға кенеледі.

15 жасында жасөспірім Ижевск гимназиясына оқуға түсіп, өз бетімен өмір сүре бастайды. Бос уақытында Аяз тапсырыспен өлең жаздыруға болатын «stuxu.narod.ru» сайтын ашады. Портал арқылы ол біраз табыс тауып үлгереді.

Кәсіпкерлік өмірінің басталуы

Университет қабырғасында Аяз Шабутдинов «КВН» ойындарына қатысады. Актерлік шеберлік арқылы пайда табуға болатынын түсінген ол клубтық кештерді, мерекелік шараларды жүрзгізе бастайды. Түсетін қаржы аз болғанымен, көлігінің несиесін өтей алды.

Аязға түнгі өмір ұнады. Алайда мұнда көп ақша таба алмайтынын түсінген ол кәсіп әлеміне көшеді. Жақын достарынан команда жинап, құрылыс сатыларын дайындайды. Бизнестегі қиын нишаны таңдау арқылы Аяз кәсіпкерлік қарым-қатынас пен шешім қабылдауға үйренеді.

Куеда лимонады

2013 жылы ол өз ауылына қайтып келеді. Бұл уақытта әкесі «Куеда сыра зауытының» басқарушы директоры еді. Ал цех тек лимонад өндіретін.

Әкесі Аязды кәсіпорынды дамыту бөлімінің басшысы етіп тағайындайды. Баласының креативті жарнамалары арқылы лимонад сатылымы өсіп, кәсіп жанданады.

Зауыттағы жұмысынан бөлек ол «Куедадан» (Из Куеды) атты блогын жүргізетін.

Лайк хостелдері

Осы жылы жас кәсіпкер хостелдер желісін ашуды қолға алады. Алғашқысы Ижевск қаласындағы қарапайым пәтерде ашылды. Жиһаз шығыны мен жөндеу жұмыстарына 100 000 рубль кетеді. Ал алғашқы табысы 28 000 рубльді құраған.

Сәтті басталған кәсіптен кейін Аязда инвесторлар арқылы жасауға болатын франшиза идеясы пайда болады.

Лайк кофесі

2013 жылы кәсіпкер белгілі бизнесмен Зуфар Гариповпен бірге «Coffee Like» орталығын ашады. Бұл сол уақытта нарық үшін жаңа бизнес болды. Компания өз саласында аз уақыттың ішінде көшбасшыға айналды. Біраз уақыт өткен соң «Coffee Like» үздік бизнес-идея атанды.

Жас кәсіпкердің бұл стартапы кеңейіп, Ресей бойынша 300 орыны ашылды. Сатылымнан бөлек баристалар дайындайтын мектептен де пайда түсіп тұрды.

Лайк орталығы

Сәтті стартаптан соң Аяз холдинг құруды қолға алады. 2018 жылы бұл холдингке хостелдер желісі, мектептер мен кофе орындары кірді.

2018 жылы Аяз Шабутдинов «Coffee Like» франшизасын $200 000 сатады. Бизнесін сатуы жаңа жоба – «Names» коворкинг орталығымен байланысты болды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!