Миллионер

Бизнес-идея: Кітап хостелі

Кітап-хостелі туралы естуіңіз бар ма?

 Бизнес-идея неғұрлым тың әрі ерекше болса, соншалықты жылдам табысқа жетеді. Ал мұндай идеяны іздеуге көп уақыт кетуі мүмкін. Назарыңызға табысқа жетуге көмектесетін бизнес-идеяны ұсынамыз.

The book and Bed Tokyo-Kyoto

Жапонияның Киото қаласында ерекше хостел ашылған. Ол Киото театры «Самурай Кембудан» 700 метр жерде орналасқан. Хостел «The book and Bed Tokyo-Kyoto» деп аталады. Хостелдің ерекшелігі – қонақтар кітап сөрелерінің арасына орналастырылады. Дәл осы сөрелерде жатын орыны бекітілген.

Хостелдің барлық қабырғасы кітап сөрелерінен тұрады. Ал төсектерге ағаштан жасалған баспалдақ арқылы жетесіз. Әрбір жатын орнында розетка мен жарық лампасы бар. Бұл жерде кітап оқу өте ыңғайлы. Қажет болса есікті шымылдық арқылы жауып қоя аласыз.

Шағын қонақ үйде шамамен 5 000-дай кітап бар. Кітаптардың көпшілігі жапон және ағылшын тілдерінде.

Хостелде түнеу құны — $39. Бұл өзге отельдермен салыстырғанда біршама арзан. Кітап оқу көңілді өту үшін хостелде арнайы сыра сөресі орналасқан.

Кітап хостелі қазіргі уақытта сәтті бизнес-идея болып отыр. Себебі «The book and Bed Tokyo-Kyoto» тек туристердің емес, жергілікті тұрғындардың да сүйікті орнына айналып үлгерген. Мұндай хостел Жапонияның Токио қаласында да ашылған.

Library Hotel

Бұл отель Нью-Йорк қаласында орналасқан. Қонақ үйде кітапхана мен кітап дүкені бар. Отель 12 қабаттан тұрады. Әр қабат әр тақырыпқа арналған. Мұнда барлығы 6 мыңға жуық кітап бар.

Әр тақырыпқа бөлінген қабаттан бөлек, отельде әр тақырыпқа арналған бөліктер де бар. Мысалы: Жазушы кабинеті, Поэзия бақшасы, таңғы асқа арналған оқу бөлмесі және т.б.

Library

Самуи аралы – Тайландтың әдемі жерлерінің бірі. Мұнда клиенттерге ерекше демалыс ұсынатын шипажай бар. Үйреншікті мейрамхана мен барлардан бөлек, қонақ үйде үлкен кітапхана орналасқан. Отель өз тұтынушыларына ерекше демалыс уақытын ұсынады.

Кітапханадан кез келген кітапты алып, оқи аласыз. Идея авторларының айтуы бойынша, демалыс үшін алкогольге қарағанда, кітап тиімдірек. Қонақ үйде кітаптан бөлек, CD және DVD дискілер бар. Оларды клиент өз номерінде тыңдай алады.

«Library» — үлкен бассейні бар шипажайда орналасқан қарапайым кітапхана. Клиенттер интеллектуалды демалыс ұсынатын шипажайға оң бағаларын берген.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!