Дональд Трамп – АҚШ президенті, кәсіпкер, шоумен, тележүргізуші. Ол өз кәсібін жылжымайтын мүлік саласында жүргізеді. Құрылыс конгломераттығының басшысы. Белігілі кәсіпкер өз жетістігіне жету жолында бірнеше қағидаларды ұстанған. Бұл қағидалар кез келген кәсіпкер немесе қарапайым адам үшін пайдалы деп есептейді. Balbal.kz сайты кәсіпкер-президенттің өмірлік қағидалары топтамасын жасады.
Босқа уақыт өткізбеу
Ұнамайтын жұмыста бос уақытты өткізбеген жөн. Қызығушылығыңыз бар салада қызмет ету көбірек пайда әкеледі. Бір салада үлкен жетістікке жету үшін оны шынымен жақсы көру керек.
Жоғары нәтижелерді көздеу
Өзіңізді. қоршаған ортаны таң қалдырыңыз. Алдауды ойыңызға да алмаңыз. Жұмысыңыздағы өз стандарттарыңызды белгілеңіз. Бұл стандарттардан асып кетуіңізді бақылаңыз.
Ойлау ауқымы кең болсын
Трамптың ойлау масштабымен ойлаңыз. Көбірек болса, соншалықты жақсы. Өте аз ойлау немесе кішігірім мақсат қою – өз қабілеттеріңізді шектеу. Адам қаласа ұлы істерді жасай алады.
Соңына дейін шыдаңыз
Соңына дейін шыдамдылық танытыңыз. Алған бетіңізден қайтпаңыз. Көпшілігі тез нәтижеге жеткісі келіп, шыдамсыздық танытады. Бірақ көп жағдайда шыдамдылық таныту пайдалы. Күту үшін темірдей төзім болуы шарт. Әсіресе ұзақ уақыт күткенде.
Білімнің болуы шарт
Білімсіз жетістікке жету мүмкін емес. Ақпарат жинақтаңыз. Оларды өз жұмысыңызда қолданыңыз. Білім алуды ерте кезде бастаңыз және жалғастыра түсіңіз. Оқу мен іздену ойлау қабілетін жақсартады.
Әрекетсіздіктен сақтаныңыз
Жетістіктің дәлелі – әрекет. Әрекет етуді тоқтатпаңыз. Әрекетсіздіктен өзіңізді аулақ ұстаңыз. Кәсіпқойлар әрқашан әрекет етуді жалғастырады. Бір істі алса, мінсіз етіп жасайды. Өздерін жаттықтырып, шеберліктерін арттырады.
Интуициямен дос болыңыз
Интуиция – ең сенімді серік. Өзіңізді тыңдаңыз. Сіздің қайда барғыңыз келетінін тек өзіңіз білесіз. Интуицияға сенім арту үшін үлкен күш керек. Себебі өзгелер қате деген нәрсені интуицияңыз дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Бұл сіздің өміріңіз, сіздің жетістігіңіз, сіздің ақшаңыз.
Сенімділік таныту
Келіссөз кезінде өзгеге қысым жасамаңыз. Тек сенім берсеңіз жеткілікті. Сендіре алу қабілеті келіссөз жүргізудің ең жоғарғы дәрежесі.
Ағысқа қарсы жүзіңіз
Жайлы зона сізді жақсы нәтижеге жеткізбеуі мүмкін. Кедергісі аз жол соңында пайдасы да аз болады. Ағыспен жүзуден сақтаныңыз. Жетістікке жеткіңіз келсе, қиындықтан қашпаңыз. Ағысқа қарсы жүзіп, өз қорқынышыңызды жеңіңіз.
Дайындаған: Назархан Уән