Миллионер

Михаил Лабковский. Табысты әйел

Михаил Лабковский бізге «Қалаймын және боламын» (Хочу и буду) атты кітаптың авторы ретінде таныс.

Михаил Лабковский мәскеулік психолог әрі жазушы, тележүргізуші және радиожүргізушісі, заңгер. Мәскеу Мемлекеттік университетінің «Отбасы және жасөспірімдер психологы» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Сонымен қатар, заңгерлік білімі де бар. Отбасылық заңгер. Михаил Лабковский көп жылдар бойы мектеп психологы және ұстаз болып қызмет етті. Қазіргі таңда отбасы мәселелері бойынша психологиялық дәрістер мен кеңестер беріп жүрген маман. Лабковскийдің жетістікке жеткен адамдар туралы, өзін жақсы көру, бақытты болу тақырыптарында айтқан кеңестері өте көп. Соның ішінде «Табысқа жеткен әйелдер» туралы айтқан сұхбатын бірге оқып, өзімізді өзгертейік.

Табысқа жеткен әйел

Материалық тұрғыдан ештеңеге мұқтаж болмайды. Оның тұрмыс құру, құрмауы маңызды емес. Жетістікке жеткен әйел тұрмыста болса да, оған жолдасы сен үйде отыр деп айтпайды.

Өзін бағалау

Ол ата-анасынан жеткілікті қолдауға ие. Бұл да бір жетістік. Олар саған кез келген уақытта қолдау жасауға дайын тұрады. Әйелдің жетістігі өзін-өзі жақсы бағалаудан басталады. Егер сіз өзіңізді бағаламасаңыз, онда биік жардан құлағалы тұрсыз. Өзін бағалай алатын әйел – қай жерде тұратынын, қай жерде демалатынын өзі шешеді. Әр уақыттан ләззат алады. Табыстың кілті – өзіңді бағалау.

Өзгелердің пікірі

Сені олар мүлдем алаңдатпауы керек. Бір сөзге болсын назар аударсаң, ол өзіңе сенімсіздігіңді білдіреді. Иә, әйел адам болғасын сенің сыртқы келбетің, киінген киімің, мінген көлігің туралы жан-жақтан пікірлер келеді. Оны өзіңе мүлдем жақын қабылдама. Өзіңмен жұмыс істеуді тоқтатпа.

Сырт келбет

Сенің сырт келбетің қалай көрінетіні маңызды емес. Сенің онымен қалай жұмыс істейтінің маңызды. Яғни, күтімің. Өзіңді қаншалықты жақсы көрсең, сенің айналаңда сені солай жақсы көреді.

Михаил Лабковскийдің ELLE сайтына берген сұхбатынан алынды.

Дайындаған: Орынғали Дидар

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!