Ресейлік кәсіпкерлер бизнес ашқысы келетін, бірақ немен айналысатынын білмейтін жандар үшін бірнеше бизнес идея ұсынды. Қазіргі кризис жағдайын ескеріп, кеңестер айтты. Balbal.kz мотивациялық сайты ресейлік кәсіпкерлердің мастер класс, мотивациялық тренингтеріндегі бизнесмендерге арналған кеңестерді жинақтап, материал ретінде дайындады.
«Дымовское шұжық өндірісі», «Суздал керамикасы», «Республика» кітап дүкендерінің желісі және «Рубеж» (кафелер мен мейрамханалар) компанияларының негізін қалаушы Вадим Дымов:
Кеден статистикасы
Импортқа негізделген бизнестен алшақтаңыз. Қарапайым нәрсені қолға алсаңыз болады. Ол үшін кеден статистикасына жүгінуге болады. Қазіргі таңда халық не нәрсені жаппай сатып алады, зерттеңіз. Кризис ештеңені өзгерткен жоқ, сұраныс жойылмайды. Тек сатып алу қабілеті өзгеруі мүмкін, есесіне уақытша ғана.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығымен айналысу керек. Қиыр Шығыс сияқты мекенге барып, 100 гектар жер алыңыз. Соя еккен дұрыс. Кейін оны Қытайға сатасыз. Сүт сатқан да жақсы.
Инженерлік логистика
Шағын қоймада орта және шағын бизнеске қызмет көрсетуге болады. Құрастырушы компоненттерді сатуға болады. Ағаш ұстасы шеберханасын жасап алыңыз. Жиһаздарға жөндеу жұмыстарын жасаңыз.
Олег Тиньков – Санкт-Петербургтегі Техношоктар желісінің және Daria тұшпара брендінің негізін қалаушы. 2003 жылы Tinkoff сыра қайнату компаниясын және 2006 жылы Tinkoff Bank құрды.
Тиньков:
Медицина
БАДтар, диеталық қоспалар, дәрілер, дәріхана, клиника және аурухана секторына назар бұрыңыз. Егер мұндайға инвестиция тартылмаса, онлайн кеңес беру қосымшаларын, гаджеттерге негізделген ұсыныстарды жасай аласыз.
Жаңа Арбаттағы «Метелица» казиносының қожайыны және Trinity Motors автомобиль дилері, Вимм-Билл-Данн компаниясының, Биоэнергетика (шымтезек өңдеу) корпорациясының негізін қалаушы Давид Якобашвили:
Позитивті бизнес
Қазіргі жағдайда ләззат, тыныштық пен қуаныш әкелетін бизнеске назар аударған жөн. Инвестиция салуға өкінбейтін, жағымды эмоциялар бере алатын бизнеске араласқан жөн. Бірден пайда әкелетін жаңа бизнес туралы айту қиын: өкінішке қарай, бүгінде қайта қаржыландыру ставкасы жақсы нәтижеге уәде бермейді. Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев айтқандай «отбасы мен рухани дамуға көңіл бөлетін кез келді».
Rolsen, Parallels және Acronis бағдарламалық қамтамасыз ету компанияларының, сондай-ақ Runa Capital венчурлық қорының құрылтайшысы Сергей Белоусов:
IT бизнес
Білікті жұмыс күші арзандады, адамдар өз жұмыс берушілеріне адал бола бастады. Онымен қоймай жұмысқа шынайы кірісуге даяр. Нәтижесінде кез келген экспорттық бизнес артықшылықтарға ие болды. Ресейде технологияларды дамытып, бүкіл әлемде сататын экспорттық IT бизнесті айтуға болады. Acronis, Parallels және Runa Capital портфолиосының мысалы осыған дәлел. NGINX веб сервері қарқынды дамып келеді. Сондықтан сізге осындай бизнестен бастауға кеңес бере аламыз.
Өзге бизнесті сатып алу
Дағдарыс кезінде үлкен артықшылық – қолма-қол ақшаның болуы, ал оның болмауы – елеулі тәуекел. Дағдарыстан өте алмай көбі бизнесін тастап кетеді. Осы кезде басқа бизнесті арзан сатып алуға мүмкіндік бар.
Ал сіз өз бизнесіңізді сатып жібермеңіз. Қанша қиындық көрсеңіз де, сақтап қалуға тырысқан жөн.
«Руян» компаниясының негізін қалаушы Александр Кравцов:
«Бәсекелестік күшейді»
Егер мықты болсаңыз, кез келген кәсіпті бастай аласыз.
Ресейде рюкзак тігетін жалғыз компания бар, оларда тапсырыс көп. Тамақтану, ішкі туризм – қызық тақырыптар. Қазір жалға беру ұсыныстары көбейіп кеткен.
Шығындардан абай болу керек. Нарықта түбегейлі өзгерістер орын алуда. Жұмыс берушілерге жақсы мүмкіндік туды, бос мамандар көп.
Жұмысшы жалақысын көбейтпеңіз, қымбат жерді жалдамаңыз.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова