Миллионер

Сьюзи Орман: Бай болу да батылдық

Suze Orman фирмасы

Сьюзи Орман — атағы әлемге әйгілі тележүргізуші және продюссер. Сонымен қатар АҚШ-ты мойындатқан қаржы саласының нағыз маманы. Balbal.kz мотивациялық сайты Сьюзи Орманның жетістігі, таңдаған жолы және жүрегі қалайтын іске қалай келгендігі туралы материал дайындады.

Сьюзи Орман кімге алданды?

Сьюзен Линн Орман 22 жасында қалтасындағы бар жинаған қаражатына Ford Econoline көлігін сатып алып, достарымен Батысқа жол тарты. Аз уақытқа Берклиде тұрақтап, даяршы болып қызмет атқарды.

1980 жылы мейрамхана ашу мақсатымен достарынан 52 мың доллар қарыз алды. Ол бұл саладан хабары болмағандықтан, Merriil Lynch өкілдері арқылы қаражатын инвестициялап отырды. Merriil Lynch сол кезеңдері инвестиция мен активті басқаратын америкалық банк болатын. Брокер Орман берген ақшаны сауда опционына салып жібергендіктен, бір-ақ сәтте жоғалтып алды. Тәуекелділікті қажет ететін осындай инвестицияны тек материалдық жағдайы жоғары адамдар ғана пайдала алатын.  Орман менеджер мамандығын меңгеріп, Merriil Lynch клиенттерімен жұмыс істегеннен кейін ғана көп нәрседен үйренді. Сьюзен өзінің ақшасын сеніп тапсырған брокер бұл офистің жоғарғы өкілі еді. Сондықтан оның ешқандай әрекетіне бақылау жасалмайтын.

Орман өз фирмасын қалай ашты?

Оқуын аяқтаған соң Орман осы банкте өз жұмысын жалғастыра берді.  Кейін қызметінен кетуге мәжбүр болды. Себебі Prudential Bache Securities компаниясының вице-президент болып тағайындалды. Төрт жылдан соң ол бұл қызметінен де бас тартты. Бұл кезде Сьюзи Калифорния штатында Suze Orman қаржы фирмасын ашуға шешім қабылдаған еді.

Сьюзидің кітаптары не туралы?

Бүгінгі күні көп адамдар Сьюзи Орманды бірнеше кітаптың авторы, қос ток-шоудың жүргізушісі, қаржы компаниясын басқарушы ретінде қабылдайды. Сонымен қатар ол телевидение саласында қайырымдылық қорына өз үлесін қосып жүрген тұлға.

Сьюзи жазған кітаптардың барлығын да бір ғана ой бар: әйелдер қаржы жағына дұрыс көңіл бөлуі керек, уақыттың тапшылығына қарамастан ақшаға келіп тірелетін сұрақтарға жауап табуы тиіс. Орманның пікірінше, қолыңдағы барға иелік етіп, ақшаның заңдылықтарын және қыр-сырын толық меңгерсең ғана өзіңді тұлға ретінде қалыптастыра аласың.

«Әйелдер және ақша»

«Әйелдер және ақша» кітабында Сюзи мына нәрсені түсіндіруге тырысты: үй шаруасындағы әйелге ақшаға байланысты сұрақтардың қажеті жоқ дейтін надан ойлан аулақ болуымыз керек. Бұл еңбекте бастан-аяқ бес айға құрылған жоспар бар.

Қызықты ақпараттар

1.Сьюзи Орман  «Әйел және ақша» кітабының электронды нұсқасы тегін екенін жариялады. Аз уақыттың ішінде бұл туындыны екі миллионға жуық адам оқыған.

2.Қайырымдылық қорына ақша жинағаны үшін ол Грейс Аллен  атындағы премияның алтауын иеленді.

3.2008 жылы адам құқығын қорғау компаниясынан ұлттық «Теңдік» премиясын жеңіп алды.

4.Сьюзи Орман Time журналының зерттеуі бойынша, «әлемнің 100 ықпалды адамдарының» қатарына кірді.

Сьюз Орманның қанатты сөздері

1.Егер балаңыздың, жолдасыңыздың немесе ата-анаңыздың өмірі сіздің табысыңызға байланысты болса, сіз өзіңізді сақтандыруға тиіссіз.

2.Егер 22 жастағы кез келген адам осы мәтінді оқып отырса, біліп жүріңіз: мен де сіздей болғанмын. Уайымсыз ойнап күлгенмін, өмірден ляззат алуды қалағанмын. Қазір маған қараңызшы, бәрі мен ойлағаннан да керемет.

3.Сәттілік пен билік қалай өмір сүру керегін білетін адамға ғана кезігеді. Үздік болуға барыңызды салыңыз. Сонда жай ғана бақытқа  ғана емес, кез келген шыңды бағындыратын күшке ие боласыз.

4.Мен өзіме басқалардан артық сенемін.              

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!