Миллионер

Өзіңді тәртіпке келтірудің бес әдісі

Жетістікке жеткісі келетін адамдарға кеңес

Жетістікке жеткісі келетін кез келген адам ең алдымен өзінің әрекеттерін бір тәртіпке келтіруі керек. Себебі, жұмыс барысында істелген ретсіз әрекеттер түрлі жағдайлар мен адамдардың ықпалына ұрынғыш келеді. Төменде біз өзіңді тәртіпке келтірудің бес әдісін ұсынып отырмыз.

  • Өзіңізді бақылаңыз

Не істейсіз, қалай тұрасыз, қалай сөйлейсіз, неге бөгелесіз, қалай жүресіз және қалай киінесіз — осының бәріне мән беріп, өзіңізді бақылаңыз. Босаңси бастайтын сәттеріңізді байқаңыз. Артынша бәрін қағазға түсіріп, нені қалай реттеуге болатынын ойластырыңыз. Құрған жоспарыңызды өміріңізге енгізіңіз.

Үйде, жұмыста немесе жаттығу залында жүрсеңіз де әрдайым өзіңізді сенімді ұстап, айналаңызға энергия таратып жүріңіз. Сізден шыққан энергия, өзіңізге еселеніп қайтып келеді. Түр-әлпетіңіз де 100 пайызға күтілген болғаны дұрыс. Өз стиліңізді қалыптастырып, соны ұстаныңыз.

Сүйкімділігіңіз жайлы ойлаған сайын, ол еселене түседі. Айнаға жиі қараңыз, камера алдында жұмыс істеп дағдыланыңыз. Видеокүнделік жүргізіп, мимикаңызды, сөйлеу мәнеріңізді ретке келтіріңіз.

  • Ұйқыны қалыпқа келтіріңіз

Біздің күндегі өнімділігіміз таңертең қалай оянғанымызға байланысты. Сағат сегізде оятқыштың дыбысынан кейін әрең тұрып, түн ортасына дейін ұйықтамай жүретіндердің қатарынан болсаңыз, бұл әдетті тастаңыз. Ұйқыны бір ретке қойыңыз. Өйткені, оның маңызы зор. Ұйқысы реттелмеген адамның күні де дәл солай ретсіз өтеді.

Таңертең тұрып, міндетті түрде су ішіңіз. Кешке жатарда жеңіл жаттығу жасаңыз.

  • Айналаңызды реттеңіз

Айналаңызда барлық нәрсе ретті болуын қадағалаңыз. «Әр зат өз орнында, әр әрекет өз уақытында» — осы сөздері ұран етіңіз.

  • Өзіңізді басқаруды үйреніңіз

Тәртіптің басты қағидасы — өзіңді басқара білу. Сіз қандай жағдайда өзіңізді басқара алмайтыныңызды анықтаңыз. Бәрін маңыздылығы бойынша өсу реттілігімен жазып шығыңыз. Кейін сол реттілікке сай жаттығу жасаңыз. Мысалы, сіз балмұздақ көргенде өзіңізді басқара алмай, жеп қоя бересіз делік. Өзіңізді басқаруды үйрену үшін бір апта балмұздақтан бас тартыңыз. Тапсырманы қиындатып, балмұздақ жейтін адамдардың жанында жүріңіз, дүкенге кіріп, балмұздақ сататын бөліміне барыңыз, тағысын тағы.

  • Жоспарға сай жұмыс істеуге дағдыланыңыз

Өзіңізге аса қиын бір тапсырма алып, сол тапсырманы орындау жоспарын жасаңыз және орындаңыз. Қанша қиналсаңыз да артқа шегінбеңіз. Сіз оны міндетті түрде орындауыңыз керек, басқа жол жоқ. Бір күнде үлгермейсіз бе? Қажеттінің барлығын істеп бітпейінше, басқа істерді қоя тұрыңыз.

Бұл тапсырма өте қиын, себебі өзіңді сатып кетуге болмайды. Осыны жасап болған соң, күш қуатыңыз артып, көп нәрсені істей алатыныңызды біліп, бойыңызды мақтаныш сезімі билейді. Себебі барлық шектеулер тек өзіңіздің қиялыңыз екенін түсінесіз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!