Миллионер

Зиг Зиглар кім және оның кітабы 30 жыл бойы неге бестселлер?

Зиг Зиглар айтқан кеңестер

Зиг Зиглар – жазушы, сату маманы, дәріс оқушы, спикер. «Zig Zaglar» компаниясының негізін қалаушы. Оның әдісі барлық бизнес-тренингтерде қолданылады.

Өмірбаяны

Зиг Зиглар 1926 жылы АҚШ-тағы Алабаме штатында дүниеге келген. Отбасында он екінші бала. 5 жасында отбасымен бірге Миссисипидегі Язу қаласына көшеді. 6 жасында әкесінен, 8 жасында әпкесінен айырылады.

Жеке өмірі

1644 жылы Миссисипи штатындағы Джексон қаласында болашақ жары Джинмен кездеседі. 1946 жылы үйленеді. Сьюзан, Том, Синди, Джули есімді балалары болады.

Мансап жолы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде теңіз әскерінде қызмет етеді. 1947 жылы колледжді тастап кетеді. Оңтүстік Каролинадағы Ланкастер қаласына көшіп келеді. Осында «WearEver Cookware» компаниясында сату ісімен айналысады. Қызметін мінсіз атқарады. Тіпті дәріс оқуға шақыртулар алады. Спикер ретінде өнер көрсетуге қызығушылық танытады. Компания мақсаты – сатушылар имиджін семинар арқылы көтеру. Зиглар спикер ретінде өнер көрсетіп жүреді. Сонымен қатар «Mary Kay» компаниясының сату қызметін атқарды.

1968 жылы Техас штатындағы Даллас қаласында «Automotive Performance Group» автомобиль шығаратын компанияның вице-президенті болып тағайындалады.

Алғаш рет «See you at the top» кітабын жазып шығады. Бизнесмендер арасында үлкен танымалдылыққа ие болады. Үлкен тиражбен сатылып, бестселлерге айналады. Сатып алушылар қарқыны 30 жыл бойы төмендемеді.

Көпшілікке Зиг Зиглар атымен танылды. Бірақ шын есімі – Хилари.

Мансап жолында 25 кітапты жазып шығады. Кітаптары көшбасшылық, өсу және даму, сенім сияқты тақырыптарға жазылған. 10 кітабы әлемдік бестселлерге айналды. Зиг Зиглардың дәрістерін әлемнің 40 тіліне аударылған. Сабақтарын тыңдайтын студенттер саны 300 мыңнан асады.

Кітаптары

See you at the top (Жоғарыда кездескенше)

Кітап мотивация және психология жайлы. Өмірлік ұстанымды құруды үйретеді. Қиыншылықтарға мойымай, ары қарай жалғастыруды айтады. Жеке және кәсіби саладағы қабілетіңізді арттыру жолын көрсетеді.

Кітаптан алынған цитаталар:

Көлігіңізге ұқыпты қарасаңыз, сізді кез келген жерге апаратыны белгілі. Осы сияқты өз-өзіңізді бағалап, жан дүниені байытсаңыз, мақсатыңызға жетесіз.

Өмірде барлығына қол жеткізе аласыз, егерде сіз басқалардың қалағанына қол жеткізуге көмектессеңіз. Жаңа ортаға баруды жоспарламасаңыз, онда сіз ол жаққа ешқашан жете алмайсыз. Жоспар құрыңыз, жоспар бойынша әрекет етіңіз, өзіңізге сенімді болыңыз. Зиглар табысқа жету жолын 3-ке бөледі. Физикалық, ақыл-ой және рухани.

Secrets of making deals (Мәміле жасаудың құпиялары)

Маркетингтің тиімді әдістерімен танысуға мүмкіндік береді. Америкалықтар «сатушыларға арналған №1 Інжіл» кітап деп атайды. Кез келген өнім, қызмет, идея, білімді сатқысы келетіндер үшін пайдасы тиері сөзсіз.

Сатушы сатып алуды сұрамайтындықтан сәтсіздікке ұшыраймыз.

Қажеттіліктің болмағандықтан, ақшаның жетіспеушілігінен және сенім жетіспегеннен адам сатып алмайды.

Көбінесе «жоқ» деп айтатын клиент «маған көбірек айтыңызшы» дегісі келеді.

Егер сіз сатушы кәсібін толық игергіңіз келсе, әр жағдайда сатушы және сатып алушы ретінде ойлауыңыз керек.

A view from the top (Жоғарыдан қарау)

Зиг Зиглар табысты өмір сүруді үйретеді. Жетістікке жету алдымызға қоятын міндеттердің бірі екенін айтады. Білім мен қабілетіңізге сүйене отырып, бастаған істі соңына дейін жеткізуді үйретеді.

Егер сіз жеңілістен сабақ алған болсаңыз, демек ештеңе жоғалтқан жоқсыз.

Әлемде күлімсіремейтін адамнан асқан кедей жан жоқ.

Адам уақыттың жетіспеушілігіне шағымданады, дегенмен нақты мәселе дұрыс бағыттың таңдалмауында.

Бүгінде «Zig Ziglar» компаниясының басшысы кім?

Майкл Рэй Ньюман – ондаған компанияны сатып алған және сатқан кәсіпкер. Бүгінде «Zig Ziglar International» компаниясының бас директоры.

Зиг Зиглардың цитаталары

Бір істі бастамас бұрын ұлы тұлға болудың қажеті жоқ. Ұлы тұлға болу үшін істі бастауыңыз қажет.

Табыс – уақытпен келетін дүние.

Алдыңыздан кедергілер шыққанда бағытыңызды өзгертіңіз. Бірақ мақсатқа жету ойыңыздан айнымаңыз.

Сіздің өткеніңізден гөрі болашағыңызды жоспарлау маңызды.

Адамды екі дүние анықтайды: ештеңе болмаған кездегі шыдамдылық және барлығы болған кездегі мінез.

Өлімі

2012 жылы 28 қарашада Техас штатындағы Плано ауруханасында пневмониядан қайтыс болады.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!