Психология

Үнсіздікті пайдаланып адамдарды басқарудың жолдары

Үнсіздік – әлеуметтік қарым-қатынастағы мықты қару, себебі үндемеу үнемі келісуді білдірмейді және мұны өз қызығушылығыңызға пайдалануыңызға болады. Ол қалай? Балбал порталы арнайы кеңестер мен нақты дәлел келтіре отырып, үнсіздіктің тиімді тұстарын, үндемей-ақ айналамыздағы адамдарды басқарудың жолдарын оқырманға ұсынады.

Қандай сәтте үндемеген пайдалы?

Сан ғасырдан бері үнсіздік талай ыңғайсыз жағдайдан құтылуға себепші болды. Қазақта «үндемген үйдей бәледен құтылады» деген сөз бар. Мысалы,  біз қойылған сұрақтың нақты жауабын білмесек немесе қисынсыз сұраққа жауап бергіміз келмеген кезде үндемейміз. Бұл жерде естімеген кейіп танытып, үндемей қала аламыз.

Кейде үнсіздік біраз сұраққа жауап береді. Сіз өз ойыңызды, жаңа идеяларыңызды айтып болған соң, тыңдаушының пікірін, түйгенін білу үшін оған тесіле қарай аламыз. Ол сол сәтте үнсіздікті жою үшін өз пікірін, ойын ортаға салады. Сонда әңгіме бір жақты болмайды.

Әсіресе бір ауыз сөзге тоқтай алмайтын, ұрыскеріс іздейтін кісілердің жанында ауыз ашқаннан үндемген тиімді. Сөз түсінбейтін болса, несіне шығындаласыз? Эмоция үстінде біраз жағымсыз сөз айтылуы әбден мүмкін.

Үнсіздіктің зиян тұстары қандай?

Саясатта үнсіздік даналықтың бауыры саналады. Алайда жеке басыңызға тіл тигізіп, орынсыз сөздер айтып жатса, үндемей қалу қате шешім. Сіз өз пікіріңізді айтып, ойын өзгертуге тырысуыңыз керек. Себебі әңгіме сіз жайында болып жатыр.

Жақын қарым-қатынаста үнсіздік «кек алу» үшін тиімді құрал емес. Арадағы үнсіздік екі адамды алшақтатып жібереді. Адамды байқамағандай болып, сөзін елемесек, адам жанына ауыр соққы  болады. Мұндай жағдайда айғайлап, сынап мән-жайды анықтау да жақсы нәтиже береді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close