Психология

Мақсатыңды 5 минут ішінде қалай анықтауға болады?

Мақсатыңды 5 минут ішінде анықтауға көмектесетін 5 сұрақ

Мақсатыңды  5 минут ішінде анықтауға болады десек, сенер ме едіңіз? Белгілі америкалық продюсер Адам Лейпциг мақсатыңды 5 минуттың ішінде айқындауға көмектесетін өте қарапайым әдісті ұсынады.

Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде сыныптастарымызбен мектеп бітіргеніміздің 25 жыл толуын атап өткен болатынбыз. Әуен, би барлығы керемет. Сауық кешіндегі шудан құлағымыз тұнып, бірнеше адам сыртқа шықтық. Бір-бірімізбен әңгімелескіміз келді. Өйткені біз үшін 20 жылдан аса уақыт көрмеген жолдастарымызбен сөйлесу маңызды болатын. Достарыммен сөйлескеннен кейін мен өзім үшін жаңалық ашқандай болдым. Өйткені, олардың 80%-ның өмірге көңілдері толмайтынын сөздерінен байқауға болатын еді.

Олардың барлығы бір сөзбен:  «Мен өмірімнің тең жартысын босқа өткізген сияқтымын», — деді. Қалғандары: «Менің өмірге не үшін келгенімді білмеймін», — десіп жатты. Ал менің дәл осылай айтып отырған сыныптастарым бай-қуатты тұратын еді. Бірі ең танымал оқу орнында жұмыс істейді, бірінің өз кәсібі бар, бірі беделді компанияның заңгері, бірі ауыл шаруашылығын дамытып отырған фермер осы сынды басқа да кәсіп иелері болатын. Бір емес қос-қостан үйлері бар. Ешқайсысы тіршілікте таршылық көрмеген. Бірақ өмірді босқа өткізіп, өкінулеріне не себеп? Неге 80%-ы өмірге риза емес?

Олар оқыды, тәжірибе жинақтады, түрлі курстарға қатысты. Бірақ нәтижесіз. Әлі де өмірге не себепті келгендерін білмейді. Сол себепті бай бола тұра бақытсыз. Ал жолы болған 20%-ы кімдер? Солар туралы айтайық.

Өйткені олар 5 нәрсені анық білді.

Менің бақылауым бойынша, тағдырына риза  20%-дың әрқайсысының өмірде нақты мақсаты болған. Өйткені олар 5 сұраққа жауап беріп, 5 нәрсені анық білді.

  1. Олар өздерінің кім екенін;
  2. Олар не істегенін;
  3. Кім үшін істегенін;
  4. Олар нені қалады және нені қажет еткенін;
  5. Олар одан не алды және нәтижесінде өзгелер үшін қалай өзгергендерін білді.

Мақсатыңды анықтау қиын сияқты көрінеді. Бірақ оның ешқандай қиындығы жоқ. Қазір 5 минуттың ішінде өз мақсатыңызды анықтай аласыз десем, сенер ме едіңіз? Мақсатты айқындаудың жолын көрсететін әлемде миллионнан астам кітап бар. Өмірге келгендегі мақсатын білмей кеткен адамдар көп. Егер сіз өмір бойы тек зерттеумен жүрсеңіз, сіз өмір сүріп жатқан жоқсыз.

Дәл қазір мақсатыңызды біліңіз. Ол үшін жоғарыда айтылған сауалдарға жауап беріп, жазып қойыңыз. Енді осы сауалдардың барлық жауаптарын  «Мен кіммін?» деген сұрақтың жауабына біріктіріңіз. Байқасаңыз, 5 сұрақтың ішінде тек екі сауал ғана сізге қатысты, қалған үшеуі айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңызға бағытталған. Өйткені, мақсатты айқын адам өзіне ғана емес, өзгелерге не керек екенін біледі. Өзгелер бақытты болса, өзінің де бақытты боларына сенеді.

Осы 5 сұраққа жауап беру арқылы, 5 минутта мақсатыңызды айқындауыңызға болады.

Жаңа ортаға келгенде, немесе бір адаммен танысқанда бірінші қойылатын сұрақ — «Сіз немен айналысасыз?». Біреулер үшін бұл сұраққа жауап беру қиын. Өйткені мақсаты айқын болмағандықтан күмілжи бастайды. Мақсатың белгілі болғанда бұл сауалға қалай жауап беру керек?

Мысалы, сіз балаларға арнап кітап жазасыз делік. Мамандығыңыз – жазушы. Сіздің немен айналысатыныңызды білгісі келген жаңа танысыңызға жай ғана «Жазушымын» деп жауап берудің орнына былай деңіз: «Мен әрбір сәби ұйқыға жатқанда жақсы түстер көруі үшін балаларға арналаған кітаптар жазамын». Егер сіз киім дизайнері болсаңыз, «Мен әлемге әдемілік сыйлаймын» деңіз. Сіздің өмірдегі мақсатыңыз айқын. Өмірге белгілі бір миссияны орындау үшін келдіңіз. Және сіздің кім екеніңізді айқындайтын бір ауыз тіркес, сізді өзгелерге қызықты етеді. Өйткені, сізбен сөйлесіп отырған адам міндетті түрде «Сонда балалар жақсы түс көруі үшін қандай кітаптар жазасыз?», — деп сұрайды. Ары қарай қалай жауап беретініңізді жақсы білесіз. Және сіз мақсаты анық адам болғандықтан бақытты өмір сүресіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!