Психология

Мюнхгаузен синдромы немесе аяушылық сезіміне зәру жандар

Мюнхгаузен синдромының пайда болуы себептері

Мюнхгаузен синдромы дегеніміз – өзін ауру, мүсәпір көрсету арқылы жұрттың назарын аудару. Өз мәселесін айтып, шағымдана беретін адамдарды байқаған боларсыз. Бұл синдромды қолға алмаса, салдары жаман болады. Balbal.kz мотивациялық сайты Мюнхгаузен синдромының пайда болу себептері мен одан қалай құтылу керектігін материал ретінде дайындады.

Мюнхгаузен синдромы

Мюнхгаузен синдромы – басқалар аяушылық сезімін білдіру үшін өзін ауру қылып көрсететін психологиялық ауытқу. Әлемнің әр 10-шы адамда осы синдром байқалады екен. Ойдан симптом шығарады. Тіпті назар аударту үшін әдейілеп өзін-өзі жарақаттайды. Олар жазылуға тырыспайды, керісінше аура бергісі келеді.

Америкалық ғалымдар Мюнхгаузен синдромы бар науқастың болжалды психологиялық портретін жасады:

Ауру екенін дәлелдеуге тырысады;

  • Медицинадан хабары бар және ауру түрлерін көп зерттейді;
  • Интеллект деңгейі орташа немесе жоғары;
  • Қамқорлық пен қарым-қатынасты қажет етеді. Өзгенің пікіріне, назарына тәуелді;
  • Ашуланшақ, агрессивті, мазасыз;
  • Өзімшіл;
  • Өзін-өзі дұрыс бағаламайды (шамадан тыс жоғары немесе төмен);
  • Инфантилизм;
  • Өтірік айтуға бейім;
  • Өзіне-өзі зиян келтіретін мінез-құлық.

Термин неге олай аталды?

Синдром Рудольф Эрих Распенің әдеби шығармасындағы кейіпкерге байланысты аталған. XVIII ғасырдағы неміс тектес орыс кавалериялық офицері, барон И.К. фон Мюнгхаузен. Кейіпкер жұрттың назарын аударғысы келеді.

 «Мюнхгаузен синдромы» деген терминді 1951 жылы ағылшын эндокринологы және гематологы Ричард Ашер енгізген. Ол Lancet журналында ауыр симптом ойлап табуға немесе ауруға бейім науқастардың мінез-құлқын сипаттаған. Бұл аурудың синонимі бар: «кәсіби пациент» синдромы, «ауруханаға тәуелділік».

Синдром типі

  1. Ипохондриялық тип

Мұндай кезде ол аса білінбейді. Жұртқа шағымдануға бейім болады, өзін аяйды. Мәселені үлкейтіп көрсетуге тырысады.

  1. Сенімді Мюхгаузен

Бұл кезде адам өзін ауру етіп көрсетеді. Өтірік синдром ойлап табады, әдейі жарақаттайды.

Британдық Венди Скотт өтірік аурумын деп 42 хирургиялық ота жасатқан, 600 рет ауруханаға жатқан. Оның өзін ауру етіп көрсеткені сонша, дәрігерлер де не болғанын түсінбеген.

  1. Делегациялық тип

Ең қауіпті түрі. Бұл кезде адам өзінің қамқорлығындағы баланы не кәрі адамды өтірік ауру етіп көрсетеді. Сол арқылы өзін қамқор, жақсы адам ретінде көрсеткісі келеді. Осы туралы «Акт» («The Act») телехикая шыққан. Бұл Джипси Бланчард атты қыздың шынайы өмірінен алынған. Анасы оның мүгедек екеніне сендіріп, қинап келген.

 

Бұдан қалай құтыламыз?

Бұл кішкентай кезде ата-ана махаббаты, қоғаммен қарым-қатынас жетіспегенде пайда болады. Адамға ешкім назар аудармайтындай сезінеді. Ол сезімнен құтылу үшін адам өз-өзімен жұмыс істеу керек.

 

Бірінші қадам жасаудан қорықпаңыз

Энтузиазм білдіріңіз. Дос табу үшін дос бола білу керек. Адамға назарыңызды аударыңыз. Шынайы ынтаңызды көрсетуге ұялмаңыз.

Сұрақ қойыңыз. Оның өміріндегі оқиға туралы сұраңыз: «Сен қандай шешім қабылдадың?», «Бұл қашан болады?», т.б.

Өзгенің қуанышына ортақтаса біліңіз. Оны құттықтаңыз: «Мен сіз үшін өте қуаныштымын». Адамдар назар аудару үшін аяушылық сезім тудырудың қажеті жоқ екенін түсінесіз.

Адамдардың жақсы қасиетін көре біліңіз

Артықшылығын табыңыз. Бұл кісі сізге не істеді? Нақты жауап беріңіз.

Мәселесін шешуге көмектесіңіз. Оны не толғандырады?

Мықты тұсын анықтаңыз. Сол мықты тұсы үшін алғыс айтыңыз.

Осы арқылы өмірдің тек жақсы жағын көруді үйренесіз.

Өзіңізге сұрақ қойыңыз

Соңғы күндері мені не бақытты етті?

Алдағы екі аптада не істегім келеді?

Соңғы уақытта жасаған таңқаларлық іс

Жанашырлық жетіспегенде осы амалды қолданыңыз:

Екі қолыңызды жүрек аймағында кеудеге қойыңыз. Қолыңыздың жылуын сезініп, үш рет терең тыныс алыңыз.

  1. Өз мәселеңізге назар аударыңыз. Қандай сезімде тұрсыз? Жеңілдеу үшін қандай жылы сөз естігіңіз келеді?
  2. Сіз өзіңіздің досыңыздың немесе жақын адамыңыздың қайғы-қасіретін жеңілдетуге тырысқандай, осы азапты жеңілдетуге ниет етіңіз.
  3. Сіз қиналғанда жалғыз емес екеніңізді мойындаңыз. Бұл — адамзат тәжірибесінің бөлігі. Бәрінің де басында қиындық болады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!