Психология

«Үздік оқушы» синдромы туралы не білеміз?

Синдромның салдары мен зияны

Үздік оқушы — үнемі бестіктер алатын ұқыпты, тәртібі үлгілі жан. Сізге таныс жағдай ма? Ал үнемі үздік оқушы болуға тырысу психологиялық зардаптар да әкелу мүмкін. Назарларыңызға үздік оқушы синдромының салдарын және одан құтылу жолдарын ұсынамыз.

«Үздік оқушы» синдромы деген не?

Психологтар бұл синдромды адамның үнемі жоғары нәтижелерге ұмтылуынан туындайды дейді. Мектеп, үй жұмысы немесе мансап болсын. Мұның бәрі бастауыш сыныптан басталады. Бала ата-аналарын жоғары бағамен қуанту үшін көп тырысады. Мұның не жаманы бар? Ақылды, үздік болу жақсы, бірақ мұндай шектен тыс ұмтылыс адамның өзін-өзі жоғалтуына әкелуі мүмкін. Үздік оқушыдан мінсіз студентке, одан ересек оқушы кейпіне енеді. Бар қиындықтар осы кезде көрініс табады.

«Үздік оқушы» синдромы қайдан пайда болады?

Бұл отбасылық қарым-қатынас пен тәрбиеге байланысты. Баласының сабаққа тыңғылықты дайындалатын және өзін жақсы ұстайтын үздік оқушы болғаны ата-аналар үшін қуаныш. Бірақ кейде олар тым көп нәрсені талап етеді. Сол үшін балада мынадай көзқарас қалыптасады:  «Егер мен үздік болсам, ата-анам мені жақсы көреді» Ата-ананың сүйіспеншілігін арттырудың бір әдісі — барлық сұраныстарды 100%-ға орындау. Ана мен әкенің назарын аударады.

Ата-аналар бала арқылы өздері жете алмаған нәрсеге қол жеткізуге тырысады. Осылайша өзін-өзі қанағанттандырады, сенімді бола бастайды.

Синдромның салдары қандай?

Жасық балаларды «біз сені жақсы көреміз, егер …» қағидасымен тәрбиелесе, олар өз пікірлерінен бас тартады. Өздерінің жеке басын, пікірін, қалауы мен қажеттіліктерін жоғалтады.

Синдром сынды қабылдай алмау, барлық жағдайда мінсіз болуға деген ұмтылысты тудырады. Бұл жүйке жүйесінің жұқаруы мен тұрақты күйзеліске әкелу мүмкін.

Жоғары нәтижеге жету үшін синдромы бар адамдар жеке уақытын, демалысты және жақындарымен қарым-қатынасты құрбан етеді. Тіпті жаңа нәрселерді көруден және өздеріне үлкен мақсаттар қоюдан бас тартқан. Өйткені керемет нәтижеге жетпеймін деп қорқады.

Синдромның пайдасы

Бірақ сіз бұл перфекционизмді ауру деп ойламаңыз. Оны жақсы жаққа қолдануға болады. Егер сіз осы сапаны шебер басқаратын болсаңыз, онда сіз өз өміріңізде барлық шектеулер мен қиындықтарсыз жетістікке жете аласыз. Себебі жауапкершілік, тапсырмаларды орындауда ұқыптылық, мерзімге бағыну сияқты қасиеттер мектеп жылдарында да, студенттерде де, жұмыста да жоғары бағаланады.

«Үздік оқушы» синдромын қалай басқарамыз?

Синдромнан түпкілікті құтылу мүмкін емес. Бірақ егер бұл жағдайдың түпкі себебін білсеңіз, оны бақылауда ұстай аласыз. Психологтар нақты себепке қарамастан қолдануға болатын бірнеше әмбебап әдістерді көрсеткен:

Өміріңізге қате элементтерді қосыңыз. Қосымша міндеттерден арылуға тырысыңыз. Пәтерді бір рет жумай-ақ қойыңыз. Сол кезде демалуға көбірек уақыт қалады және барлығын мінсіз қыламын деген ойлардан арыласыз. Бір жуылмаған стақан сіздің әлеміңізді немесе достарыңызбен қарым-қатынасыңызды бұзбайды.

Жауапкершілікті ысыруға үйреніңіз. Көршілердің орнына жатақхананы жуу, әріптестер үшін маңызды жұмыстарды аяқтаудың қажеті жоқ. Артық жауапкершіліктен құтылыңыз. Әркім өз міндеттерін өзі орындайды.

Өзіңіздің қателесуіңізге жол беріңіз. Қателік жасауға құқығыңыз бар. Сол үшін жаңа нәрсені үйренуді бастаңыз: би билеу, шет тілін үйрену, жаңа хобби табу. Осылайша сіз өз арманыңызды жүзеге асырып, қателіктің жаман емес екенін түсінесіз..

Сын қабылдап үйреніңіз. Сынды қатаң ескерту, сөгіс немесе қорлау ретінде қабылдамаңыз. Егер сіз оны жұмысыңызды жақсартуға көмектесетін пайдалы кеңес ретінде қабылдасаңыз, оның керек екенін ұғасыз.

Дұрыс жоспарлаңыз. Екінші жоғары білім алу, шет тілін үйрену, жұмыста жетістікке жету және бір уақытта көлік айдап үйрену өте қиын. Бұған жол бермес үшін мақсатты алдын-ала бөлген дұрыс.

Қарапайым болыңыз. Бақытты болу үшін мінсіз болудың қажеті жоқ. Өзгенің мақтауына құмар болмаңыз. Кейде адамдар қатты күш салмай-ақ жетістікке жетіп жатады. Соларға зер салыңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!